Қазақстан Республикасының адвокатурасы (сабақ жоспары)

0
1401
Гомотетия және оның қасиеттері

Пән: Құқықтану

Сынып: 11 «Б»  
Сабақ: 
4   
Күні:

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының адвокатурасы

Білімділік: Оқушыларға адвока және нотариат туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі:
1)жаңа материалды меңгеру;
2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;
3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;
4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;
5)аралас;
6)ізденіс,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі:
1)сұрақ — жауап;
2)баяндау;
3)әңгімелесу;
4)ізденіс;
5)топпен  жұмыс;
6)проблемалық;
7)ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар: оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырып бойынша сұрау

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Адвокатура – заңгерлердің азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға көмектесу, сот әділдігін іске асыру, заңдылық тәртібін нығайту мақсатында заңдық көмек көрсету үшін ерікті түрде ұйымдасқан бірлестік.

Адвокатураның міндеттері:

  • Жеке және заңды тұлғаларңа заңдық көмек көрсету;
  • Құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға көмектесу;
  • Заңдылықты сақтау және нығайту;
  • Жеке адамдардың құқықтарын қандай да болмасын қолсұғушылықтан қорғау;
  • Заңдылық үшін күресу; Сот әділдігін жәрдемдесу;

Адвокат – адвокаттық қызмет шегінде кәсіптік негізде заңдық көмек көрсеткен, адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын азамат.

Адвокат азаматтар мен ұйымдардың мүдделерін қорғау үшін заңды әдіс-тәсілдер арқылы мынадай заңгерлік көмек көрсетеді:

  • Кеңестер, түсініктемелер беру;
  • Талап-арыздардын, шағымдар мен қолдау хаттарын толтыру және құқықтың сипаттағы өзге де құжаттарды толтыру;
  • Тергеу және алдын ала тергеу кезінде қорғау;
  • Қылмыстық істер бойынша сотта жәбірленушілерді, азаматтық талапкерлерді және азаматтық жауапкерді ұсынады;
  • Азаматтық істер мен әкімшілік заң бұзушылық істер бойынша соттарда және мемлекеттік органдарда өкілдік қызмет атқарады;
  • Азаматтарға және ұйымдарға заінамаға қайшы келмейтін заңгерлік көмек көрсетеді;
  • Әрбір ұсталған, тұтқындалған, айыпталған адамның ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған сәттен бастап адвокаттың көмегін пайдалауға құқығы бар;

Нотариат – даусыз азаматтық құқықтар мен заңдық нысандарды куландыру жолымен жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін заң жүзінде бекітуге бағытталған нотариалдық іс-әрекеттерді орындайтын, заңдық тұрғыда бекітілген органдар жүйесі.

Нотариат қызметіне:

  • Мәмілелерді куәландыру;
  • Мұрагерлік туралы куәлік, құжаттар көшірмесінің және олардан алынған үзінділердің дұрыстығы туралы куәлік; Азаматтың тірі екендігін куәландыру;
  • Құжаттардың түсіру уақытын куәландыру;
  • Жеке және заңды тұлғалардың арыздарын басқа жеке және заңды тұлғаларға табыс ету;
  • Атқарушы жазбалар жасау; Құжаттарды сақтауға қабылдау сияқты іс-әрекеттер кіреді;

Сабақты қорытындылау: адвокатура мен нотариат-бұл заңдық әрі нотариалдық көмек көрсететін заңгерлердің ерікті түрде ұйымдасқан бірлестігі

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: §29,157-165  бб. мазмұндап келіңдер және сұрақтарға ауызша жауап беріңдер

Ұқсас материалдар:

  1. Қазақстан Республикасының прокуратурасы (сабақ жоспары)

  2. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары (сабақ жоспары)

  3. Сабақ жоспары: Кіріспе және адам құқықтары туралы түсінік
  4. Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша сабақ жоспары
  5. «Виет теоремасы» бойынша сабақ жоспары

  6. Сабақ жоспары: FrontPage редакторының қосымша мүмкіндіктері


ПІКІР ҚАЛДЫРУ