Адам қай жастан бастап қартаяды?

0
834
Иллюстрация: Freepik.com

Қызық сұрақ. Қартаю адамда алпыстан асып, жетпіске жақындағанда орын алады дегіміз келеді. Бірақ ғалымдар олай емес дейді.

Зерттеушілер қартаю мен оны мейлінше кейінге шегеру туралы ізденген екен. Қорытындысына көз жүгіртіп көріңіз:

Мамандардың есебінше, адам орта есеппен 28 жастан кейін қартая бастайды екен. Осы жаста бет терісі баяғыдай балғын емес, тері шаршаңқы көрінеді. Көз айналасына ұсақ әжімдер түседі. Өйткені осы кезеңде отбасын құрып, кішкентайларды тәрбиелеу немесе жайлы да тұрақты жұмыс орнын тауып, карьерасын қалыптастыру сынды күрделі өзгеріс кезеңі жүріп жатады.

Содан адам күйзеліске көп түседі.
Дегенмен қартаю әр адамның жеке ерекшеліктеріне: оның өмірлік ұстанымына, қоршаған ортасына, жеке қасиеттері мен мінез-құлқына, айналысатын ісіне, немен және қалай, қашан тамақтанатынына, тағы басқа да жайларға тікелей байланысты. Оны бәсеңдету өз қолыңызда.

Ол үшін: Бет терісіне дұрыс күтім жасау керек. Тазалау, косметикалық құралдар қолданудан бөлек бетке массаж жасап тұрудың маңызы мол. Күйзеліске түсіп, ашуға берілмеуге тырысу керек. Мұны жас 25-ке жеткеннен бастай беру керек.

Алдағы бес жыл бет күтіміне ерекше мән беретін жылдар. Елуге жеткенде де жастық қалпыңызды сақтаудың басы осы жастан басталады.

Ал 30 жастан асқан соң қартаю процесі тездете түседі. Кешегі бір-екі сызықтың қалай еселеніп кеткенін байқамай да қаласыз. Бет терісінің өлі клеткалары көбейіп, сыртқа шығып, түріңізді шаршаңқы көрсетеді. Әжімдер кеше ғана маңдайыңызда ғана болса, енді мұрын мен ауыздың маңайына да пайда болғады.

Терісі құрғақ, арықша келген әйелдерге әсіресе мимикалық әжім ерте түседі. Сондықтан 30 жастан бастап аптасына бір рет бетке түрлі құнарлы витамині бар маска жасап тұру керек.

35 жаста косметологпен кеңесе отырып, бет терісіне лайық тыныштандыратын, нәрлендіретін, тазартатын және тартатын косметикалық құралдар қолданыңыз. Кремдердің құрамында С витамині болуын қадағалаңыз.

Сонымен қатар оттекті косметика қолданған жөн. Массажбен қатар пилинг, лифтингтің де көмегіне жүгініп көруге болады.

Осы амалдар адамдарды ерте қартаюдан сақтайды екен.

Басқа материалдар:

  1. Жалпы медицина маманы болу үшін… Медицина ғылымының салалары?
  2. Аударма ісі маманын оқытатын университтер
  3. Журналистика және репортер ісін таңдаған түлек білуі қажет мәлімет
  4. Талапкер назарына: Социолог деген кім?
  5. Мұнай газ-ісі мамандығы және жұмысқа орналасу мүмкіндігі
  6. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  7. SMM маманы деген кім?
  8. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  9. Есте сақтау қабілетін арттырудың 7 құпиясы
  10. Ұстаздарға арналған тренинг: «Педагогтардың кәсіби жануы»
  11. «Көтеріңкі көңіл-күй-жанға қуат береді» сергіту тренингі
  12. «Сәттілік серік болсын» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ