«Ұстаздық сауабы мол іс!» (эссе)

0
1548
Jennie Kim: кәріс айдолының Голливудтық дебюты

Эссе: «Ұстаздық сауабы мол іс!»

Таңдауым жетіп, аштым жаңа дүние есігін,

Тербететін тәрбиенің бесігін.

Түйдім мен жас жүрегіме шешіліп,

Ұстаздықпен өрнектеуге есіміді.

Ұстаз жолы соқпақты жол ізденген,

Өшу емес, өсу керек ілгерілеп.

Іші от болып, жаны шоқ болып жансада,

Мейірімі төгіледі үнінен.

Ұстаз деген ұсталық қой ғылымға,

Күш салады шәкірттерге ұғындыра.

Бала менен кең дүниенің дәнекері,

Әбден қырлап, талмай «тұлға» жасарға.

       Бұл сонау студенттік өмірімнің алғашқы күндерінде, осы бір қасиетті мамандықты өмір жолым етіп таңдаған кезде, көңілімді кернеп, жігерімді демеп жүрген өлең жолдары еді.  Бүгінгі күнде алдыма қойған мақсатыма жетіп, ұстаздық тізгінін нық ұстап жүрмін. Ия, қызығы мен шыжығы мол күндер жылдарға ұласа өтіп жатыр.

      Қоғамда ұстаздың рөлі, қадір-қасиеті күн санап өсіп келеді.Соңғы кездері білім беру саласына мемлекетіміз көп өзгерістер енгізіп, ұстаздардың әлеуетін көтермелеуде. Осының бәрін көре тұра, мүлт кетпей сүйікті мамандығымды таңдаудан жаңылмағаныма қуанамын. Бастауыш сынып мұғалімі болып істеп келе жатқаныма 10 жылдан асып барады. Шәкірттерімді көргенда өз еңбегіңнің жемісін көріп, өз-өзіме риза болып қаламын. Одан әрі бар ынтаңмен, құштарлық сезіммен алға қарай ұмтыламын.Жаңа бір үміт, жаңа бір мақсатты жалау етіп, тағы да соны бағындырғың келіп тұрады.

     Ұлы ағартушы ғалым, ұстаз Ыбырай Алтынсарин мұғалімнің қоғам алдындағы рөлін нақтылай айта келе «салып жатқан үйдің жақсы болуы, оның іргетасының берік және мықты қалануына байланысты болатыны сияқты, біздің қолға алып отырған ісімізді қазақ мектептерінің бар келешегі көбінесе істің қазіргі басталуына байланысты. Сондықтан да мен қазір  жақсы оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де артық көремін»-деген пікірі бүгінгі күні өз мемлекетінің іргетасын қалап жатқан қазақ халқының ұстазына қоятын талабы сияқты болып естіледі. Сондықтан да жаңашыл педагог ізденімпаз, өз білімін үздіксіз көтеруші, педагогикалық тұрғыдан да, психологиялық тұрғыдан да жан-жақты білімді, ізгілікке ұмтылған жан болуы абзал. Ұстаздың алдынан бір-біріне ұқсамайтын, тәрбиесі мен танымы әр түрлі деңгейдегі  мыңдаған шәкірт өтеді.  Олардың барлығын бір жүйеге бағындырып, қырлайтын ұстаздың кәсіби шеберлігіне байланысты. Жас баланы бұлаққа теңей отырып көзін ашқан, алғаш қалам ұстатқан, оқытып, жаздыртқан еңбегіміздің зая кетпейтіні анық көрініп тұрады.Қай тұрғыдан алса да, ұстаздық-марапатты, шарапатты, қанатты, әрі сауабы мол іс!

 Мусабаева Багдат Мухтаровна


ПІКІР ҚАЛДЫРУ