«Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» 

0
1622
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Сыныбы: 2 «Д»

Сабақтың тақырыбы: «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы»

Сабақтың мақсаты:

1) Жас ұрпаққа Елбасының тұлғалық қасиеттерін ашу;

2) Еліміздің тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктерін айту ,

3)Елбасының Қазақстанның дамуына қосқан үлесін жас ұрпаққа жеткізу.

Көрнекіліктері: Елбасы суреті,рәміздер .

I.Кіріспе бөлім.

Ұйымдастыру кезеңі.

Мемлекеттік әнұранды айту.(Сабақты әнұран айтудан бастау.)

II.Негізгі бөлім.

Балалардың Елбасына арнап жаттаған өлеңдерін жатқа айтады.

1-оқушы:

Бар әлемге шын танылдық міне, біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан — Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.

2-оқушы:

Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.
Елбасыны құрметтейтін ерекше
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!

3- оқушы:

Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,
Қазақ елін мойындауда дос таңдап.
Елбасыныңеңбегіменнұрлана
Қазағымныңмерейітұраспандап.

4-оқушы:

Елі үшін олжа салып қиырдан,
Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.
Мерекеңіз құтты болсын көпшілік
Елбасының құрметіне жиылған!

Мұғалім: Сұрақ – жауап жүргізу.

·        Балалар сендердің үйлеріңде президент бар ма? (Әкеміз)

·        Біз қай елде тұрамыз? (Қазақстан)

·        Біздің елордамыз қай қала? (Астана)

·        Қыстың бірінші айы \желтоқсан\

·        Мемлекеттік Рәміздеріміздің бірі \Әнұран\

·        Көмір шығатын кен орны, қазақстанның ірі қалаларының бірі \Қарағанды\

·        Қазақстанда шығатын ең басты қазба байлығы, қоймалжың, сұйық зат. \мұнай\

·        Ащы және тұщы судан тұратын Қазақстанның ірі көлдерінің бірі \Балқаш\

5-оқушы.1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.

6-оқушы. Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».

4-оқушы. Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Нұрсұлтанның анасы Әлжан Мырзабаланың балалары мен келіндеріне ақыл-кеңес беріп, халықтың байырғы дәстүрлері мен жоралғылары туралы әңгімелейтінін, немересі Нұрсұлтанның тәрбиесіне аса белсеніп кіріскенін еске алады.

1-оқушы. Мырзабаланың ұлы, Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.

2-оқушы.Назарбаевтың анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді.

1-оқушы. Жасөспірім шағы Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Мына табельдерінен метептегі оқу үлгерімін қарауға да болады.

2-оқушы. Ал қандай істермен айналысқанды ұнатты екен?

1-оқушы.Ол кісі күрес үйірмесінде болды. Домбырамен ән айтқанды жақсы көреді. Атқа жақсы шабады.

2-оқушы.1960 жылы Украинада техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын бітірген.

3-оқушы.Еңбек жолын қайдан басталы?

2-оқушы.Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.

2. Тапсырма. Төменде берілген мақал — мәтелдердің екінші сыңарын тауып жаз.

Ел іші — ……..

Отансыз адам — ……

Отан — оттан да …..

Отан отбасынан ……

Керекті сөздер: ормансыз бұлбұл, басталады, алтын бесік, ыстық.

3. Тапсырма. 

Бос орынға керекті сөзді қой.

Қазақстан Республикасы …… орналасқан.

Н.Ә.Назарбаев …… Президенті.

Қазақстанның табиғаты …..

Мұғалім:

1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті. Бүгінгі сабақ жемісті болды, рахмет.

Қазақстан дейтін менің бар елім .
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

III.Қорытынды.

Мұғалім: Бүгін біз Елбасымыздың өмір жолы мен қызметтері туралы сөз қозғаймыз. Өздеріңе қосымша дайындалуды тапсырғанмын. Кім қандай мәлімет жинастырды?

 

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ