Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағаты

0
13071

Сынып сағаты. «Телтай Сәрсенбеков атындағы» орта мектеп» КММ
Күні:
Сынып: 2 «А»
Сынып  жетекшісі:
Чуйкебаева С.Е.
Қатыспағандар саны:
Қатысқандар саны:
Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіз алған елміз»
Жалпы мақсаттар: Балалардың «Даналық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Негізгі мақсаттар: ақылдың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
— ақылын өмірде қолдана білу іскерліктерін дамыту;
— бабалар дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Жаңа білімді түсінеді.Анық сөйлеу арқылы, тақырыпты талқылайды.Анық және толық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.

Құндылықтарды дарыту:  Зайырлы мемлекет және жоғары Руханият.

Түйінді идея: Құндылықтарды дарыту  үлкендерді құрметтеу.

Пәнаралық  байланыс-Күнделікті өмірмен байланыс,  өзін-өзі тану пәнімен  байланыс.

АКТ қолдану дағдылары-Слайд , таныстырылым.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері-Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Сабақтың басы

5 минут-1.Ұйымдастыру кезеңі.

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні. Биыл тәуелсіздік алғанымызға 28жыл толды. Осы 28 жыл ішінде еліміз талай белестерді артта қалдырды, тарихымызда ХХ ғасырдың маңызы зор. Біздің еліміз бай, әрі қуатты ел. Барлық халық, ұлт өкілдері еркін өмір сүреді. Әркім еңбек етуге, білім алуға, демалуға ерікті. Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстанды өз Отаны деп есептейтін барлық азаматтарды ұлтына, нәсіліне, тұрған жеріне, қызметіне, байлығына, жынысын, діни нанымдарына қарамастан, заң алдында тең субъект ретінде қарастырады және тең дәрежеде қорғайды, азаматтың құқықтарына нұқсан келтірмейді. Қазақстанның тәуелсіздік алуы ел өмірінде тарихи өзгерістердің жүзеге асыруына негіз болды. Тәуелсіздіктің әр күні, әр айы тарихи өзгерістерге толы болды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы және Әнұраны бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі Конституциялық заңмен белгіленеді.
1991 жылы 16 желтоқсанда «ҚР – ның Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заң қабылданды.
1992 жылы 4 маусым  ҚР – ның Жоғарғы Кеңесі Мемлекеттік рәміздерді қабылданды.

1993 жылы 15 қараша-  ұлттық валюта, төл теңге дүниеге келді.
1998 жылы 6 шілде  ҚР – ның астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы болып бекітілді.

Сабақтың ортасы: 30 минут
Білу
Түсіну-3.
Әңгімелесу.

16 желтоқсан құрбандарымен танысу

1-оқушы: Болмасам да сол кезде мен сеземін
Жүректе намыс оты сөнбегенін,
Ызғарына аяздың төзгендерін,
Бұл күннің оңайлықпен келмегенін.

Ержас: Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі.

Аймира: Тәуелсіздік мақтанашым,
Бізге бақыт сыйлаған
Бейбіт күнде мен тынышпын,
Әрбір таңым нұр маған.

Мейір: Тәуелсіздік таңы атты,
Барлық әлем жаңарып.
Осы тұрған халқыма
Бейбітшілік орнады.

Аяжан: Отан деген берекелі отбасы,
Сүйер оны адамзаттың баршасы.
Мен бақытты бүлдіршінмін бүгінде,
Жоқ қой оған ешкімнің де таласы.
Бұның бәрі татулықтың арқасы,
Тәуелсіздік—елдігімнің бастауы.

Әлия: Тәуелсіздік—бақыты ғой елімнің,
Тәуелсіздік шаттығы ғой жерімнің.
Арманына жету үшін күрескені,
Тарихта шежіре боп қалған екен.

Нұрдәулет.: Қазақстан менің Отаным,
Атыңды әнге қосамын.
Шарықтап өсіп,дами бер,
Біліміммен үлес қосамын.

Нұрай: Жадырап жарқын жүзіміз,
Жарқырап әрбір күніміз.
Ертеңінен елімнің ,
Үміт күткеннің біріміз.

Айзере: Қарттарым мұңаймасын деп,
Сәбилер жыламасын деп.
Кешегі өткен тарландар,
Желтоқсанда ұрандап.

Нұржанар: Намысты бермей қолынан,
Күрескен соның жолында.
Елім деп кеткен ерлерім,
Еркіндіті сендер әперген.

Алмаз: Еңсесі биік Елорда,
Мәңгілік ел бол қашанда.
Көктегі туым желбіреп,
Көк аспанда қыран құс
Самғай бер әлі биікте
Тыныштық бейбіт заман бол,
Тәуелсіз елім аман бол.

Сабақтың соңы
5 минут
Тапсырма

  1. ҚР — сы қандай мемлекет?
  2.  Қандай рәміздері бар?
  3.  Елтаңбада не бейнеленген?
  4.  Әнұранның сөзі мен әнін кімдер жазды?
  5. Ұлттық теңгеміз қашан шықты?
  6. Қазақстанның ірі қалаларына ата?
  7.  Конституция күні
  8.  Білім күні
  9. Тәуелсіздік күні
  10. Ақшамыз қалай аталады
  11.  ҚР — ң тұңғыш ұшқышы кім
  12.  Мемлекеттік тіл
  13. ҚР қазіргі Президенті кім?
  14. 16 желтоқсан құрбандарын ата.
  15. 15. Н. Назарбаев қашан Президент болып сайланды?

Дереккөз: Bilimjoly.kz

Басқа да тәрбие сағатының жинағын қарап көріңіз.

  1. Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзда жанған алауы (ашық тәрбие сағаты)

2. «Салт- дәстүрім салтанатым» тақырыбындағы тәрбие сағаты

3. «Ешкімде ешқашан ұмытылмайды» тәрбие сағаты

4 .Тәрбие сағаты. Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ