Рационал сандарға амалдар қолдану

0
987
Гомотетия және оның қасиеттері

Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарға амалдар қолдану

Білімділік мақсаты: Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тереңдетіп, жинақтап жүйелеу. Таңбалары әр түрлі, таңбалары бірдей сандарды көбейтіп, көбейтіндіні, бөліп бөліндіні және қосуды, азайтуды таба білуге үйрету;

Дамытушылық мақсаты: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру. Ой-өрісін кеңейту. Теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру;

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, тез шешім қабылдай білуге, пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: графапроектор, ноутбук, кеспе қағаздар, оқулық, ребустар, шырпылар.

Сабақ түрі: Тақырыпты пысықтау, бекіту

Типі: Іскерлікті, дағдыны қалыптастыру.

Әдісі: Деңгейлеп оқыту. Сұрақ – жауап. Ой – қозғау.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастырушылық кезең

А) Оқушылармен сәлемдесу; топқа бөлу.

Б) Сабақ мақсатымен, жоспарымен таныстыру.

Әр оқушы парталас жолдасына, гүлдерге жақсы тілектер жазып, бір — біріне ұсынады.Ол — көңіл күйлерінің жақсы болуы. Сол гүлдер түсіне байланысты оқушыларды топқа бөлінеді, ребус шешу арқылы топ аттарын шығарады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (2 мин)

Тірек схемалары бойынша сұраққа жауап алу

ІІІ. Қызығушылықты ояту (2 мин)

«Рационал сандар» сөзінің бастапқы әріптерінен өздерінің жақсы қасиеттерін айтып шығу.

Рационал сандарға қолданылатын амалдарды қайталау

  1. Деңгейлік тапсырмалар бойынша оқулықпен жұмыс.(20 мин)

А деңгейі №638

В деңгейі №644

С деңгейі №654

  1. Топтық жұмыс.«Мергендер сайысы»(10 минут)

Әр топтан бір – бір оқушы шығып, ілулі тұрған шарды жарып, ішіндегі тапсырманы топпен бірлесіп орындайды.

Есептер:

1есеп 5 шырпыдан бесбұрыш құрастырылған. Шырпылардың орнын ауыстыру арқылы бір мезгілде үшбұрыш, төртбұрыш және бесбұрыштан құралған фигура алу керек.

Жауабы:

2-есеп Теңдік дұрыс емес. Бір шырпыны орнын ауыстыру арқылы дұрыс теңдік алыңдар

Жауабы:

3 есеп Берілген теңдік дұрыс емес. Екі шырпының орнын қозғау арқылы дұрыс теңдік алу керек

VII

————- = I I

ХІ

Жауабы : ХII

————- = I I

VІ

4-есеп 2 шырпыны қозғап, 5 шаршы шығарыңыз.

Жауабы:

VII. Қорытындылау (6 минут)

Берілген тапсырмаларды орындап, жауабын әріптермен алмастырғанда «Тәуелсіздікке 2 жыл» деген сөз шығады.

С. 8*(-3)+(-7)=-31 Ә. -2*(-5)-12=-2

З. 3,5-(-0,7)*5=7 Е. 32:(-4)+5=-3

К. 6,4:(-1.6)-9=13 Д. 17-(-12):4=20

Ж. -42:6+10=3 І. 27-(-15):3=32

Т. 5,6:(-4)+0.4=-1 Ы. (6-15):(-0,3)=30

Л. -13+29=16 У. -12:3=-4

2 . -5*(-5) =25

VIІI. Үйге тапсырма беру. (1 мин)
№655

ХI. Бағалау (2 мин)

Жинаған жетондары бойынша жеке оқушыны бағалау, топты бағалау.
«3» бағасы – 4 – 5 жетонға,
«4» бағасы – 5 — 6 жетонға,
«5» бағасы – 7 – ден көп жетонға қойылады.

Ұқсас материалдар: 

  1. «Қызықты математика» үйірме жоспары
  2. Натурал сандар және нөл. Математика пәнінен сабақ жоспары

  3. Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру. Математика пәнінен сабақ жоспары (тапсырмаларымен бірге)


ПІКІР ҚАЛДЫРУ