Мектеп сөмкесі: ол қандай болуы керек?

0
5489

Жаңа  оқу жылын  бастағанда  мектеп  оқушылары   ата-анасының   жаңа  сөмке алып беруін   күтеді.  Олар оны таза дәптерлерімен, қалам, қарындаштарымен  толтыруға   асығады .Бастапқыда   олар  жаңа сөмкені  мұқият,тиянақты   пайдаланады. Уақыт өте келе ол — қарапайым сөмкеге айналады.  Жыртылып тозады немесе іші шұрқ тесікке айналады. Жалпы, мектеп сөмкелерінің қазір көптеген түрі бар:
Арқасөмке Рюкзак (ағыл. Backpack). Ең танымал мектеп сөмкесі. Ұзындығы реттелетін жалпақтығы әр түрлі баулары болады. Қаттылығы әр түрлі арқасөмкелер де бар. Мысалы, пішінін өзгертетін жұмсақ арқа сөмке. Мұндай сөмке тек жеңіл әрі жұмсақ заттарды тасуға пайдаланған жөн.
Ранец. Өзінің формасын өзгертпейді. Мектеп портфеліне ұқсас түрлері де кездеседі. Өте ыңғайлы, бірнеше қалташықтары мен бөлімдері бар. Арқа баулары жалпақ, әрі ұзындығын баланың бойына ыңғайлы етіп келтіруге болады.
Тележка (rolling bag). Сыртқы түрі чемодан немесе кофр, қосымша конструкциялары, жүк таситын сөмкелерге ұқсас жылжымалы ұстағышы мен дөңгелектері бар. Мектепке көп кітап таситын оқушыларға арналған. Кемшілігі- ондай сөмкелер қымбат, баспалдақтан көтерілу қиын және қоғамдық көліктерде тасу ыңғайсыз. 
Tote. Сөмке Tote – үстіңгі бөлігі ашық, екі тұтқасы бар, көлемі жағынан үлкен сөмкелер, көп зат сияды. Соңғы уақытта үстіңгі бөлігі магнитпен немесе замокпен жабылатын түрлері көп кездеседі. Бұл жоғарғы сыныптың қыздарына стильді түрі болып табылады. Оң жақтары- мұндай сөмкені мектептен тыс тасуға болады.
Почтальон сөмкесі, – «почтальонка» (messenger bag). Көп зат сиятын, бірақ көлемі ондай үлкен емес жұмсақ сөмке. Бір жалпақ тұтқасы (ұзартып немесе қысқартуға болатын) және үлкен клапаны бар. Мұндай сөмкеге стандартты мөлшерлі оқулықтар мен дәптерлер және А4 форматты қағаздар мен құжаттар, сонымен қатар ноутбук, iPad, мобильді телефон, жазу құралдары салуға ыңғайлы, жоғарғы сынып оқушыларының арасында кеңінен қолданылады.
Портфель, дипломат. Классикалық стильдегі үлкенлердің құжаттар салатын іскерлік сөмкесіне ұқсатып жасалған. Совет үкіметі кезіндегі ең танымал сөмке. Қазір- ескі модельдер түріне жатады.
Ноутбукке арналған сөмке. (laptop bag), IPod –дың пайда болуымен сөмкенің IPod bag түрлерінің шығуына себепші болды. (сумка для IPod). Мұның ұзын иыққа асатын және жай ғана қолға ұстайтын тұтқасы бар. Негізгісі бұл сөмке ноутбукті сынудан сақтайтын бөлімдері бар. 
Мектеп сөмкелерінің бірнеше түрімен таныс болдық. Ал дәл оқулық пен дәптер тасымалданатын сөмкелерге қойылатын сан түрлі талаптар бар. Ендеше, көз жүгіртейік: Ғалымдар мектеп сөмкелерінің иыққа ілер тұстағы жолақтың жалпақ болу керектігін айтады.  Сөмке қымбат болса да әйгілі брендтердің сапалы сөмкесін таңдау қажет. Жас және жыныс ерекшелігіне сай таңдау керек. Бастысы өз формасын өзгертпеген сөмке болуы тиіс. Түс және сурет бұл * өте маңызды. Бала өз қалауымен таңдаған жөн. Ресейлік мамандар осы мәселеге бас ауырта келе, портфельдің салмағы оқушының салмағының 1/10 болуы тиіс дегенді айтады. Балаңыз 27 келі тартса, сәйкесінше, мектеп «дорбасы» да 2,7 келіден артық болмау керек. Ал төменгі сынып оқушыларының сөмкелері 1200 грамның шамасы болса құп.  Өз кезегінде ресейлік санитар-мамандар бастауыш сыныпқа арналған оқулықтардың салмағы 300 грамнан, 5-6 сыныптар үшін — 400 гр, 7-9 сынып оқушыларына — 500 грамнан аспауы керектігін есептеп шығарған. Сонымен қатар сөмкені арқаға ілгенде, сөмке екі иыққа бірдей ілінуі керек. Мектеп сөмкесінің бала денсаулығына тигізер зиян әсері  де жоқ емес.  Жалпы, мектеп оқушыларының іші толы «қоржындарының» ауырлығы мен шамадан тыс заттарды тасуы денсаулыққа кері әсерін тигізбей қоймайды екен. Баланың қан қысымының қалыптан шығуына да осы сөмке әсер ететін көрінеді. Тіпті әлі қатая қоймаған оқушының кеуде сүйектерінің қисаюына әкеп соғады. Ол аз болса, мұның салдары төбе мидың қалыпты жұмысына кері әсерін тигізеді. Дәрігерлер де: «Ауыр  сөмкені бір қолда ұстау немесе сөмкені бір иыққа асыну оқушы үшін зиян. Нәтижесінде скалиозбен ауыруы мүмкін», — дейді. Сондықтан, дәрігерлер балалар үшін ортопедиялық арқасы бар сөмкенің таптырмас құрал болатындығын ерекше атайды. Сондықтан, ең бірінші базар мен дүкендерден сөмке аларда төмендегі талаптарды қатаң ескеріңіз:

  • Сөмке көлемі  арқадан жалпақ болмауы керек;
  • Сөмке салмағы оқушының салмағының 1/10 болуы тиіс;
  • Оның төменгі бөлігі белден төмен түспегені абзал;
  • Ішіне салатын оқулықтарды бір біріне тығыз орналасуы керек;
  • Иықбауы жалпақ, иыққа батпайтын болуы керек;
  • Материалы сапалы болуы жөн. Мамандар кеңесі полиестер;
  • Сонымен қатар қараңғы кезде көзге шағылысатын жарқын түсті жолағы болған жөн, ол жаяу  жүргіншілер жолынан өтер кезде жүргізушілердің көзіне бірден түсін, қауіпсіздіқті қамтамасыз етеді.
     Иә, оқушының өзінде орнықты сөмкесінің болуы оның оқуға деген жауапкершілігі мен белсенділігін оятады. Таусылмас ақыл кені — кітапты жас оқырманымен байланыстырады. Баланың зердесі мен зейінінің дамуына қажетті құралдарды сәйкесінше қолжетімді етеді. Сол себептен де, әрбір мектеп қабырғасын жағалаған оқушының  сөмке асынуды абырой көретінін ескерсек, ұдайы осы ілімдерді естен шығармағанымыз жөн.

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ