Мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлық пен басқа да қылмыстар (сабақ жоспары)

0
992

Пән: Құқық негіздері

Сабақ түрі: ойын сабақ

Сабақтың типі: білімді жүйелеу, жинақтау.

Оқыту әдісі: тәжірибелік, Сын тұрғысынан ойлау технологиясының тәсілдерін қолдану

Пәнаралық байланыс: әдебиет, экономика, қоғамтану, саясаттану, әлеуметтану

Білімділік: Сыбайлас жемқорлық орын алған жағдайда құқықтық
және кешенін моральдық-этикалық нормаларға сәйкес әрекет
ету үшін қажетті білімдер қалыптастыру;
Дамытушылық: Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын
кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.

 

САБАҚТЫ ЖАБДЫҚТАУ

Көрнекті құралдар: Студенттердің салған газеттерімақал-мәтелдер, жағдайаттар, сұрақ –жауап парағы.

Негізгі әдебиет: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңы А:2017.

Қ.И.Оспанов Құқық негіздері. А:Жеті жарғы 2016ж. Адам,Қоғам,Құқық А.М.2014

Сабақтың барысы

Ресей отарына айналғанша, дәстүрлі қазақ қоғамында жемқорлықтың етек жаюына алғы шарттар қалыптаспаған еді.«Көшпелі қазақ қоғамының саяси — әлеуметтік жүйесіндегі демократиялық билік бидің қолында болды. Ауыл арасында жанжалдасқан немесе дауласқан адамдар арадағы дауды шешу үшін, сол ауылдағы қазақтың ғұрыптық заңдарын жақсы білетін, өзінің әділдігі, шешендігімен көзге түскен кез келген адамға жүгінуге құқылы болды.

Даудың әділдігі күмән тудырған жағдайда дауласушы тараптар басқа билерге жүгінді. Билердің әділетсіз шешіміне шағым жасау өте сирек кездесетін. Би дұрыс үкім шығармаған жағдайда өзінің абыройы мен беделінен жұрдай болып, би атағынан айырылып қалатын.

«Елдестірмек-елшіден,

Жауластырмақ -жаушыдан»,

«Кілемге бергісіз алаша бар,

Ханға бергісіз қараша бар»,

«Тура биде туған жоқ,

Туғанды биде иман жоқ»,

«Туғанына бұрғаны-Биді құдай ұрғаны»,

деген мәтелдер сөзіміздің айғағы.

Ендеше сайысымыздың 1 кезеңіне өтейік. «МАҚАЛ-МӘТЕЛ»

5 мақал-мәтел қоямын, соның жалғасын табуларыңыз керек.

«Адал» тобына қойылатын мақалдар.

  1. Адалдық — ардың ісі.(Ауырды көтеру-нардың ісі)
  2. Адалдық жүрген жерде, (адамдық жүреді.)
  3. Ағын су жолын табады, (ақ адам оңын табады)
  4. Арамдықты адалдық жеңеді, (жамандықты адамдық жеңеді)
  5. Ақыл — жас ұланнан, (Жүйрік — тай құнаннан.)

«Тәрбие» тобына қойылатын мақал-мәтел.

  1. Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды,

(Кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды.)

  1. Әдепті бала – арлы бала,

( әдепсіз бала – сорлы бала.)

  1. Балапан ұяда не көрсе,

(Ұшқанда соны алады. )

  1. Ағаштан ағаш сәнін алады,

(Адамнан адам тәлім алады.)

  1. Тәрбиелі адам (тағаланған атпен тең.)

«Білім» тобына қойылатын мақалдар

  1. Өз білмегеніңді кісіден сұра,(Үлкен жоқ болса кішіден сұра.)
  2. Білім гауһар, бағасы жоқ. (Надандық кесел, дауасы жоқ.)
  3. Ақыл — тозбайтын тон,(Білім – таусылмайтын кен.)
  4. Оқу — білім бұлағы, (Білім — өмір шырағы.)
  5. Білімдіге дүние жарық, (Білімсіздің күні қаріп.

Сайысымыздың 2-ші кезеңіне өтеміз.

Саяси, экономикалық және тұрмыстық жемқорлыққа сыбайлас жемқорлықтың қандай түрлері жатады?

Саяси жемқорлық Экономикалық жемқорлық Тұрмыстық жемқорлық

 

Параға жығу Тендерді теріс пайдалану Мәселесін жылдам шешу

үшін сый-сияпат жасау

бопсалаушылық ысырап қылу жебеушілік
Заңсыз кіріс табу

 

қызмет бабынпайдалану

 

тамыр-таныстық
Пара беру Лицензия алу үшін Қызмет көрсеткені

үшін сыйлық беру

 

Сайысымыздың 3-ші кезеңіне өтеміз.

Қандай іс-әрекетті «сыбайлас жемқорлық» деп атауға болады?

1.Туысы жоғары төленетін қызметке орналастырды ИӘ

2.Мемлекеттік қызметкер бизнес-компанияны басқарады ЖОҚ

3.Кәсіпкер ақшаны қолма-қолға айналдыру бойынша қызмет көрсетеді ЖОҚ

  1. Оффшорда банктік есеп-шот ашу ИӘ

5.Заңды тұлғаларды тіркеу жөнінде қызмет ұсыну ЖОҚ

  1. Жұмыс істейтін ұйымның автомобилімен

Қазақстанда саяхаттау ИЯ

7.Ірі бизнес-компания депутаттың сайлауалды

науқанына демеушілік етеді ЖОҚ

  1. Мемлекеттік қызметкер университетте дәріс

оқиды және қаламақы алады ЖОҚ

  1. Шенеуніктің туыстарының шетелдегі демалысын қаржыландыру ИЯ

Сайысымыздың 4-ші кезеңіне өтеміз.

Бұл сайыс әлемнің әртүрлі елдеріндегі мамандардың жемқорлыққа қарсы күресте тәжрибеде жинақтаған мысалдыры берілген. Әлемде жиі кездесетін нағыз қауіп тудыратын жайлар. Ұсынылған материалдармен қоса бұл мәселені қалай шешуге болатыны жайлы түсініктер беріңдер.

  1. Дұрыс емес тәжірибе (Армения, Ереван қ.)

Лиза и Алекс оказались в ситуации, которую хочет избежать любой родитель. Их новорожденному ребен Лиза мен Алекс кез-келген ата-ана жолағысы келмецтін жағдайға тап болады. Олардың Еревандағы мамандандырылған мемлекеттік клиникада дүниеге жаңа келген сәбилеріне медициналық шұғылжәрдем керек болады.

Отбасы Арменияның астанасы реванға келеді, алайда ауруханада оларға жаңа туған сәби жалғыз жататынын және ересек адам жататын орын жоқтығын айтады. Дегенмен медициналық қызметкер белгілі бірсоммаға келісіп ата-анасына сәбтінің қасына жатуға болатынын айтады. Егер ақысы төленбейтін болсаклиника қызметкерлері қуып шығамыз деп қорқытады.

Мұндайға Лиза мен Алекстің жағыдай келмейді, олардың ақшасы аз еді.

Егер бұл мәселені шешпесе олардың сәбилері толық ем қабылдап болғанша жалғыз жататын болады. Бұл Армения Республикасының заңына қайшы келсе де, ол ата-ананың баланың қасында болуына кепілдік береді (15 жастағы балаға дейін рұқсат етіледі) стационарлық ем қабылдаған кезде медициналық мекеме ақы алмайды. Алекс клиника басшылығына жолыққысы келді, мемлекеттік мекеме гой, бірақ оны ешкім тыңдамады, көмектеспеді. Медицина мекемесінің қызметкерлері заңды бұзып, өз пайдасын көздеп ақша тапқысы келіп тұрғаны айдан анық еді. Бұл мәселенің шешілуі баласының денсаулығына әсерін тигізетінін, ал ата-ана құқығы бұзылып тұрғанын жақсы түсінген Алекс жемқорлыққа ұйымға көмек сұрап құқығын қорғауын сұрады.

Қоғамдық ұйым қызметкерлері дереу Арменияның денсаулық сақтау министрлігіне және оқиға болған клиниканың бас дәрігеріне хабарласты. Қоғамдық ұйым жіберген хатында аурухана тегін ем көрсетуге тиіс бола тұра клиника қызметкерлері неліктен көрсеткен қызметіне ақы сұрағаны туралы толық түсініктеме берулерін талап етті. Жазған хаты жауапсыз қалатын болса, Алекс полицияға қызметкерлердің пара алмақ болғаны туралы арыз жазатын болады, ал қоғамдық ұйым заңгер жағынан жәрдемдеседі.

Екі сағаттан кейін Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкері түсінбеушілік орын алғаны жайлы хабарлайды. Ол заңға сәйкес сәбидің ата-анасына больницаға тегін орын беруін тапсырады. Қоғамдық ұйым қызметкерлері Алекс пен Лизадан сәбилері клиникадан толық ем қабылдап шыққанынша хабарласып тұрды.

  1. Тамыр-таныстық (Гватемала)

Хуан тұратын жер, жақсы атағы шықпаған қала. Жолдары жөнделмеген, тұрғылықты халқы мемлекеттен сапалы көмек ала алмайды, коммуникациясы бұзылған. Мұндай халге жетудің салдары көп, соның ішінде ендеп кеткен дерттің бірі жемқорлық – тамыр-таныстық.

Гватемаладағы жергілікті басқарудағы тамыр-таныстықты түбегейлі жою үшін 2002 жылы заң қабылданған болатын, онда басшылық мемлекеттік қызметке отбасы мүшелерін жұмысқа алуына тыйым салынған. Азамат Хуан белсенділік танытып мынаны анықтап отыр, қала басшылығы мемлекеттік қызметке оншақты туысын жұмысқа алған. Соның ішінде өзінің әйелі ұлдары және қыздары бар.

Хуан басты бақылау басқармасына арызданып барды, талабы мемлекеттік қызметкерлердің және мекеменің шығыны мен табыс көзін анықтап, белсенділер арасында тексеру жүргізу болатын.

Алған жауабы, мұнымен ешкім айналыспайды, бұл ешқандай өзгеріс әкелмейді, Хаунның өзне зиянын тигізуі мүмкін, өйткені қала басшысы өте ықпалды адам. Қала басшысына заңды орындатуға дәрмені жетпеген Хуан, жергілікті журналистер ассоциясына барды. Олардан қала басшылығындағы қызметкерлердің еңбек келісім-шарттарының көшермесін берулерін сұрады. Сұраныс қала басшылығын тіпті елемеді. Хуан дәл осындай сұранысты өзінің дәлелдерін келтіріп астанаға жазды.

Хуанның жазған хатындағы фактілерді тексере келе, мемлекеттік бақылау басшылығы қала басшысының мемлекеттік қызметтегі барлық туыстарын түгелдей жұмыстан шығару туралы үкім шығарды. Кейін олардың бәрі өз еркімен жұмыстан шықты. Қазір олардың орындарында білікті кәсіби мамандар жұмыс істеп жатыр. Қаланың өмір сүру әл-ауқаты жақсарып келеді.

  1. Түбегейлі шаралар (Қазақстан)

84 жастағы Алма өсиетхат қалдырмақшы болып шешті. Оның жеке меншігінде ұзақ жылдардан бері келе жатқан жер телімі бар еді.

Бұл жер телімін қызына мұра етіп қалдырғысы келді. Барлық құжатты тексеріп болғаннан кейін оның жеке меншігіндегі жер телімінің алты шаршы метрін іргелес көршісі заңсыз иемденіп алыпты. Алма жеке құқығын қорғау үшін сотқа арызданды. Сот өз шешімінде көршісінің Алмаға тиісті жер телімін қайтарып беруін және осыған байланысты құжаттардың бәрін қайта рәсімдеуі керек екенін көрсетті. Сот шешімін алғаннан кейін Алма құжаттағы жіберілген қателікті байқап қалады, бұл шешім дұрыс болмайтынын сезеді. Өйткені алты шаршы метр дегеннің орнына сот алты шаршы сантиметр деп жазып жіберіпті. Алма қатені түзетуін сұрады.Бұл өтінішіне орындалмайтынын айтты, себебі заң күшіне еніп кеткен еді. Оған қайта сотқа шағымдануын сұрады, одан кейін іс жаңадан қаралатын болады. Жыл бойы

Алма барлық инстанцияға барып шықты ҚР жоғары сотына дейін барды, барлық жер мәселені қайта қарастырмай тұрып жіберліген қатені түзетіп бермейтінін айтты.

Алма жемқорлыққа қарсы күресетін қоғамдық ұйымға шағымданды. Бұл ұйымның қызметкерлері құжатты толық зерттеп шешім қабылдаған кезде қате жіберген сот басшылығымен кездесті. Бірақ олар техникалық қате кеткенін мойындасада қатені жаңа іс қозғалмай түзетпейтінін ескертті.

Алманың рұқсатымен қоғамдық ұйым журналистерге шағымданды. Жағдай ушыға бастады. Бұл сот шенеуніктерін бастапқы шешімінен бас тартуға мәжбүр етті. Сот шешімі бойынша Алманың ісі қаралып қатесі түзетіліп мұралық құжатын рәсімдей алды.

Ендеше 5-ші кезеңге көшсек,

Бұл кезеңде үй тапсырмасы берілген ватманға «Жемқорлыққа қарсымын» тақырыбында газет шығарылу берілген. Газетті қорғау.

Ендеше 6-ші кезеңге көшсек «Жағымды, жағымсыз жағы»

Кестені толтыру. Әр топтан студент шығып орын орнына жапсыру

Күшті жақтары Әлсіз жақтары
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша нормативтік – құқықтық базаның болуы.

2 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қалыптасқан тәжірибесі.

1. Халықтың құқық сауаттылығының жеткіліксіз деңгейі.

2. Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдары қызметі ашықтығының жеткіліксіздігі.

Мүмкіндіктері

1.Халық тұрмысының жоғары деңгейі.

2,Қолданыстағы заңнаманы халықаралық стандарттар деңгейіне дейін жетілдіру

3.Инвестициялық ахуалды жақсарту

4.Сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалаудың халықаралық рейтингтерінде Қазақстан көрсеткіштерін көтеру

5.Мемлекеттік институттардың азаматтық қоғаммен ынтымақтастығын нығайту.

Қауіптері

1.«Көлеңкелі экономика» деңгейінің ұлғаюы

2. Инвестициялық тартымдылықтың төмендеуі

3.Мемлекеттік жобалар құнының «сыбайлас жемқорлық» құрамы есебінің өсуі.

4.Экономикалық тиімділіктің төмендеуі

5.Халық тұрмысы деңгейінің төмендеуі және әлеуметтік шиеленісінің артуы.

6.Азаматтық қоғам тарапынан қолдау көрсетілмеуі

 

Ендеше 6-ші кезеңге көшсек «Сіздің әрекетіңіз.»

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі барлық алынған білімдері бойынша, әр топқа жеке тапсырма беріледі

1 жағдай: Колледж оқытушысы емтиханда сізді үшінші рет құлатты. Өзінің барлық келбетімен, пара беруіңізді сұрайды. Сіздің әрекетіңіз.

2 жағдай: Сізге, қызмет жетекшісіне, заңнамаға сәйкес емес арнайы қызмет үшін ақшалай көмек ұсынады. Сіздің әрекетіңіз.

3 жағдай: Ыстық жақта демалу үшін, сізге жедел түрінде шетелдік құжат қажет. Брақ оны бір айдан кейін дайын болады. Сіздің әрекетіңіз.

7-ші кезең « ОЙ ШАҚЫРУ»

  1. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң қашан қабылданды? 07.1998 жыл
  2. “Сыбайлас-жемқорлық” деген не? (“Сыбайлас — жемқорлық” деген “параға сатып алу”, “пара” ретінде, «corruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді.)
  3. ҚҰҚЫҚ деген не ? (мемлекет орнатқан және оның күшiмен қорғалатын, жалпыға бiрдей қоғамдық қатынастарды реттейтiн тәртiп ережелерiнiң (нормалардың) жиынтығы.)
  4. Заң деген не? (мемлекеттiң ең жоғарғы басқарушы органының шығарған, қабылдаған ең жоғары күшi бар нормативтiк кесiм. Барлық заңдар және заңға тәуелдi нормативтiк кесiмдердiң Конституцияға сәйкес болуын Заңның үстемдiгi дейдi.)
  5. Қылмыстық Кодекстің 366-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген адамға бұрын жасаған заңды әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін сомасы немесе құны неше айлық есептік көрсеткіштен аспайтын болса қылмыстық жауапкершілікке жатпайды? (2 айлық есеп)
  6. Пара беру дегеніміз не? (қандай да бір коммерциялық келісімге келу үшін немесе жеке пайдасы үшін жасалған ынталандыру немесе марапаттау.)
  7. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін қандай жауапкершілік көзделген? (Сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін жазаның түрі мен мөлшері жасалған қылмыстық әрекеттің қауіптілік деңгейі мен келтірілген залалына байланысты болады. Мәселен, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі)
  8. Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн қашан жарияланды? (2003 ж 9 желтоқсан)
  9. “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы” заң қашан қабылданды? (18 .11. 2015 жыл)
  10. БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Конвенциясы қашан қабылданды?

(31.10.2003ж.)

Ой қортындылау INSERT кестесін толтыру

Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді?

 

Дереккөз: internet-konkursy.com

Басқа материалдар: 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ