Мемлекеттің инвестициялық саясатының мәні және мазмұны

0
4058
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.

2005 жылдың 18-ақпандағы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Онда еліміздің 1990- жылдардың басындағы экономикалық ахуалынан неден басталғаны туралы айтылады.

Жоспар

I- бөлім

  • Мемлекеттің инвестициялық саясатының мәні және мазмұны
  • Мемлекеттің инвестициялық саясатының экономика дамуындағы рөлі
  • Халықаралық инвестициялық саясатының тәжірбиесі

II-бөлім

2.1.    Мемлекеттік инвестициялық саясатының икемділігі және бюджеттік талдау

2.2     Мемлекеттік инвестициялық саясаттың механизмі және экономикадағы орны

 

Кіріспе

2005 жылдың 18-ақпандағы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Онда еліміздің 1990- жылдардың басындағы экономикалық ахуалынан неден басталғаны туралы айтылады. Қазақстанның іщкі өнімінің екі есе ұлғаюына, нарықтық экономиканың құрылуына инвестицияның тигізген әсері мол болды. Жолдауда « Экономикаға 30 миллиард АҚШ долларындай тікелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл бүгінгі Қазақстанның тұрақты, тиімді әрі сенімді әріптес екенін барша инвесторларға көрсетеді» деп  айтылуы инвесторлармен қатар еліміздің экономикасының даму жолына түскендігін, әлем Қазақстанға өз қаржысын салғысы келетінін көрсетеді. Өйткені инвестиция дегеніміз  табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады, яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысты немесе іске жұмсалынуы тиіс. Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың ең алғашқы, яғни 1997 жылы 10-қазанда Алматы қаласында өткен Республика белсенділерінің жиналысындағы «Қазақстан – 2030» барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Жолдауында шетел инвестициясы тоқталды.

2003 жылдың 9-сәуірдің Президенттік Қазақстан Жолдауында үкімет 2015 жылға дейінгі Индустриялық — инновациялық даму бағдарламасын әзірлеген: Инвестициялық сипаттағы тікелей мемлекеттік шығасылардың жылына орта есеппен 38 миллиард теңге (250 миллион доллар) болатынын жоспарлап отырмыз. Бұл қаражаттың едәуір бөлегі өндірістік және ғылыми инфрақұрылымды жасақтау мен жаңартуға жұмсалатын болады. Индустриалық — инновациялық даму бағдарламасын іске асыру мақсатында даму институттарының жүйесі құрылады әрі капиталданатын болады. Соның ішінде, қазірдің өзінде жинақтаушы, сондай-ақ тұрақтандырушы уәзипалар атқарып жатқан Ұлттық қор бар. Қазақстанның инвестициялық қоры құрылатын болады. Ол капиталына үлестік қатысу арқылы қосылған құны жоғары тауарлар өндіретін қазақстандық компаниялардың құрылуына жәрдемдесуге тиіс. Ғылыми — техникалық және кәсіпкерлік салалардың тұрақты өзара іс — қимылын қамтамасыз ету мақсатында Инновациялық қор құрылып, оған инновациялар мен венчурлық кәсіпкерлікті дамыту мен енгізу жөнінде неғұрлым кең өкілеттіктер жүктеледі.

         1.1  Мемлекетің инвестициялық саясаттың мані және мазмұны

 Инвестициялар деп — өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай сондай-ақ ақша қаражаты түрінде , яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады. Инвестиция дегеніміз — бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды , яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы клешекте , яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады. Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі – уақыт, ал екіншісі – тәуекелдік . Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып , елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың , ғылыми- техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің , инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады. Инвестор – қор нарығында құнды қағаздарды сатып алушылар болып табылады. Ұлттық инвестор дегеніміз- Қазақстан Республикасында инвестицияны жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Заңды тұлғасы. Инвестиция дегеніміз – табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады , яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысқа немесе іске жұмсалынуы тиіс. Инвестор өз алдына дербес екі топқа бөлінеді: — жеке инвесторлар (жеке адамдар). — инстиуттандырылған инвесторлар (банктер , инвестициялық қорлар , зейнетақы қорлары , тағы басқалары). Инвестициялық саясат дегеніміз – халық шаруашылығының әр түрлі салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал жұмсау саясаты. Күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың , оларды шешуші бағыттарға шоғырландырудың , қоғамдық өндірісте тепе- теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдерінің жиынтығы. Егер инвестициялық саясат дұрыс шешілсе, әрбір шығындалған теңгеге келетін ұлттық табыстың мөлшері өседі, өнім молаяды. Инвестициялық саясат күрделі қаржыны, қорларды өндіретін , өндейтін және ол өнімдерді пайдаланатын салалар арасында дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуі керек. Қазіргі кезде күрделі қаржыны жаңа өндіріс орындарын тұрғызудан гөрі оларды техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, қайта құруға бағытталып, одан әрі өндіріске жұмсалған күрделі қаржының ара салмағын өсіре беру көзделіп отыр. Нарықты экономикаға көшу кезінде инвестициялық саясат сұранысты қанағаттандыруға бағытталуға тиіс. Тікелей инвестиция дегеніміз- капиталды экспорттаушының қабылдаушы ел территориясында өндірісті ұйымдастыруын айтады. Тікелей инвестициялар арқылы халықаралық корпорациялар дүниежүзілік нарықта өз бөліктерін жүргізеді.

 

  • Мемлекеттик инвестициялық саясаттың экономика дамуындағы рөлі

Республиканың әлеуметтік – экономикалық дамуын басқарудың түпкілікті жаңа жүйесіне көшу осы процестің басты мәселелерін анықтауға себепші болады. Олардың бірі болып инвестициялық қамсыздандыру мәселесі табылады. Көшудің алғашқы кезеңінде заң шығаратын негіздер мен ұйымдық құрлымдарды құру, сондай-ақ, республиканың қаржылық ресурстарын пайдалану мен шетел инвестицияларын тарту жөніндегі өзіндік саясатты құру қажет болды. Қазақстандағы мемлекеттік инвестициялар жүйесін оңтайландыру мақсатымен инвестицияларды басқарудың заң шығаратын негізі мен органдары құрылды. Осы мәселе бойынша шаралардың біртұтас кешені қабылдануда. Соның ішінде, “Шетел инвестициялары туралы ”Заң (1991ж.); “Инвестициялық жекешелендіру қорлары жөніндегі Ереже” (1993ж.) ;”Қазақстан Республикасының шетел инвестициялары бойынша ұлттық агенттігін құру туралы ” ҚР Президентінің Жарлығы (маусым 1992ж.); “Инвестициялар бойынша ҚР Мемлекеттік комитетін құру жөніндегі ” ҚР Президентінің Жарлығы (қараша 1996ж.); “ Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы ”ҚР-ның Заңы (наурыз 1997ж.) және жекеленген жылдарға арналған инвестициялық бағдарламалар қабылданды. Бұл құжаттар елдегі инвестициялық процесті басқарудың негізін қалады; жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымды дамыту , елдің өнеркәсіптік және техникалық потенциалын дамытудың өсу қарқыны мен әртараптандыру саласында мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асыру мен көптеген экономикалық мәселелерді шешудегі органдардың дұрыс жүйесін , олардың функциялары мен міндеттерін анықтады. 2000 жылға дейінгі кезеңнің индикативті жоспарының жорамалы бойынша отандық пен шетел инвесторларының жеке капиталын салудың басым бағыттарына төмендегілерді жатқызу мақсатқа сай болады: жеңіл өнеркәсіптің , агроөнеркәсіптік кешеннің өңдеуші салаларының , машина жасаудың , құрылыс материалдары өнеркәсібі мен мұнай , химия өнеркәсібінің жаңа кәсіпорындарын салу мен реформалар жүргізу. Орталықтандырылған капитал салымдары есебінен әлеуметтік сала объектілерінің құрылысын мақсатты республикалық бағдарламалар шеңберінде жүзеге асыру қарастырылады. Мемлекеттік инвестицияларды басқару 4 жеке кезеңде жүзеге асырылуы қажет:

  1. Жоспарлау;
  2. Бағдарламалау;
  3. Бюджетті дайындау;
  4. Орындау;

Жоспарлау кезеңінде әлеуметтік – экономикалық дамудың орта мерзімді бағдарламасы мен оны макроэкономикалық деңгейде, сондай-ақ ,әрбір секторға қатысты алғанда да жүзеге асырудың стратегиясын құру мәселесі шешіледі. Бұл кзеңде инвестицияларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды тандау мен алдын ала бағалауға басты назар аударылады. Бұл үшін салалық министрліктер жобаларды қаржылық- экономикалық бағалаудың жалпы қабылданған әдістемесі негізінде ұсынылатын жобалардың сипаттамасы мен бағалануы болуы қажет, жуықтағы бірнеше жылға арналған инвестициялар бойынша ұсыныстарды дайындауы керек. Бағдарламалау кезеңіндегі басты мақсат- жоспарда бекітілген мақсаттарды қызметтің мемлекеттік бағдарламаларына өзгерту. Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына (МИБ) инвестициялар бойынша ұсыныстарды ұзарту бюджеттік процеске арналатын таңданудың сол бәсекелестік қағидаларына негізделуі қажет. Қаражат бөлу жөніндегі шешімдер мынандай факторларды ескеруі қажет: — бюджет орындалатын , макроэкономикалық жағдай; — инвестициялар бойынша ұсыныстардың нақты аспектілері , соның ішінде экономикалық аспектілер. Егер инвестициялық жобаларды (кеңес беру мен сатып алуда талдау) жүзеге асыру бюджеттік мекемелерінің міндеті болып табылса, инвестициялық жобаларды қауіпке жиі қойса, әсіресе қаражатты артық жұмсауда, мәселелерден аулақ болу үшін сақтықтың қосымша шараларын қабылдау қажет. Қазақстанға ең алдымен, мемлекеттік инвестицияларды тиісті инстиутуционалдық жүйесін құру мен жоғарыда аталған функциялардың (жоспарлау, бағдарламалау, бюджетті дайындау және оны орындау) ұйымдық пен тиімді орындалуын қамтамасыз ету қажет. Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау. Қазақстанда “Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы” Заң (28 ақпан 1997 ж.)қабылданған. Онда инвестицияның қызметі- инвестицияларды жүзеге асыру процесімен байланысты кәсіпкерлік қызмет деп көрсетілген. Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау ең алдымен келесілерден тұрады:

— инвестициялық қызметті қамтамасыз етудің заң шығарушы кепілдері;

— жеңілдіктер мен артықшылықтар жүйесін белгілеу (мемлекетті сол    немесе басқа кәсіпорындар мен ұйымдарға олардың қызметіне қолайлы жағдайлар жасау мақсатымен жеңілдіктер мен артықшылықтар беруі);

— Қазақстан Республикасының мүддесін инвесторлар алдында көрсетуге өкілетті, бірыңғай мемлекеттік органның болуы.

1.3.  Халыкаралық инвестициялық саясаттың тәжірбиесі

Халықаралық инвестиция нарығында еуронарықтың үлесі күннен-күнге артып келеді. Алғашында еуронарық XX ғасырдың 50-жылдарында Еуропа жерінде пайда болып, қазіргі танда бүкіл дүниежүзін қамтып отыр. Бірақ жетекші орын әлі де Еуропа еншісінде. Оның ең ірі орталығы — Лондон. Оның үлесіне еуропалық қаржының 1/5-і келеді. Бұл көрсеткішке мүмкіндігі жағынан Жапония мен АҚШ жақындайды. Әсіресе Токио мен Нью-Йоркте орналаскан ішкі офф-шорлық орталықтар күшеюде. Нью-Йорктегі бұл орталық 1981 жылы, ал Токиода 1985 жылы ашылды. Офф-шорлық орталықтағы барлық қаражат шаралары дүниежүзінің кез келген бөлігінде, сол елдің банк және салық жүйесі бақылауынан тыс, ел экономикасынан тәуелсіз, дербес жағдайда жүргізіледі. Еуропа, Жапония, АҚШ-тан кейінгі ірі қаражат орталықтарына — Сингапур мен Сянган, сондай-ақ Кариб теңізі аймағындағы елдер: Багам және Кайман аралдары, Панама жатады.

Қазақстан экономикасының дамуында егемендік алғаннан бастап, шетелдік несиелер мен инвестициялар белсенді пайдаланыла бастады. Ресми көмек ауқымында Қазақстан 2,8 млрд доллар көлемінде несие туралы 49 келісім жасады. 1993—1999 жылдары оның 1,7 млрд доллары игерілді. Республикаға көрсетілген көмектің 53%-ы Әлемдік Банкке, 18,3%-ы Азиялық Даму банкіне, 17,3%-ы Жапония мемлекетінің үлесіне тиеді. Ал тәуелсіздік алғаннан бергі Қазақстан экономикасына шетел инвестициясының келуі 10 млрд доллардан асты. Жарияланған деректер бойынша, инвестиция құрылымының 49%-ын тікелей, 1%-ьш портфельдік инвестиция, ал 28%-ын несие, 22%-ын халықаралық қаржы ұйымдарының заемы құрайды. Тікелей инвестицияның 60%-ы мұнай өндіру мен өңдеуге, 10%-ы түсті металлургия, 5%-ы газ өндіру саласына, ал қалған белігі қара металлургия, пайдалы қазбаларды барлау, тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және жаңа технологияларды енгізу мен ғылымды қолдау салаларын дамытуға салынды. Шетелдік инвестицияның Қазақстан экономикасына салыну мөлшері бойынша 1-орынды Жапония — 25,4%, 2-орынды АҚШ — 21,5%, 3-орынды Ұлыбритания — 17%-ын иеленеді.

ТМД және Балтық жағалауы елдері бойынша халықаралық несиелік рейтинг берілген елдер арасында Қазақстан Ресейден кейінгі 2-орын алады. Әлемдік Банктің мәліметі бойынша, дүниежүзілік несиелік рейтингте Қазақстан алғашқы 20 мемлекеттің қатарына енгізілген.[1]

2.1 мемлекеттик инвестициялык саясаттые икемдилиги жане бюджеттик талдау

2011 жылдың қаңтар-ақпанында негізгі қорға салынған инвестициялардың кґлемі бағалау есебімен 7565,3 млн.теңгені құрады, немесе 2010 жылдың қантар-ақпанымен салыстырғанда 2,5 есеге үсті. Облыс бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялардың їлес салмағы жалпы республикалық көлемнің 1,8%-ын құрады. Облыс бойынша инвестициялар көлемінің өсуі Батыс Европа – Батыс Қытай автомагистраль құрылысы жұмыстарына байланысты болып отыр. Инвестициялардың технологиялық құрылымында ғимараттарды салу мен кұрделі жґндеу жұмыстары 81,2%-ды, машинелер, жабдықтар, құрал-саймандар сатып алу 11,4%-ды, басқа да кїрделі жұмыстар мен шығындар 7,4%-ды құрады. Пайдалану бағыттары бойынша 2011 жылдың қаңтар-ақпанында негізгі қорға салынған инвестициялардың 62,7%-ы “көлік және қоймалау” саласына жұмсалды. Тұрғын жай құрылысына 527,5 млн. теңге инвестиция жұмсалды, бұл ґткен жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда 8,2%-ға артты. Жалпы игерілген инвестициялардың 7,0%-ы тұрғын жай құрылысының їлесіне тиді. 2010 жылдың қаңтар-ақпан айларында 21,3 мың шаршы метр тұрғын жай іске қосылды, бұл ґткен жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда 124,9%-ды құрады.

Тұрғын жай құрылысының 1 шаршы метрінің орташа бағамы 24,7 мың теңгені құрады.

2.2 Мемлекеттік инвестициялық саясаттың режімі және экономикадағы орны

Өндеу және қайта өңдеу салаларының дамуында артта қалған Қазақстан үшін қызмет көрсету тек қана экономиканы қалпына келтірудің негізі ғана емес, сонымен қатар тура шетел инвестицияларын тарту сферасы да бола алады.

Жеңілдік салық түрімен және  оларды ұйымдастырудағы преференциямен  оның төмен сапасы үшін айыппен немесе басқа да бұзушылықпен сипатталатын қызмет саласына елдегі қатынас Қазақстан үшін жалпы экономикалық дамудың көздері бола алады, өйткені халықтың жұмысбастылық деңгейін көтеруге, оның тұрмыс жағдайын жоғарылатуға ықпалын тигізеді.

Қазақстанда қызмет көрсетудің  жеке түрлерінің дамуын 2000 ж. құрылым бойынша анықтауға болады. Олардың жалпы көлемінен жылжымайтын мүлікпен байланысты қызмет көрсетудің үлесі 7,1% құрайды, жабдықтар мен машиналарды арендалау бойынша 0,9%, компьютерлік қызмет — 1,8%, зерттеу саласындағы қызмет көрсету 2,7%, коммерциялық қызмет 34,7%, мемлекеттік басқару саласындағы қызмет бойынша 9,7%, демалысты ұйымдастыру қызметі бойынша 9,0%, басқалар 0,4%.

Қазіргі кезде ҚР қызмет көрсету  саласы өзінің осындай өкілеттілігін  толық көлемде орындамайды. Көбінесе  осындай жағдай кейбір салаларды инвестициялайтын қажетті табыс саны жиналмауымен байланысты, ал салық заңдылықтары өндірісті ынталандырмайды3.

Осылай Қазақстанда қызмет көрсету  саласын дамытуды күшейту қажет,  инвестициялық саясат қажеттілігін  жасап, шетелден инвестицияның келу салдарын және мүмкіншілігін талдауға жүгіну керек.

Инвестициялық саясат экономикалық және техникалық өндірістік даму деңгейіне қатты  тәуелділікте болады. Инвестицияның  мақсатты параметрлерінің даму бағытын жаңа өндірісті ұйымдастыруға, техникалық қайта қарулануға және қолда барды реконструкциялауға қолдануға болады. Нарықтық экономикаға көшу жағдайында инвестицияны халықтық тұтынудағы тауарды өндеуге, машина жасауды қайта іске қосуға және отандық өндірісті ынталандыруға мақсатты бағыттау керек. Қазіргі кезде отандық өндіріс елдің тауарға деген сұранысының 40-50 % ғана қанағаттандыра алады. Дәл қазіргі уақытта инвестицияны өндірістік сфераны дамытуға мақсатты ынталандыру керек, сонда ғана айналым сферасында инвестицияны импорттық тауарды сату-сатып алу мақсатында пайдалану азаяды.

Жыл сайын республика шетел  мемлекеттерінен 1,3 – 2 млрд. АҚШ  долларын займ және несие түрінде  алып тұрады. Осындай соманың  үстіне процент қосып қайтарып  беру біздің еліміз үшін ауыр екенін есте сақтауымыз керек. Сондықтан, шетел капиталын тартудағы бұрын орын алған кемшіліктер ескеріліп, енді әрі жібермеу қажет. Болашақта инвестициялық саясатта өндіріс сферасын дамытуға отандық инвестицияны ынталандыруына көп көңіл бөлуі үшін қор нарығын активизациялау керек. Айналым сферасынан инвестициялар өндірістік сферасына ауысуы қажет, бұл жаңа жұмыс орындарын ашады және жұмыссыздық санын азайтады4.

Тартылған шетел инвестициясына  үлкен процент төлейтіндіктен, оны рационалды пайдалану жолдарын іздеу керек. Сондықтан инвестиция көзінің альтернативасын іздеуді талап етеді. Бұл ішкі ресурстар.

Мемлекеттік реттеудің сенімді  экономикалық құралы болып салық  табылады. Инвестицияны өндірістік  сфераға жұмсайтын кәсіпкерлерге деген салық сауда орындарына жұмсайтын кәсіпкерлерге салатын салықтан әлде қайда төмен болу керек. Отандық инвесторларға деген талап шетелдіктермен салыстырғанда қатты болмауы керек. Сонда ғана отандық өндірісті жандандыруға болады.

Инвестицияның көлемі қосымша көздердің құрылуына да байланысты. Солардың ішіндегі инвестиция көзінің елеулісі және ел бюджетінің табыс жағын көбейтуінде үлкен орын алатыны шетелдік компаниялардың басқарылуы беріліп қойылған кәсіпорыннан түсетін табыс болып табылады. Өкінішке орай, мұндай кәсіпорындарда табысты тығып қалу жағдайлары кездесіп жатыр. Классикалық мысал ретінде мұнай өндіру мен металлургия кәсіпорындары жатады. Мұнай бағасының өскенімен бюджетке түсетін табыс мөлшері ұлғаймай тұр. Қаржы Министрлігі және салық полициясы қатаң бақылау орнату қажет.  

Қорытынды

Кез келген мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, және қаржылық тұрақтылығын және әрі қарай өсуін анықтайтын шешуші факторлардың бірі – бұл оның инвестициялық белсенділігі. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға көшкелі бері жүргізілген экономикалық бетбұрыстар халық шаруашылығының негізгі буыны болып саналатын кәсіпорындардың құқықтық, қаржылық-экономикалық және әлеуметтік жағдайын, олардың шаруашылық және азаматтық жүйелердегі дәрежесін айтарлықтай өзгерістерге ұшыраттты. Жеке меншікте, аралас, акционерлік меншікте құрылған миллиондаған кәсіпорындар пайда болды және қазіргі таңда қызмет етуде, көбею үстінде, даму барысында. Осылардың барлығы кәсіпорындардың инвестициялық қызметін ұйымдастыру және басқару механизмінің өзгеруіне себеп болды. Мемлекеттің инвестициялық қызметі оның экономикалық өсуінің, ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекелестікке қабілетті болуының алғы шарттарының бірі болып табылатындығы сөзсіз.
Нарықтық қатынастардың дамуымен қатар барлық ұйымдық-құқықтық кәсіпорындардың қаржылық-шаруалылық тәжірибесінде қаржылық инвестициялар да кеңінен етек жайып келеді. Акционерлік қоғамдар жыл өткен сайын көптеп ашылу үстінде, банктер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ мемлекет те уақытша бос ақша қаражаттарын тарту үшін қарыздық құнды қағаздарды кеңінен пайдаланатын болды. Туынды құнды қағаздар (фьючерстер, опциондар және т.б.) нарығы да дамып келе жатыр.
Осы айтылғандар мемлекет тарапынан қазіргі заман талаптарына, нарықтық экономика талаптарына сай инвестициялық саясат жүргізуді қажет етеді. Кез-келген мемлекет инвестициялық саясаты мүмкін болған инвестициялық жобалардың ішінен өзінің стратегиялық мақсаттарына сай нұсқаларын таңдап ала білумен сипатталады. Сонымен қатар, инвестициялық саясат жобаларды қаржыландырудың оңтайлы көздерін тартуды, оларды тиімді орналастыруды, нәтжижесінде инвестициялық табыс табуды немесе капитал өсімін қамтамасыз етуі керек. Сондықтан да инвестицияларды дұрыс басқару қазіргі таңдағы көкейтесті мәселелердің бірі болып отыр.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .

1. Т.Тасмағанбетов « Басқарушы есеп ,стратегиялық « Дәуір » жос-
парлау және талдау » Алматы 2002

2. В. К. Радостовец « Кәсіпорындағы ухгалтерлік есеп » А – 2003

3. Д.М. Мадиярова . «Сыртқы экономикалық саясат және эконо- микалық қауіпсіздік » . Алматы – 2000 ж.

4. А. Мейібеков «Кәсіпорын экономикасы » . Алматы – 2002 ж.

5. «Саясат » № 10 . 2003 жыл .

6. «Ақиқат» № 3 . 2000 жыл .

7. «Ақиқат » № 6 . 2000 жыл .

8. «Қазақстанның инвестициялық қызметі ,» — Алматы — 2003 ж.

9. Г. Жолдасбаева «Кәсіпорын экономикасы » Алматы – 2002 ж.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ