«Мемлекеттік рәміздер» атты ұлттық тәрбие бағыты бойынша жоспарланған сынып сағаты

0
8519
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ

Тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздер»

Мақсаты:

Барлық оқушылар: Мемлекеттік рәміздерді, оларды құрметтеу керектігін біледі. Көптеген оқушылар: Мемлекеттік рәміздерді сипаттайды, өз тегін біліп түсінеді.

Кейбір оқушылар: Мемлекеттік рәміздердің авторларын сәйкестендіреді

Құндылықтарды дарыту: Жұптық жұмысты орындау арқылы ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, бір-бірін құрметтеуге үйрету, туды аппликациялау арқылы еңбек және шығармашылыққа баулу, сынып сағатына қатысты деректі материалдар арқылы өмір бойы білім алу ұғымын қалыптастыру, бір-бірін бағалау арқылы әділдікке, ашықтыққа тәрбиелеу

Пәнаралық байланыстар: дүниетану, математика, сауат ашу, ағылшын, орыс тілі

АКТ қолдану дағдысы: бейнероликті көру арқылы дүниетанымы кеңейеді, есте сақтау қабілеті дамиды

Ресурстар: теледидар, таныстырылым, постер, қыстырғыштар, суреттер,

Барысы:

«Шаттық шеңбері»

Оқушылармен үш тілде амандасу: «Қайырлы күн!», «Добрый день!», «Good afternoon!»

«Ой қозғау»

Оқушылар, әр тобымыз қай әріпке ұқсайды? О әрпінен басталатын сөздерді айтайықшы. (Отан сөзін айтуға жетелеу) Жарайсыздар, оқушылар, сіздерге өз Отанына адал еңбек ететін азамат пен азаматша болуларыңызға тілектеспін. (Отан, туған жер, туған ел туралы мақал-мәтел айтқызу)

«Кішкентай шебердің құпиялары»

Қыстырғыштардың көмегімен бейнелерді (күн, жұлдыз, Бәйтерек) толықтыру.

Оқушылармен бірге сынып сағатының тақырыбын анықтау.

Бейнеролик: «Мемлекеттік рәміздер»

«Топтастыру»«Мемлекеттік рәміздер»

Теориялық бөлім.

Жеке жұмыс

«Данышпан үкі»

Мемлекеттік рәміздер туралы қысқаша мәлімет (слайд)

ҚР-ның Ата Заңының 9-бабында ҚР мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңбасы, Әнұран конституциялық заңмен бекітілген, ал 34-бапта әркім республиканың мемлекеттік рәміздер құрметтеуге міндетті екенін айтылады.

1992 жылы 6 маусым күні тәуелсіз еліміздің тұңғыш мемлекеттік рәміздерінің тұсаукесер салтанаты өтіп, сол күні Президент сарайы мен Парламент Үйінің төбесіне Ту көтерілді.

Мемлекеттік Ту. Ту- Флаг – Flag

Ту – тұтастық пен бірліктің, ынтымақтың құдыретті белгісі. Ол елдік пен егемендікті дүниеге паш етіп тұрады.

Авторы: Шәкен Ниязбеков. Мемлекеттік Ту – 1992 жылы 4-маусымда қабылданды. Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген. Тур ортасындағы шұғылалы күн халқымызға нұр болып шапағын шашып тұр. Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтеріп ұшып бара жатқан қыран құс – ерліктің белгісі. Көгілдір түс әрқашан да бейбітшіліктің, тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі саналатын бұлтсыз аспанды білдіреді.

Мемлекеттік Елтаңба. Елтаңба – Герб — Emblem

Елтаңба мемлекеттік мөрлерде алтын, күміс ақшаларда бейнеленген ажырату белгілері.

Авторлары: Жандарбек Мәлібекұлы, Шота Уәлиханов. Отан отбасынан басталады, ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынада. Ал уықтар үлкен үйдің уықтары ел жұртқа бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді. Ақ мүйізді алтын қанатты қос пырақ арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын білдіреді. Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр.

Елін, жерін сүю мен Отанға деген адалдықтың бір белгісі – мемлекеттік рәміздерімізді қажір тұту болып табылады.

Мемлекеттік Әнұран. Әнұран – Гимн – Anthem

Рәміз – белгілі бір идеяны білдіретін белгі, бейне.

4 маусым Мемлекеттік рәміздер күні ретінде аталып өтетін болды. 1992 жылы 11 желтоқсанда Мемлекеттік Гимннің мәтіні бекітілді. Ол 2006 жылы қайта өзгеріп, желтоқсан айында жаңа Гимн қабылданды.

Авторлары: Әні – Шәмші Қалдаяқов, сөзі – Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов. Мемлекеттік Әнұран – еліміздің музыкалық эмблемасы.

Біз тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.

Сұрақ: Еліміздің Туы қай уақытта көтеріліп, әні шырқалады? (слайд — споршылар туралы айтып кету). Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтануымыз керек. /Әр дүйсенбі күндері айтылатынын еске салу/
  • Сыныпта спортпен шұғылданатын оқушылар бар ма?

Смайлик: «Мен сіздердің жұмыстарыңызға ризамын»

«ЖАҚСЫ!», «ХОРОШО!», «GOOD!»

Топтық жұмыс

1-топ: Мемлекеттік Әнұранның сөзін ретімен орналастырады

2-топ: Мемлекеттік рәміздерді сипаттамасымен сәйкестендіреді

3-топ: Мемлекеттік рәміздердің авторларын сәйкестендіреді

Смайлик: «Мен сіздердің жұмыстарыңызға ризамын»

«ЖАРАЙСЫҢДАР!», «МОЛОДЦЫ!», «WELL DONE!»

Жұптық (үштік) жұмыс:

Берілген сөздерді латын алфавитінде жазу:

1.Ту

2.Елтаңба

3.Гимн

4.Қазақ тілі

5.Елбасы

6.Астана

7.Ата заң

8. Қазақстан

9.Тәуелсіз

Смайлик: «Мен сіздердің жұмыстарыңызға ризамын»

«КЕРЕМЕТ», «ЗАМЕЧАТЕЛЬНО!», «WONDERFUL!»

«Рефлексия»

Сынып сағатта не туралы әңгімеледік?

Тәуелсіз Қазақстан дегенді қалай түсінесіңдер?

Тәкелсіздік күнін қашан тойлаймыз?

Сонымен сөзімді қорыта келе, өзіміздің жерімізді, рәміздерімізді, Отанымызды құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайта түсуге тырысайық! Туған жер киелі ұғымды әр қазақстандық құрмет тұтуға, оны қастерлеуге міндетті екенін ұмытпайық! «Ел ерімен мақтанар, жер кеңімен мақтанар» деген, елімізді қорғайтын ер-азаматтар, асыл ұрпақтар, тәрбиелі ұл-қыздар молая берсін! Сынып сағатын сәтті өтуыне ат салысқан сыныпқа алғысым шексіз! Үлкен рахмет, мен сендермен мақтанамын!

Хор: «Көк тудың желбірегені»

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ