«Виет теоремасы» бойынша сабақ жоспары

0
1375

Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың білімге деген қызығушылығын
арттыру, шынайы бағалауға, өзара көмекке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, деңгейлік тапсырмалар жазылған үлестірмелі қағаздар, оқулық, кесте «10-нан -99-ға дейінгі натурал сандардың квадраттарының» кестесі.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың әдісі: репродуктивтік, көрнекілік, практикалық, өзіндік жұмыс, сұрақ- жауап, сөйлеу.
Пәнаралық байланыс: әдебиет «ұлттық салт- дәстүрмен Виет теоремасын байланыстыру»
Сабақтың құрлымы: 1. ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылардың жұмысқа толық дайындығың, сабаққа келмегендерді белгілеу.
б) Оқушылардың зейінің жинақтау мақсатында, оқушыларға жалпы сұрақ қоямын:
Психологиялық сәт.
Ертеде елге танылған атағы дүйім жұртқа белгілі данышпан, ақылгөй өмір сүріпті. Оны көре алмаған бір қатігез кісі елге күлкі қылмақ ниетпен амал өйлап тауыпты. Көгалдан бір көбелек ұстап оны данышпанға апарып, қолымдағы зат тіріме, өліме? деп сұрайды. Егер өлі десе ұшырып жіберемін, ал тірі десе сәл мыжып өлтіре салайын деп ойлайды.

Осы оймен данышпанның алдына келгенде, данышпан оған ойланып қарап тұрып «Бәріде өз қолың да» деген екен. Ендеше бүгінгі сабақта жетістікке жетуде сендердің өз қолдарыңда. Олай болса бәріңе сәттілік тілеймін.

Ауызша жаттығулар: Математикалық жұмбақтарды шешеу.

1. Математикалық таңба ол
Білімің болса ашасың,
Теріс сан болса астында
Мағынасы жоқ деп қашасың.
Ол не? “квадрат түбір ”

2. Оң сандарға қол шатырдай,
Қалпақ болған беделі.
Квадраттасаң егер оны,
Жоғалтпассың сен оны.
Ол не? “квадрат түбір ”

 Мақсат қою кезеңі: (сабақтың мақсатын айту)
3. Үй тапсырмасын тексеру кезені:
Оқулықтан: №156 (ауызша)
№151 (ауызша)
Тарихи дерек( үйден қосымша іздену).
Әріпті өрнекті енгізген XVI ғасырдың көрнекті математигі Франсуа Виет (1540-1603) өзінің алгебралық ойларын “аналитикалық шеберлікке кіріспе” шығармасында жазған. Онда алгебраны математикалық есептеу әдісіне айналдыруды ұсынған Виет: “Барлық математик ғалымдар алгебрада теңдесі жоқ қазына бар екенін білген, бірақ қазынаны қалай табуды білмеді. Олардың неғұрлым күрделі деп тапқан есептері біздің шеберлік арқылы оңай шешіледі”, — деп жазған.
Бастапқы шамалар А әріпімен немесе басқа дауысты дыбыстармен E, I, O, V, ал берілгендерді B,D,G немесе басқа дауыссыз дыбыстармен белгілейік деп ұсыныс жасағанда Виет еді.

Виет – математикалық формуланың атасы
Цейтен Г.Г.

Оқушылардың іс- әрекеті: оқушылар тапсырма бойынша сұрақтарға жауап береді.
Мұғалімнің іс- әрекеті: сұрақтар қою арқылы оқушылардың білімін бақылайды.
Нәтиже: тек ауызша марапатталады.

5. Білімдерін тексеру кезеңі
Тақырып бойынша пысықтау сұрақтары
(ауызша жаттығулар).

1.  Егер D>0 болса, онда квадраттық теңдеудің неше түбірі болады?
2. Егер D=0 болса, онда квадраттық теңдеудің неше түбірі болады?
3. Егер D<0 болса, онда квадраттық теңдеудің неше түбірі болады?
4. Қандай жағдайда квадраттық теңдеу келтірілген квадраттық теңдеу деп атайды?

5. теңдеуінің коэффициенттерін атап шығыңдар.
6. Егер квадраттық теңдеуінде коэффициенттердің бірі – b не с немесе b мен с-ның екеуі де 0-ге тең болса, мұндай теңдеулерді қалай атайды?
7. Виет теоремасының тұжырымдамасын айту.

Келтірілген квадраттық теңдеу түбірлерінің қосындысы қарсы таңбасымен алынған екінші коэффициентке, ал көбейтіндісі бос мүшеге тең болады.

Өзіндік жұмыс:
1 деңгей тапсырмалары
Квадрат теңдеуді шешіңдер:

а) X2 +7x+12=0
б) X2 -2x- 35=0
в) X2 -8x+ 7=0
г) X2 +2x-3=0
Әрбір оқушы тапсырманы жеке- жеке орындайды, жауабы слайдта болады, әркімнің өзін бағалауына жағдай жасалады, оқушылар ұпайларын бағалау парағына енгізеді.

2 деңгей тапсырмалары
Квадрат теңдеуді шығармай түбірлерінің таңбасын анықтаңдар.
Жұптық тапсырма (үлестірмелі қағазда).
Оқушылардың іс-әрекеті жұптасып шығарады, оқушылар бірін- бірі тексереді, бақылайды, бағалайды, оқушы өзінің жинаған ұпай сандарын баға ведомысына енгізеді.
Тексеруші мұғалім:

3 деңгей
Кестенің бос тор көздерін толтырыңдар.
Оқытудың ұйымдастыру тұрі жеке- жеке, тексеру
интерактивтік тақтада

Теңдеу p q x1 x2
X2 +px+6=0 6 -2
X2 +px+6=0 6 3
X2 +3x+q=0 3 4
X2 +px+15=0 15 5
X2 +px-8=0 -2 4
X2 -3x+q=0 -1 4

Келесі кезекте тест тапсырмалары.

1.Берілген теңдеудің түбірлерінің қосындысы мен көбейтіндісін табыңдар:

А) 8; 15 В) -8; 15 С) 8; -15 D) -8; -15 Е) 5; -18

2. теңдеуінің бір түбірі 7-ге тең. Екінші түбірін және р-ны табыңдар.

А) 2; 5 В) -2; 5 С) -5; -2 D) 2; -5 Е) 5; -1.

Оқушылардың іс-әрекеті: жұмыс дәптеріне орындайды, дұрыс жауабын бір оқушы оқып, калғандары жұмыстарын тексереді.

”Зерде” ойыны. Атаның сөзі – ақылдың көзі.

(Виет теоремасын ұлттық салт-дәстүрмен байланыстыру).
Ойынның шарты: екі сан есім квадрат теңдеудің түбірлері,
Осы сандарға байланысты мақал- мәтелдер құрастырып
Олардың мағнасын, мазмұнын түсіндіру керек.

Мысалы: жауабы 1 тапсырманаң ( бір тал кессең, он тал ек)
2 тапсырма (7 рет өлшеп 1 рет кес)
3 тапсырма ( жігіт 8 қырлы 1 сырлы)
4 тапсырма ( 7 ұлттың тілін біл, 7 түрлі білім ал)
5 тапсырма (ұлға 30 үйден, қызға 40 үйден тыю)
6 тапсырма (алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел
болса төбедегі келеді)
7 тапсырма (1 ауызға 2 елі қақпақ)

№ Теңдеу Х1 Х2 Мақал-мәтел
айту
1. X2 -11х+10=0 1 10
2. X2 -8х+7=0 7 1
3. X2 -9х+8=0 8 1
4. X2 -14х+49=0 7 7
5. X2 -70х+1200=0 30 40
6. X2 -10x+24=0 6 4
7. X2 -3х+2=0 1 2

Тексеру ауызша.

Рефлексия.
1.Виет теоремасын қолдану арқылы . . .

2.Виет теоремасынан шығатын тұжырым . . .

3. Виет теоремасынан мен не білдім . . .

Рефлексия график бойынша: Ох осі- формулаларымен дұрыс жұмыс жасау дағдысы.
Оу осі- қорытынды шығара білу дағдысы.
Менің сабақтағы көңіл- күйім?
Үйге тапсырмасы.

1. Даналық сөздер жазып келу.
(Виет теоремасын ұлттық салт-дәстүрмен байланыстыру).

2.Виет теоремасына кері теореманы пайдаланып математика тұжырымдамаларынан келтірілген
квадрат теңдеу жазу.

Бағалау. Оқушылар өздерінің жинаған барлық ұпай сандарын бағаға айналдырып, мұғалімге өз білімдеріне сәйкес бағаларын айтады, журналға мұғалім баға қояды.

Қорытындылау: Иә, оқушылар бүгінгі сабақтың барысында көріп отырғандай барлығымыз жақсы қатысып, Виет теоремасын қолданып осы келтірілген квадрат теңдеудің шешу жолдарын толық менгерді деп ойлаймын, барлықтарыңның білімдеріңді толық саралай келе бағаларыңды қойдым.

Ұқсас материалдар: 

  1. «Қызықты математика» үйірме жоспары
  2. Натурал сандар және нөл. Математика пәнінен сабақ жоспары

  3. Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру. Математика пәнінен сабақ жоспары (тапсырмаларымен бірге)


ПІКІР ҚАЛДЫРУ