Мектеп vs Университет

0
1018
Иллюстрация: Freepik.com

Мектеп және университет. Екеуі де бізге білім алуымызға, тәжірибе жинауымызға септігін тигізетін білім ордасы. Алайда мектепті бітіре салысымен жоғары оқу орнына түскен жан мектеп пен университет арасындағы айырмашылықтарды көре бастайды.                                                                                           

                             №1. Оқу жүйесі.   

   Мектепте әр пәнге 45 минут беріледі. Сол уақыттың ішінде мұғалім оқушыларға жаңа сабақты түсіндіріп, тапсырма беріп , оқушылардан үй жұмысын сұрап  үлгереді.  Ал университетте оқу жүйесі тым бөлек. Ол жерде сабақ айтуға (семинарға) бөлек уақыт және жаңа сабақ өтуге (лекцияға) бөлек уақыт беріледі.

Әдетте лекцияға бірнеше группа студенттерін жинап, шамамен 1оо-2оо студентке лектор жаңа сабақты түсіндіреді. Ал студенттердің сабақты тапсыру уақыты ол семинар уақыты. Және мектепте бір пәннің сабағын бір ғана мұғалім берсе, университетте лекцияны оқитын бөлек мұғалім, семинарда бөлек мұғалім беруі мүмкін.                        Мектепте оқу үлгерім нашар болса, төмен баға қояды, ата анаңды шақырады немесе жаза ретінде бір жылға қалдырады.  Ал университетте оқымасаң, оқудан шығарып жібере алады. «Мектепте мұғалім сенің артыңнан жүгірсе, университетте сен мұғалімнің артынан жүгіресің» деген сөзді көп еститін боласыз.

                           №2. Сессия.                                                 

     Сессия дегеніміз 1 семестр аяқталғаннан кейін болатын қорытынды емтихан. 1 семестр бойы сіз 6-7 пәнді оқысаңыз, сол пәндер бойынша 2-3 апта ішінде емтихан тапсырасыз. Емтихан  ауызша немесе жазбаша, тест немесе билет арқылы болуы мүмкін.  Осы сессияны жақсы тапсырсаңыз, соған қарай стипендия беріледі.               Ал мектепте тоқсан біткенде әр пәннен диктант, бақылау, тест тапсырамыз. Мектепте көшіруге мүмкіндіктер болса, университетте өзіңнің дайындығыңа ғана сеніп кіресің.

№3. Стипендия.           

 Мектепте оқу үлгерімің жақсы болып, 5 деген бағаны қойса, университетте бағамен қоса, стипендия аласың. Әрине ол үшін барлық пән бойынша қорытынды көрсеткіш «жақсы» немесе «өте жақсы» болуы қажет.

                       Мемлекеттік стипендияның түрлері:

-ең төменгі мемлекеттік стипендия (әдеттегі стипендия);                                              -жоғары мемлекеттік стипендия (повышка);                                                                  -президенттік мемлекеттік стипендия [1].

Егер сіз білім беру грантының иегері болсаңыз, онда сізге бірінші семестрдің соңына дейін әдеттегі (ең төменгі) стипендияны алатын боласыз. Стипендия ай сайын төленеді. Стипендия айдың соңында түседі.

Бірінші сессия қорытындылары бойынша, егер студенттің «өте жақсы» және «жақсы» бағалары болса, оған одан әрі стипендия алу мүмкіндігі беріледі. Егер сессия қорытындысы бойынша студентте тек «үздік» деген бағалары болса, келесі семестрде ол 15% — ға жоғарылатылған стипендия алатын болады. Жазғы демалыс кезеңіндегі Стипендия екі айға (шілде, тамыз) жиынтық түрде төленеді.

2о2о жылдың көрсеткіші бойынша ең төменгі мемлекеттік стипендия айына 26186 теңгені құрайды.

Емтихан сессиясын тек «өте жақсы» бағалармен аяқтаған студенттер мен магистранттар үшін жоғары стипендия қарастырылған, олар 15% үстемемен стипендия алады. Яғни 26186 теңгеге 15 пайызды қосасыз. Нәтижесінде айына 3о144 теңге шығады. Жоғары стипендия алу мүмкіндігі жоғары оқу орындарында да, колледждерде де ұсынылады.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ