Ән әлемінің падишасы, вальс королі – Шәмші Қалдаяқовқа арналған кеш сценарийі

0
1710
Шәмші Қалдаяқов - вальс королі

Музыка ойнап тұр. Түрлі-түсті шарлар, газеттер, нақыл сөздер, бүктемелер, жалаушалар,интерактивті тақта

  Әнұран «Менің Қазақстаным».

Орындайтындар –Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар және ата-аналар! Ән әлемінің падишасы, вальс королі Шәмші Қалдаяқовқа  арналған « Шәмші әндері» атты ән кешіне қош келдіңіздер.

Бүгін біздің ауылда дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар көңілді қой.
Әннен шашу шашылсын күй күбірлеп,
Қош келдіңіз халайық сергісін бой.

Барыс жылы биылғы барыс жылы,
Жайбарақат сезінер кімдер мұны.
Дүбірлеген той- думан кезеңінде,
Өткізейік «Шәмші аға» кешімізді.

Шәмші   қалай   Шәмші   атанды?
 Шәмші Қалдаяқовтың өмірінен мәлімет.

Композитор  1930 жылы 15 тамызда Шымкент облысының Отырар ауданындағы Шәуілдір ауылында дүниеге келген. Әкесі он саусағынан өнер тамған ұста, зергер болғанымен әншілікпен әуестігі жоқ еді. Шәмшіге бұл қасиет шешесінен, нағашыларынан дарыса керек.

Той думандарда анасының шырқап салған әндері қалың көптің құлақ құрышын қандырумен қатар, перзентінің жүрегіне нұр болып құйылған. Сөйтіп, Шәмшіге табиғи дарын ана сүтімен келген. 1947 – 1951 жылдары Сарыағаштағы Қапланбек мал  дәрігерлік техникумында білім алды. 1950 жылдардан бастап шығармашылық жұмыспен айналысқан.

1951–1953 жылдары Ресейдің Сахалин портында кіші офицер шенімен, әскери борышын өтеді. 1953–1962 жылдары Шымкент облысының Темір станциясында бір жыл клуб меңгерушісі қызметін атқарды. 1956 – 1962 жылдары Алматы консерваториясында оқыды.

1956 жылы 25 қазанда белгілі ақын Жұмекен Нәжімеденовпен бірлесіп, еліміздің қазіргі әнұранына айналған «Менің Қазақстаным» әнін жазды. 1961 жылы Жәмила апаймен отбасын құрды. Екеуінен Мұхтар және Әбілқасым атты екі ұл бар.

1956 – 1961 жылдары Сазгердің жүзден астам тамаша туындылары дүниеге келді. Осы бес жылдағы әндері арқылы Шәмші Қалдаяқов бүкіл Қазақстанға аты танымал белгілі компазитор болып үлгерді. Оның әндері той – думандарда, отбасылық, студенттік кештерде, жұмыс орнында, концерт эстрадаларында әуелете шырқалып жүр.

Танымал әндер жазудағы табыс үшін 1965 жылы Қазақстан комсомолы сыйлығының иегері атанды. 1973 – 1991 жылдары 18 жыл бойы Тараз қаласының маңындағы Дүңген ауылында оңаша өмір сүрді. 1991 жылы Қазақстанның «халық әртісі» атағын алды.

1992 жылы 29 ақпанда Алматыда ауыр науқастан қайтыс болды. Сүйегі «Кеңсай» зияратына жерленді.Ұлы компазитордың артында үш жүзге жуық әсем әндері қалды.

Отырардағы той
 Орындайтын қазақ тілі пәнінің мұғалімі .

 Жүргізуші: Кіршіксіз ән, кідірме, жасырынба,
  Сен арқылы жеткенбіз ғашық ұлға.
Бақытымыз, жастық шақ орай келген,
Қалдаяқов Шәмшінің ғасырында.
Келесі орындайтын ән «Арыстың жағасында»
Өлеңін жазған Мұхтар Шахановтікі.
Әні Шәмші Қалдаяқовтікі.
Орындайтын кіші қызметкер

    Жүргізуші: Жиырмасыншы ғасырда қазақ әнінің ажарын ашып, шырайын кіргізіп, оның өрісін әсем көгіне шығарған ол — Шәмші Қалдаяқов есімді аққу әуезді компазитор. Әсем әндері қай атақ, қандай сыйлықтан да жоғары.

      Ән. «Кешікпей  келем  деп  ең»  Өлеңін жазған Мұхтар Шаханов.
Әні Шәмші Қалдаяқов.
Орындайтындар қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

      Жүргізуші: Осы күнге дейін еш жерде айтылмаған Шәмшіге қатысты қызықты оқиға бар ма? (Изольда).

Көрініс:         (Изольда)

(Шәмші).

Ән «Сыған серендасы» өлеңі Қадір Мырза Әлінікі.

      Жүргізуші: Бүгінгі ұрпақ, бұл есімді ән – Шәмшімен байланыстырып жатса, бұл есімді ұлы композитордың көзін көрген қатарлары, достар, жора – жолдастары музыка атты құдіретке табындырушы ретінде бағалайды. Ән падишасы Шәмші туралы айтылар да, жазылар да сыр мен естеліктер көп. Осы кешіміздің қонағы Шәмші ағамыздың жерлесі, зейнеткер Қарынбав Ақылбек ағайымызды сахна төріне қошеметпен шақырамыз.

      Жүргізуші: Әндерің тірі, күрсінбе көкем,
Құлағың түрші, дүрсілге бөтен.
Жер үсті мені еске ала ма деп,
Елеңдеп әлі жүрсің бе екен.

     Ән «Қайықта»   Орындайтын тарих пәнінің мұғалімі

      Жүргізуші: Пәлі-і, Мынау ән (Ақмаңдайлым) Жиырмасыншы ғасырдың төбесінен тамшылап тұрған лирика ғой!

     Ән «Ақмаңдайлым» Өлеңін жазған Мұзафар Әлімбаев.
Орындайтын ағылшын тілі мұғалімі .

    Жүргізуші: Шәмшінің әні, Шәмшінің әні,
Таңдайдан кетпес, балшырын дәні.
Сызылып деммен, жаяды желмен,
Жанға айтпаған жан сырыңды әлі.

Келесі тыңдайтын әндеріңіз «Ақ бантик».Өлеңін жазған Мұхтар Шахановтікі.

                                                                                    Әні Шәмші Қалдаяқовтікі.Орындайтын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 Жүргізуші: Әуен, Саз, Ақын. Осы үш қасиетті құдай Шәмшінің бойына мүсіндесе құдірет емей немене? Әні қандай шіркін!

      «Шәмші әндерінен папури» алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі.

     Жүргізуші: Ана-жер шарының әр түкпірінде мейірім мен мерейдің, достық пен туыстықтың туын тіккен Ана.

     Ана жүзі – күлімдеген күн көзі.

Көрініс.
Ән. «Ана туралы жыр» Өлеңін жазған Ғафу Қайырбеков.Орындайтын тарих пәнінің мұғалімі

    Жүргізуші: Шәмші Қалдаяқов асқақ әндерімен бірнеше ұрпағын ұлттық патриоттизмге тәрбиелеген көрнекті компазитор.

Ән. «Қайдасың» Өлеңін жазған Нұрсұлтан Әлімқұлов. Орындайтын қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.

    Жүргізуші:     Шәмші өлмейді, ешқашанда өлмейді.
Деген сөзге менің көңілім сенбейді.
Қара көзді қалқаларын сағынып,
Онда неге тұрған елге келмейді.
Тәңіріңе жыла, сұра, жалбарын,
Алып кетті енді ондай ұл бермейді.
Дейді бәрі «Шәмші өлмейді, өлмейді.!!!
Туған жердің күні ашық, айы жарық,
Алыптарға мекен болған бай халық.
Ән. «Өмір — өзен»   Өлеңін жазған Мұхтар Шахановтікі Әні Шәмші Қалдаяқовтікі.

Орындайтын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі .

  Жүргізуші: (Шәмші туралы) Асанәлі ағамыз Шәмші туралы бір естелігінде «Қыздармен Шәмші болып танысып, бақытын тапқандар қаншама!» деген екен.

Иә, ондай әзілқойлар, пысыққойлар болды ғой… Шәмшінің бір (өлеңі) әнін тез үйреніп алып, соның арқасында үйленіп алғандар қаншама?!

Ән. «Әнім сен едің» Өлеңін жазған Мұхтар Шахановтікі  Әні Шәмші Қалдаяқовтікі.

Орындайтындар Бастауыш сынып пән мұғалімі  .

 Ғазизаның музыка бөлмесінде оңаша қалған бір сәтін тауып, оған барып өзінің «Шынарым» әнін орындап берген еді. Ғазиза гүл-гүл жайнап кетті. Бұл әнімді сізге арнадым апай,-деді Шәмші. Рахмет,- деді Ғазиза даусы үздік-создық шығып. 

Келесі ән «Шынарым»  Өлеңін жазған Мұхтар Шахановтікі. Әні Шәмші Қалдаяқовтікі.

Жүргізуші: Шәмші туралы естелік.

Жүргізуші: Оңтүстікте дәмнен кейін дастарқан жиылар алдында бата беру міндетті нәрсе. Сондай кездері отырғандар Шәмшіге бата жасаңыз,- дейтін олар. Шәмші өзінен жасы үлкендер жоқ жерде ғана бата береді екен. Оның батасы бір-біріне ұқсамайтын, ешқашан қайталанбайтын.

Шәмшінің батасы. .

Көргенің рахат болсын,
Жүрген жерің рабат болсын,
Екі тойың қабат болсын,
Дастарқаның берекелі болсын,
Әр күнің мерекелі болсын.
Шайың қызыл болсын,
Ғұмырың ұзын болсын.
Несібең таса берсін,
Дұшпаның қаша берсін!
Шаңырағың Кремльдің сарайындай биік болсын.
Босағаң – Ақсақ Темірдің босағасындай берік болсын.
Беттеріңе түскен әжім қасіреттің тобы емес,
Шаттықтың күлкінің ізі болсын. Әумин!

    Жүргізуші: Шәмшінің әндерін қанша мәрте қайталап айтсаң да жалықпайсың. Айтқан сайын бұрын сезбеген, мән бермеген жаңа бір нәзік тұстары айқындалып, ашықтана түседі. Естіген үстіне ести бересің. Шәмшіні сағынасың, іздейсің. Ол біздің жүрегіміз бен жанымызда мәңгі сақталады.

Жүргізуші: Құрметті ән сүйер қауым!

Ән әлемінің падишасы, вальс корольі, халық әртісі Шәмші Қалдаяқовқа арналған «Шәмші әндері» атты кешімізді осымен аяқтаймыз. Келгендеріңізге, көңіл бөліп тыңдағандарыңызға  көп-көп   рахмет.

Дайындаған:  Бердиярова Райхан
Некрасов атындағы 9 мектеп-гимназиясы  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Түркістан қаласы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ