Мемлекеттің пайда болу себептері, белгілері

0
7114

«Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік – экономикалық жаңарту мен саяси демократиялаудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр» — деп ел Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына атап өткендей бүгінгі Қазақстан мемлекетін нығайту бұл — тұрақтылық пен прогрестің басты факторы.

ЖОСПАР

Кіріспе

  1. Мемлекеттің пайда болу себептері, белгілері
  2. Мемлекеттің қызметтері
  3. Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам
  4. Қазақстан Республикасы – егеменді унитарлы мемлекет

Қорытынды

 

Кіріспе

«Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік – экономикалық жаңарту мен саяси демократиялаудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр» — деп ел Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына атап өткендей бүгінгі Қазақстан мемлекетін нығайту бұл — тұрақтылық пен прогрестің басты факторы. Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздік алғаннан бері онбес жылдан астам уақыт өтті. Тарих ауқымын алғанда бұл — уақыт жиынтығы ғана, ал мұндай уақыттың ішінде, әлбетте, мемлекеттік дамудың сапалық жағынан жаңа үлгісін қалыптастыру біршама қиын. Он жыл — бұрынғы бірқалыпты тіршіліктің талай жылдарына татитын оқиғаларды бойына жинақтаған уақыт болды.

Қазақстан Конституциясы мемлекеттілігіміздің беріктігін нығаюы, билік салалары арасындағы өкілет бөлісуді заңды түрде бекітілуіне біз куәгерміз. Азаматтық қоғам институттары құрылуда, адам құқығы сақталынуының кепілдіктері бекітілді, бұқаралық ақпарат құралдары еркін жұмыс жасауда.

  1. Мемлекеттің пайда болу себептері, белгілері

Мемлекет деген ұғым бірнеше мағынада қолданылады.
Біріншіден: қоғамды басқаратын аппарат. Себебі «үкімет» деген ұғымға сай. Екіншіден: қоғам мүшелерінің ассоциациясы. Мұнда «халық», «ел», «қоғам» сөздеріне сәйкес.

Мемлекет саяси жүйенің негізгі бөлігі болып саналады. Мемлекет алғашқы қауымда болған жоқ. Себебі алғашқы қауымдық құрылыста теңсіздік болған жоқ. Құл иеленушілік құрылыста мемлекет пайда болды, себебі өмірге басқарушылар мен бағынушылар келді. Мемлекеттің пайда болуы туралы әр түрлі анықтамалар бар:

Патриархтық теория. Оның негізін салушы XVIII ғ. өмір сүрген ағылшын ойшылы Роберт Филмер. Ол мемлекеттің пайда болуын рулардың тайпаға, тайпалардың одан үлкен қауымдастыққа, олардың одан әрі мемлекетке дейін бірігуінен деп санайды.

Қоғамдық келісім теориясы. Негізін салушылар: Т.Гоббс, Г.Гроций, Ж.Ж.Руссо. Мемлекет тәуелсіз әмірші мен оның қол астындағы адамдардың келісімі арқылы пайда болды.

Теологиялық теория. Негізін салушылар: А.Августин мен Фома Аквинский. Мемлекет құдайдың құдіретімен пайда болған. Зорлық жасау теориясы. Негізін салушылар: Е.Дюринг, Л.Гумплович, К.Каутский. Мемлекет бір елді екінші елдің басып алуының нәтижесінде арасындағы қатынастарды реттеу үшін пайда болды.

Географиялық теория. Негізін салушылар: А.Гатцель, В.Соловьев, Б.Чичерин. Мемлекеттің пайда болуы географиялық ортаның өзгешеліктерінен деп түсіндіреді.

Психологиялық теория. Адамдарға бағыну мен құлшылық ету қажеттігі мәңгі бақи тән болған дегенді айтады.

Марксистік теория. Мемлекет жеке меншік пен таптың пайда болуынан туған дейді. Яғни, экономика жағынан үстем болып тұрған таптың мүддесін қорғап, басқа таптардың қарсылығын басу үшін керек дейді.
Шетелдік зерттеушілер мемлекеттің мәнін таптық күресті бітістіруде, татуластыруда деп біледі. Қоғамға қауіпті әлеуметтік шиеленістерді асқындырмауға тырысып және оларды бейбіт саяси жолмен шешу үшін мемлекет негізгі әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарға белсене араласып, ортадағы әділ төреші сияқты болуы керек дейді.
Қорыта келе, мемлекет деп – белгілі бір аумақ шеңберінде адамдардың әлеуметтік топтар, таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементін айтамыз.

Мемлекеттің мынадай белгілері болады:

  1. Өзінің шекарасы бар, белгілі территориясы болады. Өндірістің өркендеуі, сауданың өсуі, еңбектің бөлінуі, халықтың көбеюі кәсіпке байланысты аумақтық бөлінуге әкелді. Аудан, облыс, штат, т.с.с. пайда болды.
  2. Ерекше үкімет аппараты болады: мемлекетте әр түрлі мәселелерді шешу үшін қарулы әскер, шенеуліктік аппарат, полиция, сот, барлау, шіркеу, баспасөз, т.б. құралдар қажет болады.
  3. Мемлекет егеменді болуы керек. Ол – ішкі және сыртқы істерін атқарудағы толық тәуелсіздігі, дербестігі.
  4. Ішкі істер органдары, тергеу комитеті, прокуратура. Қылмыс жасағандарды еркінен айырудан бастап, өлім жазасына дейін кесе алады.
  5. Салық салу. Үкімет аппаратын ұстау үшін халыққа салық салады.
  6. Мемлекеттің азаматтығын алу қажет. Сол жерде туып, өскен соң, сол елдің азаматы болуың керек, онсыз мемлекет тарапынан қорғаныш болмайды.

Осы айтылған белгілер мемлекетті басқа ұйымдардан ерекшелендіреді.

  1. Мемлекеттің қызметтері

Мемлекеттің ішкі, сыртқы қызметтері болады.

Ішкі: Экономикалық салада мемлекет кәсіпкер, жоспаршы, үйлестіруші ретінде мәселелерді шешеді. Экономикалық бағдарламаны жасайды. Халық шаруашылығының әр түрлі салаларының арасындағы байланыстарды реттеуге, экономикалық интеграцияны өрістетуге, ғылыми-техникалық революцияның жетістіктерін енгізуге, т.с.с. қатысады.

Әлеуметтік өмірді ұйымдастырады. Халықтың әл-ауқатын, өмір деңгейін көтеру, денсаулықты сақтау ісін жақсарту, тұрмыс қажетін өтеуді жетілдірумен айналысады.

Заңдылықты қамтамасыз етеді. Ел ішінде қарапайым тәртіпті сақтауға, қылмысқа қарсы күресті өрістетуге, әкімшілік – зорлыққа жол бермеуге басшылық етеді.

Мәдени-тәрбиелік салада мемлекет халыққа білім беру және оқу-ағарту ісін, ғылымды, әдебиет пен өнерді дамыту жөнінде қамқорлық жасайды.

Сыртқы:

Мемлекеттің тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау.

Өзін-өзі билеу, егемендігін сақтау, басқа елдермен тиімді қарым-қатынасты орнату, олармен бірге алынған міндеттердің екі жаққа бірдейлігін қамтамасыз ету.

Өз елінің саяси мүддесінің ықпалдылығына, ұтымдылығына, өтімділігіне, тиімділігіне жағдай жасау, басқа елдердегі жаңалықтар туралы өз еліне дер кезінде мәліметтер беру және т.б.

Жалпы азаматтық, аймақтық саяси негізде интеграциялық процестерді дамыту.

Қорытындылай келе, мемлекеттің ең басты міндеті – қоғамның тұрақтылығын орнатып, қалыпты тіршілігіне жағдай жасау. Ол әр түрлі топтарға, жіктерге бөлінген қоғамның бірлігін қамтамасыз етуге тиіс.

  1. Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам

Азаматтық қоғам туралы елеулі еңбек қалдырып, үлес қосқандар:

Ш.Монтескье, Ж.Ж.Руссо, Т.Гоббс, Т.Пейн. Азаматтық қоғам деп мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтады.
Азаматтық қоғамға отбасы, кооперациялар, қоғамдық ұйымдар, ассоциациялар, кәсіби, шығармашылық, спорттық, этникалық, т.с.с. бірлестіктер жатады. Мұнда әрбір адамға саяси, экономикалық, рухани өмірінің түрін еркін таңдауына кепілдік береді. Адамның құқықтары қорғалады.

Азаматтық қоғамда әр адамның өз еркімен әр түрлі меншік түрі таңдауына, белсенді еңбек етуіне жол ашылады. Саяси салада да төмендегідей құқықтар негізге алынады:

Ұлттық-этникалық, саяси, діни, жастық, жыныстық белгілері бойынша қандай да болсын алалаушылыққа жол берілмейді;

Жеке-тұлға мен азаматтық абыройы болып саналатын үйі мен мүлкі, мамандық таңдау еркіндігі, тұратын мекенін таңдау, телефон-хаттағы сөз құпиялылығы, сөз, баспасөз, т.с.с. заң жүзінде сенімді қорғалады;
Адам өзінің көзқарасы мен рухани мүдделерін өзі шешеді;
Азаматтық құқықтар сот органдары мен қоғамдық ұйымдар тарапынан толық қорғалады.

Азаматтық қоғам материалдық, мәдени жоғары дамыған кезде құқықтық мемлекетке айналады.

Құқықтық мемлекет деп – демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі де тең саналатын, жеке адамның құқығы жан-жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылысты айтады.
Заңдар халықтың еркіндігін білдіреді. Мұнда мемлекет те халық та екі жақты өзара жауаптылықта болады. Мұнда қысым мүлде болмайды, оларға жол берілмейді. Адам құқығы билік дәрежеде сақталады.

Құқықтық мемлекет белгілері:

Үкіметті заң шығарушы, атқарушы, сот жүйесі арқылы жіктеу;

Мемлекеттің өзі және органдары заңға байланысты;

Мемлекеттік және мемлекеттік емес институттардың қызметтері мен өкіметтігін шектеу;

Заңның қоғам өмірінің барлық саласында жоғары тұруы;
Заңдылықты сақтауды қадағалау мен бақылаудың тиімді формаларының болуы;

Мемлекет пен жеке адамның өзара қатар жауапкершілігінің болуы.

4. Қазақстан Республикасы – егеменді унитарлы мемлекет

1991 жылы 1 желтоқсанда жалпыхалықтық дауыс беру арқылы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының президенті болып сайланды. 1991 жылы 10 желтоқсанда «Қазақстан ССР-і атының өзгеруі туралы» заң қабылданып, «Қазақстан Республикасы» атанды. 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстанның Егемендігі туралы» Конституциялық заң қабылданды. 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Елтаңбасын, Туын, Әнұранын бекітті. 1993 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы өзгертіліп, қайта қабылданды.

Азаматтық қоғамның мәні

Адамзат қауымдасуының ең жоғары баспалдағы және формасы. Мұнда ерікті түрде қалыптасқан қоғамның экономикалық, әлеуметтік, рухани салаларындағы мемлекеттік және саяси емес құрылымдар: отбасы, ұйымдар, кооперативтер, одақтар мен басқа да бірлестіктер қамтылады;
Қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік, отбасылық, ұлттық, рухани, адамгершілік, діни, өндірістік, жеке және т.б. мемлекеттік және саяси емес қатынастардың жиынтығы. Бұл адамдардың әдет-ғұрыптары, дәстүрі, адамгершілігі болып саналады.

Жеке тұлғалардың еркімен құрылған ұйымдардың және азаматтардың ассоциацияларының салалары. Мұның бәрі мемлекеттік өкімет органдарының тікелей араласуын немесе өзіндік шектеуіне жол бермейтін заңдармен қамқорлыққа алынады.

Азаматтық қоғамның белгілері

Экономика саласында:

Ассоциациялар;

Отбасы;

Мемлекеттік емес кәсіпорындар;

Арендалық кооперативтер;

Жалгерлік ұйымдар;

Акционерлік қоғамдар.

Рухани өмірде:

Ой, ар, сөз бостандығы;

Жамағат алдында өз пікірін айту мүмкіндігінің ақиқаты;

Шығармашылық, ғылым және басқа да бірлестіктердің дербестігі мен тәуелсіздігі.

Әлеуметтік салада:

Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар;

Қызмет орны мен тұрғын үй орны бойынша құрылған өзін-өзі басқаратын органдар;

Мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары;
Қоғамдық пікірлердің қалыптасуын, байқалуын анықтап отыратын әлемдік мәдениетке сай келетін тетіктерін орнықтыру;

Әлеуметтік қақтығыстарды, дау-дамайларды іс жүзінде күштеусіз, заң шеңберінде реттеу тәжірибесі.

Азаматтық қоғамның даму кезеңдері.

Ертедегі қарапайым адамдардың шағын топтары өмір сүру мақсатында ішіп-жем мен баспана табу, табиғат апатынан, аң-құстардан қорғану үшін тұрақсыз қауымдасуды қалыптастырды.

Жылдар өткен сайын бірлестіктер саны өсіп, қызметі күрделіленіп тұрақты қалыпқа түсіп, орнықты ұйымдарға айнала бастады.Азаматтық қоғам өз мүдделерін қорғау үшін мемлекет құрады, оған мүмкіндігінше қамқорлық пен бақылау жасайды.

Әлеуметтік прогрестің дамуы саяси өмірдегі ірі жаңалықтарға жол ашты. Бірақ азаматтық қоғам әлі де бұғанасы қатпаған жас сәби сияқты мемлекет оны ығыстырып, адамдар тағдырын өз заңдары бойынша шешуге ұмтылды.

Уақыт озған сайын азаматтық қоғамның іргетасы көтеріліп нығая түседі, оның негізгі құрылымдары қалыптасады, оның ішінде қорғау қабілеті жетіледі. Қоғамның мемлекетпен арақатынасы заңмен реттеледі.
Жекеленген және өмірлік маңызы бар қоғамдық салалардың мемлекет ықпалынан қорғану деңгейі арта түседі. Саяси режимдер тұрақты қалыпқа келеді.

Дамыған елдердегі «әл-ауқатты» мемлекетке айналуына байланысты азаматтық шектеу пайда болады.

Дүниежүзілік тарихи даму барысында адамдардың шын теңдігін орнату, олардың түбегейлі арманын, мүдделерін азаматтық құқықтық қоғам реттейді. Әр адам өз еңбегінің нәтижесіне жауапты болады.

Қорытынды

Қорыта келгенде, азаматтық қоғамның ұйымдастырылу жағдайы мен принциптерін атап өткенді жен көрдік. Оларға жататындар:

  • экономикалық еріктілік, меншіктің әр қилы нысандары,   нарықтық қатынастар;
  • адам мен азаматтың табиғи кұқықтарын тану және қорғау;
  • биліктің демократиялық мәні;
  • заң және сот алдында әркімнің тендігі, жеке тұлғаның заңмен тұрақты және шынайы қорғалуы;
  • құқыктық мемлекеттің билікті   бөлу  және   өзара  іс- қимыл жасау принципіне негізделуі;
  • саяси және идеологиялық әр алуандылық, шынайы оппозициялардың (қарсы жақтардың, күштердің) болуы;
  • сез бен шығармашылық еркіндігі, бұқаралық ақпарат құралдарының тәуелсіздігі;
  • азаматтардың жеке өміріне мемлекеттің кол сұқпауы, олардың өзара міндеттілігі мен жауаптылығы;
  • бейбітшілік, ұлттық келісім;
  • әлеуметтік саясаттын, тиімділігі, адамның шынайы емір сүру деңгейін қамтамасыз ету.

Құқықтық мемлекет — бұл адамның табиғи құқығы танылатын және кепілдік берілетін, мемлекет билігінін заң шығарушы, атқарушы және соттарға бөлінуі шынайы жүргізілетін құқыктық заңдардың жоғарылылығы, азаматтардың мемлекеттін алдында, мемлекеттің азаматтардың алдында өзара жауаптылығы қамтамасыз етілетін азаматтық коғамдағы саяси билік ұйымының айрықша нысаны. Құқықтық мемлекеттін принциптері азаматтық қоғамның принциптерімен парапар.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ