Талапкер назарына: Социолог деген кім?

0
4292
Freepik.com

Социология — қоғам айнасы, қоғамның барлығы дерлік, оның ішінде саяси элиталар айнаға көп қарағанды жақсы көрмейді.

Қоғамды бір жүйе ретінде қарай отырып, социология оның барлық тұстарын ашады. Қазір біздің қоғамда социологияның қайта туу уақыты, өйткені бәрімізге белгілі 20-жылдардар мен 80-жалдар аралығында социологияны оқытуға тыйым салынған болатын. Бұл социологиның өзекті мәселелерін зерттеулеріне теріс әсер етті. Қазақстанда 1980 жылдардан бастап қана социология оқытыла бастады.

Бұл мамандыққа еліміз бойынша 13 ЖОО-ны қабылдайды.

2020 жылғы жалпы конкурс бойынша минималды өту балы — 87.

Социолог деген кім?

Ең алдымен ақпараттты тек жинап қана қоятын емес, сонымен қатар оны сауатты талдай білетін ақпарат бойынша маман.

Ол қоғамның ауруын емдейтін дәрігер. Ол алдымен диагноз қояды, кейін не істеу керек екенін айтады. Сол сияқты барлық дерлік салада жұмыс істейді.

Социолог қалай ойлайды?

Социологтың ойлау стилі ерекше, нақты, анықталған. Қарапайым көшеде жүріп бара жатып әлемді ерекше көзқараспен көреді. Ол үшін сыныптасын кемсіткен балалар- топтан ұжымдық шеттету мысалы, кедейдің ауруын емдеуге ақша сұрап тұруы- қоғамдағы әлеуметтік әділдік туралы қөзқарасты мобилизацилау мүмкіндігі, т.б.

Ол не істей біледі?

Білім: статистика және әлеуметтік теория, компьютер, құқықтың кейбір салалары, экономика, политология, тарих, әлеуметтік политика, психология.

Дағдылары мен ерекшеліктері:

-аналитикалық, критикалық ойлау;
-ақпаратты іздей білу, мақсатты өз бетімен қою және оны шешу;
-коммуникативті дағдылар;
-қисынды,сапалы, объективті мәтінді жаза білу;
-өзін басқа әлеуметтік рөлдерде қоя білу қабілеттілігі;

Ол қалай жұмыс жасайды?

Социолог тек сұрауды қолданбайды, ол:
— (журналисттер секілді) формалды,диктофонға жазып алу арқылы немесе сенімді әңгіме жүргізу ретінде интервью ала алады,
-фокус-группа жүргізеді (ток-шоулардағы секілді бірнеше адамдармен әңгіме)
-құжаттарды немесе басқа да жазбаша ақпарат көздеріне анализ жасайды (тарихшы секілді)
-бақылау жүргізеді (барлаушы секілді), тағы да басқа қызықты әдістерді қолданады.

Әлеуметтану мамандығын таңдаған болсаңыз,  онда  осы бағдарламаның негізінде сіз қоғам туралы қолданбалы ғылымның классикалық негіздерімен, әлеуметтік және саяси процестердің механизімдерімен, сайлау алдындағы күреспен және сайлаушылармен жұмыстың ерекшеліктерімен танысып, мемлекеттік билікті, оған қатысуды, нарықты түсініп, сауатты менеджер бола аласыз.

Алған біліміңізді :
— Мемлекеттік қызметте (ҚР Президентінің әкімшілігінде, Министерстволарда, Әкімшіліктерде);
— Оқытушылық және әкімгершілік қызмет саласында;
— Әлеуметтік технологтар мен менеджерлер ретінде;
— Ірі бизнес пен ғылымның жаңа салаларының маркетологтары мен зерттеушілері ретінде;
— PR- компанияларда, халықаралық жобалар мен кадрлық қызметте жүзеге асыра аласыз.

Бұл мамандықты таңдау арқылы сіз алған біліміңізді қызметтің келесі салаларында жүзеге асыра аласыз: 

-Мемлекеттік, мемлекеттік емес мекемелер менхалықаралық қорлардың мамандары ретінде;
-Әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің (халықты жұмыспен қамту орталығы, -Әлеуметтік бейімдеу және реабилитация орталығы, жеткіншектер мен балаларға -Әлеуметтік көмек көрсету орталықтары және т.б) қызметкерлері ретінде;
-Халықаралық жобалар мен ұйымдарда;
-Әлеуметтік саясат және халықты қорғау Департаменттерінің эксперттері мен кеңесшілері ретінде.

Бұл мамандықты таңдау арқылы сіздің мынандай мүмкіндігіңіз бар:

-Өзіңіздің алғашқы қажетті затыңызды сатып алуға ақша табуға;
-Әртүрлі мәдениетпен танысуға;
-Көптеген адамдармен танысуға;
-Халық алдында сөйлеу дағдысын қалыптастыруға;
-Сайлау кезінде депутаттың немесе әкімнің жеңіп шығуына көмектесуге;
-Адамдар қатынасына әсер етуге;
-Жанжалдарды болдырмауға және уақытты үнемдеуге.

Дереккөз: Surak.baribar.kz


ПІКІР ҚАЛДЫРУ