Менің отбасым. М дыбысы мен әрпі Ашық сабақ

0
3273
Collaborative lesson planning: Maximizing the influence of lesson study

Қысқа мерзімді жоспар

Ашық сабақ

Пәні: сауат ашу

ҰМЖ бөлімі: 1.3.«Менің отбасым және достарым»

Күні:19.11.19 ж

Сынып: 1 «А»

Мектеп: Атырау қаласы.

А.С.Пушкин атындағы №20 мектеп-лицейі

Мұғалім:Адирова Асылзада Қайыржанқызы

Қатысқандар: 20

Қатыспағандар саны:0

Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым. М дыбысы мен әрпі
Оқу мақсаттары
1.2.9.1 әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру;

1.2.1.1 сөз/сөйлем сызбасын оқу;

1.2.4.1 мұғалімнің көмегімен қарама- қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату;

1.3.11.1 сөйлемді бас әріппен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою

Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар:

М м дыбысы мен әрпін таниды. Дыбыстық талдау жасайды.

Оқушылардың көпшілігі: М м дыбысы мен әрпін таниды. Дыбыстық талдау жасайды. Сөз, сөйлем сызбасы арқылы өз отбасы туралы әңгімелеп бара алады

Кейбір оқушылар: М м дыбысы мен әрпін танып, дыбыстық талдау жасайды және сөз, сөйлем сызбасы арқылы өз отбасы туралы әңгімелеп, сұрақтар қоя алады.

Бағалау критерийлері
  • М дыбысы мен әрпін ажырату және әріпті дыбыспен сәйкестендіру; сөзге дыбыстық талдау жасау;
  • Сөз/сөйлем сызбасын оқу арқылы өз отбасы туралы әңгімелеу;
Тілдік мақсаттар
Отбасы- семья, family,
Құндылықтарды дарыту Оқушылардың жауапкершілік, еңбек пен шығармашылық ,сын тұрғысынан ойлау рухани құндылықтарды дарыту.
Пәнаралық байланыс Дүниетану
АКТ-ны қолдану Аудио тындату,планшет
Алдыңғы меңгерілген білім 1-тоқсанда алған білімдеріне сүйенеді. Кейбір әріптерді таниды. Сөздерге дыбыстық талдау жасайды. М дыбысы дауыссыз екенін біледі
Сабақтың мақсаты
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

3 мин

3 мин

1 мин

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын құру.

«Сәлем дос» Оқушылар бір-бірімен құшақтасу арқылы сәлемдеседі. Қолдарын қасындағы оқушының иығына қойып, бір-бірінің жылулығын сезінеді.

Топқа бөлу.

Таңдаған суреттері бойынша бірігеді.

1-топ: Мысық суреті

2-топ: Маса

3-топ: Маймыл

4-топ: Моншақ

Осы суреттердің ортақ белгісі бар ма, балалар?

«Ширату» дыбысты анықта

М дыбысы басында келсе, басымызды изейміз

Ортасында келсе, қол шапалақтаймыз

Аяғында келсе, аяғымызбен топылдатамыз

(маса, Марат, Алмас, арман, мереке, Әйгерім, ірімшік, адам, қамқор,тб)

Суреттер
Сабақтың ортасы

Білу, түсіну.

2 мин

2 мин

10 мин

10 мин

Қолдану

Тыңдалым

Аудио арқылы жаңылтпаш тыңдату

Мақтасы мол мақташы,
Мақтанышы — мақтасы.
Мәртебесін марқайтып,
Мақташыны мақташы?

-жаңылтпашта қай әріп көп айтылады.

Топпен жұмыс

-олай болса мына суреттен «м» дыбысына басталатын сөздерді табамыз. (30 сек) уақыт беріледі, оқушылар планшетпен жұмыс жасайды. 1 оқушы тұрып жауап береді.

Дескриптор

  • Оқушылар «м» дыбысына басталатын сөздерді табады.
  • Бір-бірінің ойын тыңдап, уакытты тиімді пайдаланады.

Қалыптастырушы бағалау

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Оқылым

Топтық жұмыс

1-топ: Жұлдызқұрт құрастыру

2-топ : Жоғалған әріптер

3-топ: Суретті сөздер

4- топ: Сөйлем құрастыр

Дескриптор
  • Оқушылар жеке және топпен оқиды.
  • Сөздерді буынға бөледі
  • Жұмыстарын қорғайды

Қалыптастырушы бағалау

«шапалақ»

Жазылым

-«Құм жазбасы» құмға жазып үйрену

-Даптердегі жазбаларын жазу

Дескриптор

  • М әріпін ауада жазып, дәптерге үлгі бойынша әдемі етіп жазады.
  • Жазу жолын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талапқа сай жазады.

Топпен жұмыс

«Дыбыстық талдау» әр топ оқушыларына суреттер беріледі. Сол суретке дыбыстық талдау жаса

Дескриптор

  • Суреттегі сөздің атауын жазады.
  • Сөздерге дыбыстық талдау жасап, ауызша айтады
Компьютер,

Аудиожазба

Сурет жүктелген планшеттер

Кітап

Шар

қағазша

Сабақтың соңы Кері байланыс

«Бес қадам»

  • Бүгінгі сабақта не үйрендің?
  • Не ұнады?
  • Не түсініксіз болды?
  • Бүгінгі сабақта кім көмектесті?

Егер түсінікті болса, жасыл жапырақ, түсінбеген тұстары болса сары жапырақ


А.С.Пушкин атындағы №20 мектеп-лицейі
Ашық сабақ
Пәні: сауат ашу
Тақырыбы: Мм дыбысы мен әрпі
Сыныбы:1 «А»
Мұғалім:Адирова Асылзада Қайыржанқызы
2019-2020 оқу жылы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ