Мен қайда тұрамын? ашық сабақ

0
2217
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ

Сабақ тақырыбы: Мен қайда тұрамын?

Осы сабаққа қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Өз мекенжайын атау және елді мекеннің географиялық орналасқан жерін анықтау.

Өзі тұратын елді мекеннің басты көшесін, ғимараттарын және көрнекі жерлерін сипаттау.

Сабақ мақсаттары : Барлық оқушылар: Өз мекенжайын атап және елді мекеннің географиялық орналасқан жерін анықтайды.

Өзі тұратын елді мекеннің басты көшесін, ғимараттарын және көрнекі жерлерін сипаттайды.

Көптеген оқушылар: Өзі тұратын елді мекеннің басты көшесін, ғимараттарын және көрнекі жерлерін зерделейді, салып келген суреттерін қорғайды.

Кейбір оқушылар: Еліміздің көрнекті жерлерін атайды, таныстырылым негізінде еліміздің табиғаты жайлы айтады. Саяхатшы Ш.Уәлиханов жайлы әңгімелейді.

Бағалау критерийлері: 1. Өз мекенжайын атап және елді мекеннің географиялық орналасқан жерін анықтайды.

2. Өзі тұратын елді мекеннің басты көшесін, ғимараттарын және көрнекі жерлерін сипаттайды.

Сабақтың басы

Психологиялық дайындық: Сергіту сәті: «Жер шары» (оқушылар дөңгелене тұрып, бірінің қолын бір рет, келесі айналғанда екі рет, келесі айналымда үш реттен қысады. Әр қысқан сайын айналадағы заттардан бір зат атайды)

Топқа «Көкжиек тұстары» арқылы (оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс) бөлінеді.

Ұсынылған кеспе әріптерден «қала», «ауыл» сөздерін құрастырып, өткен сабақ бойынша білген қала мен ауыл тіршілігі жайлы әңгімелейді.

неМ адйақ нымарұт? (теріс жазылған сабақ тақырыбын оқу) логикалық тапсырманы орындау арқылы бүгінгі сабақ тақырыбы мен мақсатын ашып аламыз.

(Ұ)Тапсырма:

Барлық оқушылар: Өз үйіңнің сұлбасын жасаңыз!

Көптеген оқушылар: Үйіңізді қаланың тиісті жеріне орналастырыңыз! (бағдарлауды еске түсіреді)

Кейбір оқушылар: Қалаңызды Отанымыздың картасына орналастыр!

«Құрастырмақ» әдісі арқылы жүзеге асырады.

Бағалау критерийі:

  1. Оқушы өз мекенжайын құрастырады.
  2. Өз үйін қаланың тиісті жеріне орналастырады.
  3. Туған қалаларын еліміздің картасына қарай отырып, бағдарлап, табады.

Дескриптор:

  1. Өз үйін құрастырады.
  2. Бағдарлау арқылы үйлерін қаланың географиялық орнына орналастырады.
  3. Бағдарлау арқылы қаламызды Отанымыздың географиялық орнына орналастырады.

Қ.Б: «Үй түрлері» ( көпқабатты үй-еліміздің картасынан елдімекенді таба білген оқушылар, көппәтерлі үй-қаламыздан өз үйін бағдарлай білген оқушылар, жеке үй-өз үйін ғана жасай алған оқушылар өз стикерлерін жабыстырады)

Сабақтың ортасы

(Д)Тапсырма:

Қазақстанның картасын мұқият қара!

Еліміздің қай бөлігінде тұрасың? Көрсет.

Барлық оқушылар: облыстарға бөлінген картаны біріктіреді.

Көптеген оқушылар: Қазақстан Республикасының облыстарын атайды.

Кейбір оқушылар: Өздерінің тұратын облыстарын атап, картаның бөлігінен көрсетеді.

«Мозайка» әдісі арқылы дербес тапсырмалар орындайды.

Бағалау критерийі:

1.Картамен жұмыс жасайды.

2. Еліміздің бөліктерін атап, өзі қай бөлігінде тұратынын анықтайды.

Дескриптор:

1. Оқушылар картамен жұмыс жасайды.

2. Еліміздің бөліктерінің атауын айтады (Солтүстік, Оңтүстік, Батыс, Шығыс, Орталық Қазақстан)

Қ.Б: «Тұсбағдар» сары тұсбағдарға-өзінің тұратын облысын атап, картадан көрсеткен оқушылар , жасыл тұсбағдарға-еліміздің барлық облыстарын атаған оқушылар, көк тұсбағдарға-картамен жұмыс істеп, бөліктерді біріктіре білген оқушылар өз стикерлерін жабыстырады.

(Т) Тапсырма:

Өзің тұратын елді мекеннің көрікті жерлеріне зерттеу жаса.

Ол үшін: 1. Зерттеу нысанын таңдап ал.

2. Басқалардың көмегімен оның атауы/тарихы туралы ақпарат жина.Ол ғимарат атын, нысанын, ескерткіш атын айт.

3. Жинаған ақпараттарыңа қатысты сурет сал.

4. Топта әңгімелеп бер.

Барлық оқушылар: Қаламыздың өздері білетін жерлерін атайды.

Көптеген оқушылар: Туған жерлері туралы сурет салып келеді.

Кейбір оқушылар: Салып келген суреттері жайлы мағлқмат айтып, топта қорғай алады.

«Зерттеу» әдісі арқылы оқушылар туған қалаларының көрікті жерлері жайлы мағлұмат айтып, салған суреттерін ұсынады, топта қорғайды.Суреттерін жіпке іліп, көрші топтар жұмысын көреді.

Бағалау критерийі:

  1. Өзінің туған жері туралы мағлұмат жинайды.
  2. Зерттеулерінің негізінде тұжырымдамасын топ оқушыларына ұсынады.

Дескриптор:

1. Оқушылар зерттеу нысанын таңдайды

2. Зерттеу нысаны бойынша қажетті ақпарат жинайды.

3.Зерттеулерінің негізінде алған мағлұматтарын, салған суреттерін топта қорғайды.

Қ.Б: «Күн, жасырынған күн, бұлт» (күн-өзінің жинаған мағлұматтарын топта қорғай білген оқушылар, жасырынған күн –туған жерлерін жайлы сурет салып келген оқушылар, бұлт-нысанның аты мен ол туралы ақпарат ұсына алмаған оқушылар өз стикерлерін жабыстырады)

Сергіту сәті: «Туған қалам Аягөз»

(Ұ) Тапсырма:

Өзіңді осы жерлердің біріндемін деп ойла. Өз көргеніңді әңгімелеп бер.

Барлық оқушылар: Таныстырылымнан көрген жерлерін атайды.

Көптеген оқушылар: Еліміздің көрікті жерлерін жайлы сипаттайды.

Кейбір оқушылар: Еліміздің көрікті жерлерін атап, сурет бойынша сипаттап, оның қай мекенде екенін айтады.

«Елестет» әдісі арқылы саяхат жасай отырып, еліміздің көрікті жерлері жайлы көрген жерлерін сипаттап айтады.

Бағалау критерийі:

  1. Көру арқылы көрікті жерді сипаттап береді.

Дескриптор:

  1. Еліміздің көрнекі жерлерін атайды.
  2. Еліміздің көрнекі жерлерін сипаттап, айтады.

Қ.Б: «Тау» биік тұсына-еліміздің көрікті жерлерін атап, сипаттап, қай жерде орналасқанын білген оқушылар, орта тұсына- еліміздің көрікті жерлерін сипаттаған оқушылар, тау етегіне-таныстырылым негізінде көрікті жерлерді атаған оқушылар өз стикерлерін жабыстырады.

Қосымша тапсырма: (кейбір оқушыларға) Қазақстанның көрікті жерлерінің бірі жайлы мағлұмат жинап кел.

Кейбір оқушылар:

Саяхатшы Ш.Уәлиханов жайлы әңгімелейді.

Сабақтың соңы

Кері байланыс:

«Рефлексия пирамидасы» «Мен үйренген төрт мәлімет, Мен білген үш мәлімет, Менің көбірек білгім келген екі мәлімет, Есте сақтау керек маңызды мәлімет»-деп алып, бүгінгі сабақта білгендерін өздері жинақтау арқылы кері байланыс жасайды.

Баяндама ақырыбы: Бастауыш сыныптарда үштілділікті дамытудың маңызы.

Қазіргі жаһанданған, ақпараттың дамыған ғасырында болып жатқан түрлі өзгерістер мен жаңашылдықтар еліміздің экономика саласына да, білім беру жүйесіне де тың ізденістерді енгізіп отыр. Бүгінгі білім беру жүйесі модернизацияланған заманда көп тілді меңгертуге аса назар аударылып, жан-жақты жол ашылған. «Келешекке кемел біліммен»,-деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұстаным еткендей, келшекке терең біліммен қадам басып, әлемдік білім кеңістігінің құпияларына үңіліп, қоғамға бейім, өз қабілетін таныта алатын, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген құзіретті тұлғаны қалыптастыру басты мақсаттардың бірегейі болып отыр.
Үштілді оқыту – заман талабы.

Үштілділік – бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі.  «Үштұғырлы тіл» туралы идеяны мемлекет басшысы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында жария етті. Ал 2007 жылғы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты халыққа Жолдауында “Тілдердің үштұғырлылығы” атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды.
Елбасымыздың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Халқына Жолдауында: “Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар — қазақ тілі — мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі — жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі” деген салиқалы үндеуінде айтқандай, әлемдік кеңістікке енуде ағылшын тілінің маңызы зор.

Ағылшын тілі бірінші дүниежүзілік әмбебап тілі болып табылады. Еліміздің тарихында болып жатқан әлеуметтік – экономикалық, мемлекеттік зор ұлттар мен ұлыстардың бір-бірін түсінуіне халықаралық сипат алған ағылшын тілінің өзіндік рөлі зор. Әлемдегі көптеген елдер ағылшын тілінде сөйлейді. Бұл тіл қазіргі заманда жаһандық тіл болғандықтан, оның Қазақстандағы рөлі және болашақтағы маңызы зор. Ағылшын тілі — әлемдік бизнес тілі, оны меңгеру – жастарға әлем танудың кілті болмақ. Ағылшын тілін білу біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады. Ол – жаһанданудың кепілі. «Ақпараттық технология дамыған қазіргі дәуірде күн сайын дерлік ағылшын тілі дүние жүзі халықтарының тілдеріне жаңа сөздер мен ұғымдар арқылы батыл ену үстінде. Бұл үдерістен біз де тыс қалмауымыз керек»

Осы орайда құрылған «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» басты мақсаты:
Қазақ тілінің мәртебесін көтеру;
мемлекеттік мекемелерде іс-қағаздарды қазақ тілінде жүргізу;
ағылшын тілін меңгерту;
орыс тілін жетік білу;
әр ұлттың тілдерін дамыту, оларды сақтап қалуға мүмкіндік жасау;
тілдер гармониясының бірлігіне жол ашу.
Елбасының үштұғырлы саясаты  аясында шетел тілін үйрену, оның қолданыс аясын кеңейту бүгінде кезек күттірмейтін өзекті де келелі мәселелердің бірі болып отыр. Алайда «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»,-деп ақын жырлағандай, өз тілінде еркін сөйлеп, өз тілін құрметтейтін тұлғаны баулысақ, өзге тілді қадірлейтін тұлғаны баулитынымызға көз жеткіземіз. Сондықтан да «Мемлекеттік тілді үйрету балабақшадан басталуы тиіс.

Бұл — заман талабы»,- деген елбасының қағидасына сүйене отырып, қазіргі таңда балабақшадан бастап мектеп табалдырығын аттаған сәттен ана тілін меңгертуге, сауаттылыққа күш салынуда. Осы орайда ауыр жүк артылып отырған мұғалімдер мен тәрбиеші-ұстаздардың бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеудегі еңбегі зор.
Әлемнің дамыған елдерінің көбі 80-жылдардың ортасында білім берудің жаңа типіне көшу керек деген қорытындыға келді. Ол білімнің санына емес, функционалдық сауаттылыққа негізделу керек болды. Яғни, адамның көп білуі маңызды емес, оның қолынан не келеді және білімін қалай пайдалана алады деген мәселеге назар аударылды. 1997 жылы көп елдер PISA деп аталатын ортақ стандартқа көшу туралы келісімге келді. Міне, 1 қыркүйектен бастап Қазақстан да осы жүйені барлық мектептердің бірінші сыныптарына енгізді.

Бастауыш сыныптарға үштілділікті енгізуді педагог ретінде қолдаймын. Себебі, 5-6 жастағы баланың есте сақтау қабілеті өте жақсы болады. Сюжетті сурет, мультимедиялық сабақтар негізінде үштілді меңгеру қызықты да, тартымды өтіп, оқушылардың санасында қалары анық. Бастауыш сыныптарда тыңдалым мен жазылым деңгейі қалыптасқан баланың ортаңғы буында үштілде айтылым дағдыларының дамуы ғажап емес. Қазіргі заманның балаларының уақытын дұрыс ұйымдастырсақ, барлығына уақыт жетеді. Заманның дамуымен бірге, баланың дамуы қалыптасуы керек. Үштілді меңгерген бала келешекте дамыған елдің тұтқасын ұстап, нағыз ортасына қажет маман атанары сөзсіз.

Мусабаева Багдат Мухтаровна

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ