«Салт- дәстүрім салтанатым» тақырыбындағы тәрбие сағаты

0
17005
«Күн дидарлы-Қазақстан!»
Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Салт- дәстүрім салтанатым»

Мақсаты: Тәрбиеленушілердің қазақ халқының салт- дәстүрлері жайлы білімдерін жинақтау, білетін және үйренген ақпараттарын өзара ұштастырып,салт- дәстүрлерді құрметтеп, қадірлей білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.

1-жүргізуші : Қайырлы күн, қасиетті ел, Армысыздар, Ұлыстың ұлы күнін тойлауға жиналған барша ағайын.

Жер ананың тоң кеудесі жібіп,

тас емшегі иіген күн,

Самарқанның көк тасы еріген күн» құтты болсын!

2-жүргізуші :

Болашақта мәңгілік ел «Қазақ елі»ұлы елдердің қатарынан боламыз деп, Ел басымыз үндеу тастап ,білімді ,саналы өз ұлтының мәдениетін жетік меңгерген ұлттық нақышта тәрбиеленген қазақ деген атымызды тарихта қалдыратын білімді азаматтар тәрбиелеу жолын көрсетіп, ашып отыр.Өздеріңіз ойлаңыздаршы өзіміздің тамаша мәдениетіміз(әніміз,жырымыз,күйіміз) бен тарихымызды,тілімізді арқалап жүрмесек ұлы елдердің қатарынан қалай және немізбен көрінбекпіз .Болашақ ұрпақтың кілті өз қолдарыңызда құрметті ата-аналар және оқушылар . Атам қазақ намысын қолдан бермеген ,осынау кең байтақ даламызбен мәдениетімізді мұра етіт ,қан мен тер төгіп еңбекпен бизге жеткізді Енді осы асыл мұраларымызды көзіміздің қарашығындай ,елу ел қатарынан қалмай, асыл мұрамызды арқалап жетейік ағайын!

1-жүргізуші :

Өзіміздің қазақ халқының да сан алуан салт- дәстүрі бар. Халқымыздың салт- дәстүрлері қай халыққа болса да үлгі боларлық. Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын салт-дәстүрлер туралы қысқаша мәлімет беріп кетсек.Салт-әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне,ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып,өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі.Қазақтың бірнеше салт-дәстүрі мен ғұрыптарын атап өтсек.

Түсіндірме:

2-жүргізуші :

Салт

1.Шілдехана(салт).жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-сауық, той.

2.Кіндік кесер(салт). Нәресте туған сәтте оның кіндігін әйелдер(кіндік шешесі)

дайын тұрады.Кіндік кесу-мәртебелі, абыройлы іс.

3.Бесікке салу(салт). Жаңа туған баланы бесікке салу. Бесік қасиетті,киелі,

құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.

4. Қырқынан шығару(салт). Баланың туғанына қырық күн толған соң оны

ыдысқа қырық қасық су құйып шомылдырады.ол сәбидің жан-жүйесінің

қалыптасып дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан.

5.Тұсау кесер(салт).Сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен

жасалатын ғұрып.

1-жүргізуші :

Ғұрып— қазақтың өмір салты, өрен салты қолдану мен дәріптеуді ғұрып дейміз. Қазақ халқында қалыптасқан бірнеше ғұрыптар:

1)Ат қою(ғұрып). Қазақ халқы жаңа туған сәбиге жақсы есімдер мен әйгілі адамдардың атын қойған.Сонымен бірге бала есімін беделді кісілерге қойғызып батасын алған.

2)Айдар(ғұрып). Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп қояды. Бұл ғұрып,

ер балаға жасалады. Сәбилерге шаш орнына кекіл, тұлым да қойылады.

3)Кекіл (ғұрып). Жас балалардың шашын ұстарамен алып тастайды да

маңдайына бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп

қиып қояды. Оны «кекіл»дейді.

2-жүргізуші :

Дәстүр-халықтың атадан балаға көшіп,жалғасын және дамып

отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана,

әдет-ғұрып,мінез-құлық,тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекеттер

көрінісі.

Қазақтың бірнеше дәстүрлерін атап өтсек.

1)Тыштырма(дәстүр)Сәбиді бесікке салар кезде бесіктің түбегі тұратын тесіктен

құрт,ірімшік, тәттілер өткізіп «тыштыма,тыштыма»деп

ырым жасайды және оны «тыштырма» деп атайды.

Тыштырманы әйелдер ырым етіп бөлісіп, бала-шағаларына

үлестіріп береді.

2) Базарлық(дәстүр) -алыс сапарға шыққан адамдардың жақындарына (жерлес,

көрші-көлем,жас балалар, сыйлас адамдарына) әкелген

сыйлығы.

3) Байғазы(дәстүр)-балалардың, жастардың жаңа киім үшін берілетін ақшалай,

заттай сый.

4)Тілашар(дәстүр).Баласы 7 жасқа толған соң балаға жаңа киім кигізіп,оқу

жабдықтарын дайындап, шағын той өткізеді. Мұны

«тілашар»тойы деп атайды.

5 (жеті ата(дәстүр). Халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білдіруді

міндеттеген. Олай болса жеті ата:Бала,Әке, Ата, Арғы ата, Баба, Түп ата, Тек ата.

6) Асату(дәстүр).ет желініп болған соң төрде отырған ақсақал табақта қалған

етті жас балалар мен жігіттерге асатады

Хор « Шілдехана бесік той»

1-оқушы: Еңілік

Қанша ғасыр сән берген даламызға,

Өзгеше бір әні едің байтақ елдің.

Хош келдіңіз Наурызым ардақты,
Халқым саған бар үмітін арнапты.
Жылда осылай келе бергің жасарып,
Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.
2-оқушы: Ақжан

Сен ең көне жырысың санамыздың,

Рухани шаттығымсың тасып толған.

Сені тойлап бабасы бабамыздың,

Әжемнің әжесіне ғашық болған.

Басыңды көтер,

қане, күн қақтаған,

Сен енді басқа айқайға бұрылмайсың.

Тымырсық, тылсым жылдар тыңдатпаған

Сен бізге Шәкәрімнің жырындайсың.

3 -оқушы: Сымбат Қауышып қайта оралған наурызға,
Ерніміз әрез тиді сары уызға.
Науалап нәр құйылып, нұр жүгірді,
Ағарып бара жатқан қанымызға.
Қақ жарып әділдіктің қара қылын,
Келдің бе гүлге оранған Жаңа Жылым.
«Ақтабан щұбырынды-Алқакөлмен»
Жалғашы Арал, Семей аралығын.

4-оқушы:Жансая

Алашты алаш десе, аттанамын. Қазақты қазақ десе, мақтанамын. Болғанда әкем- қазақ, шешем- қазақ, Мен неге қазақтықтан сақтанамын? 5-оқушы: Адижан Ата салтым –асыл мұрам, ардағым, Бабалардың жалғастырар арманын. Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім, Өткенімді бүгінменен жалғадым.

Ән « Түркістан» (Жансая ,Адижан, Рейхан)

1-жүргізуші:

Ата дәстүр абырой көтергенде,

О, бұл сөздер сүйектен өтер демде!

Тоқталамыз енді біз, ал халайық,

Қанатты сөз, мақал мен мәтелдерге. «Сөздің көркі –мақал»деген ұғым бар.Біздің ойынымыз қыза түскен тәрізді. Мақалдап сөйлеу жарысына да кезек берейік.

Қане, жігіттер мен қыздардан екі жақтан жарысқа кім шығады? 1.Б:Ассалаумағалейкүм, қарсыласым. «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді» деген, сәлем беруге келдім. 2.Қ . -Амансың ба, достым? «қуыс үйден құр шықпа» деген, тізеңді бүгіп

дәм ауыз ти. 3.Б — «Сыйлап берген су, сатып алған балдан артық»дегендей жайғассақ

жайғасайық. 4.Қ. – «Сыйға сый, сыраға бал» демекші өткенде өздеріңеде риза болып қайттық қой.

5.Б. –«Аз да бітер, көп те бітер, татулыққа жетер» демекші татулық пен ауызбіршілікке не жетсін. 6.Қ -«Төртеу түгел болса алар, алтау ала болса алдырар» деген ғой, о не

дегеніңіз.

7.Б -«Бірлік түбі – тірлік» деген ғой бабаларымыз, бірлік болсын. 8.Қ. -«Биік төбеге шықсаң, көзің ашылады, жақсымен сөйлессең, көңілің

ашылады» дегендей көңіліміз марқайып қалды ғой. 9.Б. — «Әңгіме әңгіме дегізер, әңгіме бұзай емізер» демекші қой қайтатын, мал

келетін уақыт болды. 10.Қ. “Тау тауға косылмас, адамға адам косылар” деген, әлі кездесерміз, cay бол!

2-жүргізуші:

Қарап отырсақ казактың мақалдап сөйлеген сөзінің өзі бір шырайлы,

тәрбиелік мәні зор, астарлы. Бұған осы көріністен-ак көз жеткізген

боларсыздар. Бұның өзі қазақтың тұрмысының тамаша көрнісі емес пе?

Ұлдарымыздың биі «Жігіттер »

оқушы: Ақжан Ашылды да кебеже,
Дәм әзірлеу басталды.
Әжем наурыз көжеге,
Жеті түрлі ас салды.
Бидай, күріш, тары бар,
Бар сұр ет пен шұжығы.
Ащы құрты тағы бар,

оқушы: Еңілік Көже елдің ырзығы. Уа, халайық, құлақ сал!!!
Жақсылыққа қашанда,
Жан баласы тоймаған,
Жаңа жылдың басы деп,
Жылда бізбен тойлаған.
Шашу шашып көл — көсір,
Көжесі қазанда қайнаған.
Әнге ырғағы жарасқан,
Асқар таудың шыңдары.
Ақ жаулықты аналар!
Ақ кимешегі наурыздың аппақ қарындай,
ананың аппақ арындай
әжеміз наурыз көже әкелді.

оқушы: Сымбат

Қазақ халқы маусымдық мерекелерге бай халық. Ол мерекелерді атап өтсек: Жыл басы тойы – Наурыз ,Жаз тойы – Қымыз мұрындық, Күз мейрамы – Мизам, Қыс тойы – соғым. Сондай-ақ, бие бау, тулақ шашар, шашыратқы, сірге тағар, сірге жияр, қоныс тойы, күйек байлау, күйек шешу сияқты қазақ халқының көнеден келе жатырған дәстүрлі мерекелері де бар сол мерекенің бірі Жыл басы тойы – Наурыз

Наурыз — түркі тайпаларының мүшел есебі бойынша жыл басы саналатын бірінші ай, ойын-сауық мерекесі. Бұл күні қазақтар да наурыз көже пісіріп, наурыз жырын айтып, наурыз тойын еткізеді.  Абай атамыз атқандай:«Ол күнде Наурыз бір жазғытұрым мейрамы болып, наурызнама қыламыз деп, тамаша қылады екен. Сол күнін «ұлыстың ұлы күні» дейді екен».

оқушы: Мирас Шығыстың данышпандары Махмут Қашқари, Әбу Райхан Бируни, Әбунә-сір Фирдоуси, Әлішер Науай, Омар Һайямнан бастап қазақ халқының ғұлама-лары Абай, Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Сәкен және тағы да басқалар Наурыз мейрамы туралы аса бағалы еңбектер, ғибратты сөздер, жақұт жырлар жазып кетті. Өйткені, Нау- рыз – Шығыс елі үшін ежелден-ақ ынтымақ – ырыс мейрамы. Бұл күні – араздасу ,ұрысу,таласу ауыр күнә.

оқушы: Фариза

Наурызда наурыз көже пісіріледі.Наурыз көже– ұлттық тағам. Келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде наурыз тойында әрбір шаңырақта міндетті түрде әзірленген. Халықтық дәстүр бойынша оған бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз сияқты кем дегенде жеті түрлі азықтық заттар міндетті түрде қосылуы тиіс. Тақ санын сақтап, мұндай заттар көбейтіле беріледі. Соғымнан арнайы сақталған мүшелер (қазы, қарта, шұжық, т.б.) де қосылады. Ол негізінен бидай көже, тары көже секілді әзірленген (қысқаша Көже). Наурыз көжені халық арасында “тілеу көже”, “көп көже” деп те атай береді. Наурыз көжеге, наурызға арналып сойылған малдың кәделі асына Наурыз бата берілген соң, жиналған халық: “ақ мол болсын” деген тілек айтып тарқасады.Енді біздің ата аналарымыз дайындаған көжеден ауыз тиейіп қарт әжеміздің батасын алайық

Бейнефильм көрсетіледі

Мұғалім: Құрметті оқушылар, бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың максаты — заман өзгерсе де ұлттык салт -дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып, ұлттык мұраны кайта жаңғырту. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі, халқымыздың ежелден желісі үзілмей келе жатқан дәстүрлері мен әдет–ғұрыптары, мәдени және адамгершілік дүниеміздегі қымбат қазыналарымыздың бірі болып саналып келеді.

Бүгінгі тәрбие сағатымызда өздеріңіз куә болған дәстүрлерді көкейлеріңізге тоқып, саналарыңызға сіңіріп алсаңыздар артық болмас.

Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған, Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған. Салт-дәстүрді ардақтайық, ағайын. Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ