Сабақ жоспары: Кіріспе және адам құқықтары туралы түсінік

0
930
Гомотетия және оның қасиеттері

Пән:  Құқықтану
Сынып: 11 «Б»  
Сабақ:
1  
Күні:

Тақырыбы: Кіріспе және адам құқықтары туралы түсінік

Білімділік: Оқушыларға адам құқықтары туралы түсінік туралы түсінік және олардың түрлері туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі:

1)жаңа материалды меңгеру;
2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;
3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;
4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;
5)аралас;
6)ізденіс,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі:
1)сұрақ — жауап;
2)баяндау;
3)әңгімелесу;
4)ізденіс;
5)топпен  жұмыс;
6)проблемалық;
7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар: 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:
1)Амандасу;
2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;
3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Әділдік идеясы құқықтың негізі және де ол қоғамның барша мүшелерінен адал, парасатты болуды, бір-бірімен сыйластық орнатуды, бір-біріне зиян келтірмеуді, қабылдаған ережелерді бұзбауды талап етеді.

Азаматтық құқық дегеніміз – азаматтық заңдардың көрініс тапқан мүлікті және мүліктік қатынастармен байланысты бар мүліктік емес қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы.

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі, заңдар, заңға негізделген актілер, әдеттік құқық т.б. жатады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі жалпы және ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлім 1994 ж 27 желтоқсан күні қабылданып, 1995 ж 1 наурызда заңдық күшіне енген, ал ерекше бөлімі 1999 ж 1 шілдеде заңдық күшіне енді. Азаматтық кодекстің құрылымы бөлім, бөлімше, тарау, баптар мен тармақтарға бөлінген. Жалпы азаматтық кодекс 1142 баптан тұрады.

Азаматтық құқықтың қағидаларына:

  • Тараптардың теңдігі;
  • Шарт еркіндігі және таңдау құқығы;
  • Еркіндік;

Азаматтық құқықтың да өзіндік реттеу пәні бар. Ол

  • Мүліктік қатынастар дегеніміз – мүлікті иелену, пайдалану және билік етуге (басқа біреуге беру) байланысты қатынастар. Мысалы, сату – сатып алу, жалға беру, мұраға қалдыру
  • Мүліктік емес жеке қатынастар екі топқа бөлінеді – мүліктік қатынастармен тығызбайланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастармен байланысты жоқ мүліктік емес жеке қатынастар.

Сабақты қорытындылау: Азаматтық құқықтың қайнар көздеріне  ҚР Конституциясы, ҚР Азаматтық кодексі, Басқа да заң актілері, Әдеттегі құқықтар, Халықаралық шарттар (конвенциялар)

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: § 1, Мазмұндап келіңдер және сұрақтарға ауызша жауап беріңдер.

Ұқсас материалдар:

  1. Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша сабақ жоспары
  2. «Виет теоремасы» бойынша сабақ жоспары

  3. Сабақ жоспары: FrontPage редакторының қосымша мүмкіндіктері


ПІКІР ҚАЛДЫРУ