«Сылдыра соңғы қоңырау» атты салтанатты саптүзеу

0
1072

Жүргізуші: Армысыздар ата-ана, барша ұстаз,
Той жиынсыз өмірдің мәні болмас
Талпынып арамыздан қанат қақты
Он бір жылда оң-солын таныған жас.
Алдарында сан тарау жолдары тұр.
Бәрі ертеңгі азамат болғалы тұр.
Үлкен өмір есігің ашпақ міне,
Келген қауым ,қол соғып қолда бүгін.

Қайырлы күн , қадірменді қоңақтар, ұстаздар ,ата-аналар! Бүгін гимназиямызда ерекше бір жарқын күн. Ол  гимназия түлектерінің соңғы қоңырау салтанаты. Енді сіздерді осы салтанатты сап түзеуге келген қоңақтармен таныстырып өтейін:

Жүргізуші: Мектеп ана қанатымды шыңдадың
Сырын аштың сыр сандықтай шыңдардың
Дәл сол үшін саған әлі қарыздар
Оқып жүрген ұлдарың мен қыздарың- дей келе  қанша дарынды түлектерімізді ұясынан  ұшырып өмірге қанат қақтырған  құтты шаңырағымыз гимназияда бүгінде ұшқалы отырған түлектерімізді қол соғып қарсы алайық!/музыка әуенімен түлектер шығады/

Жүргізуші: Тыңдаңыздар! «Соңғы қоңырау» мерекесіне арналған салтанатты жиынымыз ашық деп жариялаймыз.

Әнұран.

Жүргізуші: Жақсы шәкірт –жақсы ұстаздың жалғасы
Өзендердей ортаймайтын арнасы
Ұлт ұстазы, ұлағаты келіскен.
Ар білімің ұрпағына арнашы.

Алғашқы құттықтау сөзді

Жүргізуші:  Ажырамай мектеппенен бір елі сіз
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз
Сөз берейік келген барша қоңаққа
Түлектерге арналсын тек тілегіңіз.

Құттықтау сөз :/Қоңақтарға/ 

Жүргізуші: Бірге өткізген күндерін қыс-жазына
Жазып шықты қаншама іс-қазына
Балапанын ұшырған ұясынан
Сөз берейік жетекші ұстазына

 Жүргізуші:  Келген қоңақтарға, ата-аналарға, ұстаздар қауымына
4 сынып оқушыларының орындауында «Вальс» биін тамашалаңыздар.

 Жүргізуші:  Ұстаз деген –сырлас данам арлы шың
Шәкіртінен аямаған бар күшін
Бұл өмірде адам болып қалуым
Ұлы адамға шексіз-шексіз алғысым.

 Жүргізуші: Құтты болсың ата-ана қуанышың
Жасқа толды кәмелет жұбаңышың
Қанат қамдап ұядан ұшқалы тұр
Бір биікке күні ертең шығары шың.

Бүгінгі салтанатты сап түзеуіміздің келесі бір айыпкерлері мәпелеп өсірген ата-аналар.

Құттықтау сөз ата-аналарға беріледі. «Ақсу толқыны» әнімен қарсы алыңыздар./ 9 сынып вальс билейді/ 

Жүргізуші: Естіп өскен ананың
Бесік жыры бал әнім
Бүршік жарған жас талдай
Мен бүлдіршін баламын,- деп біздің 1-сынып оқушылары аға-апайларына жылы лебіздерін жолдайды.

1 сынып оқушылары тақпақтарын айтады.

11 сынып оқушылары 1 сынып оқушыларына сыйлықтарын табыс етеді.

Жүргізуші: Мектебім ұям- өрісім,
Мұғалім білім көлісің
Өзінен талмай үйреніп
Келеміз өсіп ел үшін.

11 сынып оқушылары дәстүр бойынша 10 сынып оқушыларына білім кілтін табыс ентеді. Табыс ететіндер 11 сынып оқушылары . /Әуен фанфары/

10 сынып оқушылары түлектерге өз лебіздерін білдіреді.

Жүргізуші: Қоштасамыз мекутеппепен соңғы реет
Тұр көздерде жастың шығы мөлдіреп.
Жүректердің ыстық қаны тулайды,
Балалықтың от алауы сөнді деп.

Келесі сөз кезегі біздің түлектерімізде:

Тақпақтарын оқиды,

Ән « Мектебім».

Мектеп вальсі /11 сынып/

 Жүргізуші: Мектеппенен қош айтысып қаламыз
Ұстаздарды қимай біздер барамыз
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Білімалып шықты, міне балаңыз.

Құрметті ұстаздар, қоңақтар, ата-аналар ,мектеп түлектері « Сыңғырла соңғы қоңырау» салтанатты жиынымыз жабық деп жариялаймыз.

Әнұран.

Жүргізуші: Құрметті жиналған қауым! Гимназиямыздың түлектерінің білім қуған қанаттары талмасын. Тек биікке самғасын. Қадамдары сәтті болып, өмірде жолдарыңыз болсын. Білім ордасында өткен соңғы қоңырау жиынымыз аяқталды.

Дереккөз: tak-to-ent.net

Басқа да материалдар:

  1. Ән әлемінің падишасы, вальс королі – Шәмші Қалдаяқовқа арналған кеш сценарийі 
  2. «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!» атты сценарий

  3. Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағаты

  4. Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы             


ПІКІР ҚАЛДЫРУ