Мұзды жарып шыққан гүл

0
803

Әлемде 7 миллиард адам болса, 7 миллиард тағдыр бар. Жер ғаламшарындағы әр адамның тағдыры әр алуан. Сіздерге бүгін баяндайтын Луизаның да тағдыры өзгелерге мүлдем ұқсамайды. Ғұмырында түрлі қияндық көрсе де, өмірде өз жолын қалдырып, дара тұлға атана алған нәзік жандылардың бірі.                          

Психология әлемінде Луизаның алатын орны ерекше. Адам денсаулығының санамен қаншалықты байланысты екенін баяндаған психологтардың бірігейі. Отыздан астан кітаптың жарық көруіне себепші болған тұлғаның өмірі дүниеге келгеннен тәтті болған жоқ. Луизаның атақты психолог атануына оның өзгелерге ұқсамайтын тағдыры себеп болды.                                                                                                                     

 Луиза Лос-Анджелесте қарапайым отбасында дүниеге келген. Бір жастан асқан шағында ата-анасы ажырасып, анасы екінші рет тұрмысқа шығады. Бұл Луизаның балалық дәуреніндегі қиындықтың басталған шағы еді. Өгей әке қызын күнде сабаумен болады. Анасы да оған еш қарсылық білдірмейді. Бес жасқа толған шағында қиын оқиғадан Луиза психологиялық тұрғыдан зақым алады. Әке мен ананың сабауының асытында қалған оның балалық шағынан айтар естеліктері тек осы ғана. Кедейлік күйдегі өмір, өз ортасынан өзінің төмен екенін әрдайым сезіну бала жадында сақтары анық.                               

 Луиза он бес жасқа келгенде үй-ішінен бөлініп, Чикагода өмірін жалғастырады. Бөтен жер, өзге қала Луизаны тіптен өзгертті. Даяшылық, үй қызметшісі қала берді сатушы қызметтерін атқарып күн көрді. Өзіндік еңбегіне қарай жылдар өте сән әлеміне қадам басты. Бұл қиындықтың артында қуаныштың ілесе жүретініне дәлел сынды. Аты шығып сән әлемінде беделі артты.                                                                                   

Қырық төрт жасқа келген кезде Нью-Йорктегі Діни ғылым орталығына барып, ілім алды, түрлі дәрістерге қатысты. Колледжді аяқтап діни қызметкер болып шықты. Бұл саланы психология саласымен байланыстырды. Оған қатерлі ісік дертіне шалдығуы себеп болды.

Дәрігерлер үш ай өмірің қалды дегенге қарамастан, Луиза еш дәрі-дәрмек, отаға жүгінбестен емделіп шықты. Дәл осы жайт психологиядағы жаңалықты ашуға себеп болды. Адам санасының тәндегі аурумен қаншалықты байланысты екенін ұғынуға жәрдем етті. Бір қызығы дерттен сауыққан соң Луиза өзінің 90-нан асқан анасын өз қолына алып, күтім жасады. The Hey Foundation қайырымдылық қорын ашып, қайырымдылық шарасымен танылды. Түрлі тағдырмен танысып, адамдарға жәрдем етті.                                                                 

  Түйін: Луизаның тағдырынан не аламыз?                                                                     

Тағдыр ешқашан сынақсыз келмейді. Біздің өміріміздегі қиындық тек бізде ғана емес , басқа да жандардың өмірінде бар, тек әр тағдырда әртүрлі көрініс табады. Луизаның тағдыры баршамызға бәлки сабақ бола алады. Басы қаттының аяғы тәтті демекші, сынақ келгенде сабыр ете білсек, алға қадам бассақ өмірдің өзі бізге мүмкіндіктер есігін ашпақ.

Ал ата-анаға байланысты, ата-ана қашанда біздің жарық әлемге келуімізге себепкер жандар. Қандай сөз айтпасын, қандай әркекет етпесін оларға біз қарыздармыз. Луиза Хей осы тұста үлгі бола алды. Анасы дүние салғанша өз қолына алып, күтімін жасады. Бүгінде ата-ананың бір сөзін көтере алмайтын жандар үшін үлгі бола алары хақ.

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ