Мектепке дейінгі тәрбие берудегі танымдық оқиға

0
7877
Гомотетия және оның қасиеттері

Мектепке дейінгі тәрбие берудегі танымдық оқиға

Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің біліктілігін арттыру шараларына қатысып, жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес жаңаша көзқарастағы әдіс тәсілдерді өз тәжірибемде кеңінен қолданатын балдым. «Күн тәртібін» жасай отырып, баланы екі жақты тәрбиелеуге негізделген әдіс – тәсілдерді жоспарыма енгізу барысында тиімді нәтижелерге қол жеткіздім. Бақылау барысында ерекше қызығушылығы бар балаға «Танымдық оқиға» жазадық. Қорыта айтқанда түйінді идеяларды қолдану балалардың жеке дамуына, қалыптасуына тиімді ықпал етеді деп ойлаймыз. Тaнымдық оқиғаларды ең бірінші Жаңа Зеландияда кіші жастағы балаларға арналған білім беру бағдарламасында қолданып көрген еді. Тaнымдық оқиғаның пайдасы әр бала бойындағы қызығушылығын арттыру, балалардың күшті тұстарын және де маңызды сәттерін жазып алу. Танымдық оқиғаны менде басқа әріптестерім сияқты өз тәжірбиемде қолдануды жөн көрдім. Бүгін біз балалармен серуенге шыққан кезде біздің балалар әрқайсысы өз бетінше ойнап жүр, олардың ішінде ерекше көзге түскен балабақшаға келгеніне бір апта болған Абдуалим болды.

Абдуалим далаға серуенге шыға сала улескі ауласындағы гүлдерге назарын аударады, жүгіріп барып гүлдерді ұстап, иіскеп көреді. Абдуалим өте сезімтал, ақылды бала. Бақшада не істеп жүрсің деген сауалыма Абдуалим «Апай гүлдер қандай әдемі, әртүлі» дегенді айтты. Баланың гүлге қызыққандығы гүлдер алуан түрлі. Мен қалайда осы баланың қызығушылығын арттырсам деген оймен балалардың барлығын қасыма шақырып біраз гулдер жайында мағлұмат беруді жөн көрдім, гүлдерді баптап бақылауымыз керектігін түсіндірдім.

Гүлдің сабағымен, жапырағымен жәнеде гүлдің күлтешесімен таныстырып, көрсеттім, олардың сан алуан болатындығында айтып өттім.

Әрі қарай оқыту

Сол жерде өсіп тұрған «Герань» гүлін күннің сууына байланысты қазып алып, топқа әкеліп отырғызуды жөн көрдім.

Күннің екінші жартысында балаларды қасыма жинап герань гүлін отырғыздық. Балалар жақсы көңіл-күйде болды, қызығушылықтары арта түсті, себебі балалармен бірге жұмыс жасағанда олар гүлге қарап қызықты. Келесі күні «Танымдық» білім беру саласында «Жаратылыстану» пәнінде «Топтағы гүлдер» туралы оқу қызметін өттік. Бұл жердегі мақсатым кешегі отырғызған «Герань» гүлімен таныстырып, атын айтқызу. Абдуалимнің қызыққаны соншалық «Апай мен гүлді суарайыншы» деп өтінішін білдірді. Біз балалармен Абдуалимге сенім артып гүлге су құйғыздық. Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысында балаларға «Герань» гүлі жайлы мағлұматтар берілді, ол бөлме гүлі екендігі, оның сабағы, жапырағы және күлтешесі болатыны туралы айттым.

Балаларға сурет арқылы гүлдің сабағын, жапырағын және күлтесін бөліп бердім, балалар өз бетінше гүлді құрастырды. Бұл жердеде Абдуалим бірінші болып тапсырманы орындады, оған гүлге тағы бір жапырақ орналастыруын тапсырдым. «Гүлді құрастыр» құрлымдалған ойын әдіс-тәсілдерін қолдандым. Бұл әдістердің тиімділігі біздің топтағы Абдуалим ғана емес балалардың барлығы гүлге қамқорлық жасап, оны аялап, ұқыпты қарау дағдылары қалыптасты, гүлге деген қызығушылықтары арта түсті.

Абдуалимге осы гүлді баптап өсіруді тапсырдық. Күнде таң ертең гүлді суғарып, жапырақтарын сүртіп қарауды әдетке айналдырды. Оның өзіне деген сенімділігі артты, ол өзіне тапсырылған жұмысын ұқыпты, тиянақты орындады. Куннің екінші жартысында балаларға гүл туралы тақпақ жаттатқызып, «Сиқырлы гүл» мультфилімін көрсеттім. Педогог ретінде мен өзіме гүлдер жайында ғаламтордан көптеген мағлұматтар алдым, гүлдердің түрлерімен таныстым. Серуен кезінде балалармен бақшадағы гүлдің арам шөптерін жұлып, суғарып қарадық. Кешке үйге қайтатын уақытта Абдуалимнің анасына баланың жетістігін, оның гүлге деген қызығушылығы туралы айттым.

Абдуалимді демалыс күндері қаладағы саябақтарға, гүлзарларға апарып гүлдердің басқада түрлерімен таныстырып, Абдуалимнің бөлмесіне бөлме гүлдерін алып берулеріне кеңес бердім. Абдуалимнің анасы ертесінде топқа бөлме гүлін акеліп берді, баласының қуанышында шек жок. Ары қарай баланың қызығушылығын арттыу барысында ата-аналар тарапынан «Алтын күз» мерекесіне орай гүлдерден көрме ұйымдастыруларын, қурап қалған гүлдердің түрлерінен ата-анасымен бірігіп, экибана жасауларын тапсырдым. Келешекте Абдуалимнен керемет гул баптаушы шығатынына сенемін. Танымдық оқиға қысқа мерзімді, құрлымдалмаған бақылау болды. Бұл баламен ары қарай бөлме гүлдерін түрлерін көбейтіп, өсіруді жоспарлаймын. Болашақта Абдуалимнен керемет гүл баптаушы шығатынына сенімдімін.

Қазіргі заман талабы – білімді, саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол, қоғамда өз орнын таба білетін тұлға қалыптастыру. Тұлға мәселесі қай уақытта да өзінің сан қырлы жақтарымен заман талабынан түскен емес. Бүгінгі мектеп жасына дейінгі жас ұрпақтарға келешекте өз өмірлерінің, олардың жастық қабілеттерінің нені қабылдап өрістете алулары қабілеттеріне жаңалықтылық концепцияларды үйлестіре білуге тәрбиеленуде және де осының арасынан дұрыс бағыт тауып өз кірген ортасында негізгі бейімділік тауып әрқашан өзгерістерге бейімділікпен тәрбиеленуі қажет.

Кішкентай балалардың бір нәрсені зерттеуге деген талпынысы биологиялық құбылыс. Үнемі бір нәрсені зерттеуге деген талпыныс бала мінезіне тән қасиет. Ол өзін қоршаған ортаны үнемі танып білгісі келеді. Баланың бір нәрсені зерттеп білем деген талпынысы, оны зерттеп оқу іс-әрекетіне итермелейді.

Баланы өзінің іс-тәжірибесі арқылы оқуға қызығушылығын арттыру, яғни «зерттеу арқылы оқыту» білім беру саласын демократияландыру кезеңінен байқалады, тәрбиешілер баланың оқу іс-әрекетін танымдық іс-әрекетіне жуықтауға талпыныс жасауға тырысу керек.

Балабақша тәрбиешісі

Идрисова Марал Ануарбекқызы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ