Тағдыры тарих — тал бесік. Тарихтан тағылым

0
1641
Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны

Мақсаты: Өткен ғасырдың 30-40 жылдарындағы нәубет жылдардың зобалаңынан сыр шертетін «Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары» туралы, тарихтың өткені мен бүгіні туралы оқушыларға түсінік бере отырып, отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

“Адамның басы – Алланың добы” дейді, ал бір ғана пенде емес, тұтастай халықтың тағдыры допқа айналған заманның беті әрі. Халқымыз сол зұлматта асыл перзенттерінен айрылғаны аздай, кең байтақ даласында зорлықтың күшімен, көздің жасымен, бүлінген тағдырлармен лагерьлер са-лынған аймаққа айналды. Өзі жарымай отырған жаны жаралы халық суықта жалаңаш бұтаны ық көрген, туған жерінен айрылып, торғайдай тозған талай жұрттың, жел қуған қаңбақтай зардап шеккен сан ұлттың өкілдеріне пана болды. Сол жылдардың ауыр салмағын көтерген тарихты көз алдыңнан өткізіп, тағылымын танудың бүгінгі буын үшін маңызы зор.

Достастық елдерінің жетекші тарихшы ғалымдары тарихты бұрмалау әрекеттеріне қарсы іс-қимыл турасында, қоғамды демократияландыру үдерісі жағдайында елдің тоталитарлық өткенін сындарлы түрде ой елегінен өткізу және еңсеру, мемлекеттің ұлттық бірегейлігін қалыптастыру мәселелері хақында пікір алмасты.

Сондай-ақ “1930-1950 жж. халықтардың Қазақстанға жер аударылуы: тарих ортақтығы” тақырыбындағы халықаралық әлеуметтік жобаның, сондай-ақ Қарағанды “Болашақ” университетінің ғалымдары әзір-леген “КарЛАГ” ғылыми жобасының тұсаукесері өткізілді. Пленарлық отырыстан кейінгі 5 секция жұмысында жасалған баяндамалар мазмұнының тереңдігімен, жан-жақтылығымен есте қалды.

“Ортақ тарихи кеңістікте. ТМД елдері ғылыми мектептері аясындағы тарихи білім берудің теориялық-әдістемелік мәселелері”, “Тарих ортақтығы ғылыми зерттеулер призмасы арқылы”, “Қазақстанға мәжбүрлі қоныс аудару: тарихи жады”, “Жер аудару тарихы: әртүрлі халықтар тағдыры”, сондай-ақ музей қызметкерлеріне арналған “Ғаламдық нысандағы музей: үдерістер мен басымдықтар” тақырыптарында жүргізілген семинар-тренингтің қатысушыларға берері мол болғанын айта кеткен абзал.

“Халықтың өткен тарихын зерделеудің зәрулігі – түсіндіріп жатуды қажет етпейтін құбылыс”, деп жазыпты “Нәубет жылдардың жазылмас жарасы” атты кеңес тұсында саяси қуғын-сүргінге ұшырап, Қарағанды лагерьлерінде жазықсыз жапа шеккен жандар мен олардың туыстарының естеліктерін жинақтап, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде үш том етіп бастырып шығарған Қарағанды “Болашақ” университетінің ректоры, кітап идеясының авторы, оның редакциясын басқарушы заң ғылымдарының докторы, профессор Нұрлан Дулатбеков.

Университет шын мәнінде үлкен іс тындырған. Кітаптар қалың-ақ. Ішіндегі мұң-зар мен нала, қалың қайғы оны одан сайын қалыңдатып, кітап салмағын одан сайын ауырлата түседі. Ішіндегі Алаштың аяулы перзенттерінің сүйген жарларының, апа-қарындастарының нақақтан төгілген көз жастары, келешек ұрпаққа сендерді нәубеттен сақтасын, біз азапты көріп, оның ащы запыран дәмін татудай таттық, бұл естеліктер бір жағынан сол кермек жас жұтқан жылдарымыздың өтеуі, бір жағынан келер заманға тастап кеткен тарихи сабағымыз деп тұрғандай.

Өткен ғасырдың 30-шы жылдарында 58-ші баппен тұтқындалған “халық жауларының” ішінде қаншама дарын лагерь быламы-ғын қорек етіп, жастық жалынын, бойындағы Жаратушы ие берген өнерлерін нәубеттің құрбанына еріксіз шалса, “Қапастағылар қаламынан” атты үлкен альбомда осындай суретшілердің шығармашылық жұмыстары жинақта-лыпты. Кітаптардың Ресей Федерациясының “Мемориал” халықаралық тарихи-ағартушылық, құқық қорғау және қайырымдылық қоғамымен бірлесе жарық көріп отырғанын да айта кеткен ләзім.. – Менің анамды 1941 жылы эшелонмен Сталинград облысында тұрып жатқан басқа неміс отбасыларымен бірге Қазақстанға әкелді. Соғыс жылдары үш баласынан айырылды. Әкемізге де үнемі билік өкілдерінен жасырынып жүруге тура келді. Алайда, ол кек сақтамаған еді. Талай мәрте Ресейге, Германияға көшіп кету мүмкіндігі бола тұра, Қазақстаннан кеткісі келмеді. Әкем осы жерден өзінің екінші Отанын тапты. Біз жергілікті қазақ халқына мәңгілік қарыздармыз, — дейді сол кездегі өз отбасының тағдыры жөнінде сөз қозғаған Семейдегі «Возрождение» неміс қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Лилия Гончарук.

Олардың арасында этномәдени бірлестіктер өкілдері, ғалымдар мен зерттеушілер, саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар мен күштеп жер аударылғандардың ұрпақтары болды. Халықтың мынандай бір тағылымды сөзі бар: «Тарих-өткеннің баласы, болашақтың атасы». Расында, біз жүріп өткен жолымыз бен келешегімізді тарих арқылы бағалаймыз, тарих арқылы жоспарлаймыз.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Тарихты жеңіл-желпі аңыз сөздердің жиынтығы деп қарайтын адамдар шынында да тарихтан тағылым ала алмайды» деп жазады. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті — ел, аймақ, әлем тарихын зерттеуге және оның мәнді тұстарын ғылыми-практикалық тұрғыдан насихаттауға мүдделі университет. Себебі, біздің оқу орны аты әйгілі тарихшының атында. Л.Н.Гумилевті бәріңіз білесіз.

Осы ғалым «Ежелгі түріктер» (Древние тюрки) атты зерттеуін 24 жыл жазған. Тарихи ізденіс осындай болса керек.Бұрынғы Кеңес Одағы тарихындағы аса күрделі, аса ауыр мәселе — саяси қуғын-сүргін мәселесі. Бүгінгі Астана қаласына таяу орналасқан «АЛЖИР» лагері, ғалым Л.Н.Гумилев қамалған Карлаг, тағы басқа КСРО территориясындағы лагерлер сан мың тағдырды азаптаған қасапханалар еді.

Сонымен бірге, әрине, Қазақстан Республикасы — жаңашыл, серпінді, дәстүрге берік мемлекет. Біз шынайы тарихты қашанда қолдаймыз.

 

Койшыгулова Гульфайруз


ПІКІР ҚАЛДЫРУ