Тәуелсіздікке тарту. «Мен елімді мақтан тұтамын!»

0
9507

Туында мықты  қыран  құсы қалықтаған, үлкен де бай Қазақстан  елімнің  азаматы  екенімді мақтан  тұтамын! Қазақ елі -мықты, батыл, асқақ, ең  бастысы,  тәуелсіз елдердің  бірі! Осындай  бірлігі  жарасқан, кең  байтақ  елде,бейбітшілікте  өмір сүріп  жатқанымды  мақтан  тұтамын.\r\n\r\nБүгін осы бейбітшілікте  тұрып  жатқаныма  он  үш жыл, осы  уақытқа дейін, ата-бабамыздан сақталып келген  тілімізді, салт-дәстүрімізді,ырымдарымызды  бүкіл халық болып  жоққа  шығарған  емеспіз, яғни бұл  тәуелсіздікті  білдіреді.Ал біз  осы  уақытқа  дейін біреуден тәуелді  болып  келсек, ұлттық құндылықтарымыз  тамырымен  жоқ  болатын  еді. Менің тәуелсіз  елдің  ұланы  екенімді  дәлелдеуге  болады, өйткені қазір біз  барлығымыз  бостандықта  өмір  сүріп  жатырмыз, өз бетімізбен  болашағымызды  болжап, өз  бетімізбен  керек  затымызды  ала  аламыз. Керек  затымыздың  бәрі  алдымызда, қарапайым, оқуға  керек  материалдарды  да  екі-үш  минутта  ғана  таба  аламыз, керек жерімізге    емін-еркін  барып-келе  аламыз, өзіміздің қауіпсіздігімізге қатты алаңдамаймыз, себебі  бейбітшілікте, соғыс жоқ  заманда  өмір  сүріп  келе  жатырмыз. Қазіргі Қазақ елімізді  бұрынғымен  салыстыруға  болмайды, себебі біздің  ата-анамыз,әже-аталарымыз өмір  сүрген  уақытта Қазақстан  Ресей  мемлекетіне  тәуелді  болған, тәуелді  болғанның  сұмдығы  соншама —  өз  құндылықтарын  сақтағысы  келген  халықты  ақырындап  жазалап  отырған, қалалық  жерлердегі  қазақ  мектептері  тіпті  саусақпен  санарлықтай  болған, жалпы айтқанда, еліміз  өз  еркінде  ешбір  шешімдер  қабылдай  алмаған, сол себепті  осы  уақыт  аралығында  өмір  сүріп  жүгенімізге  қуануымыз  керек.\r\n\r\n   Мен  тәуелсіз  Қазақстанымның  ұланымын, себебі біздің өз мемлекетімізді әлемдік  деңгейге  көтеруге құқығымыз бар, бұрын біз  қазақ  деген  атымызды  көрсетпей  жүрдік, орыстардың көлеңкесінде жүрдік, өзіміздің қайсар  мінезімізге қарамастан, орыстарға  бас  идік. Әйтсе де, қазір Қазақстанымыз  өсіп-өнуде, себебі, қазір мемлекетіміз  жер  аумағы  бойынша әлемде  тоғыншы  орында  тұр,яғни біздің  республикамыздың  аумағына  бес Франция мемлекеті  сыйып кетеді. Сонымен  қатар, жас  Астанамызды да  ұмытуға болмайды, себебі Астана  қаласының салынуы  еліміздің әлеуметтік, экономикалық  және саяси  дамуына, ұлттық  қауіпсіздігіміздің  нығаюына  үлкен  үлес  қосты,  Астанада  өткен  әртүрлі  жиналыстар  мен  мерекелер  арқасында  біздің  Астанамыз  көп  елдерге  мәлім  болдыжәне 2017  жылы өтетін Экспо көрмесі  де, елімізді танымалдылығын арттырады.\r\n\r\n  Біз білетіндей, тәуелсіз  мемлекеттің халық  саны  да,  экономикасы да, саяси жағдайы  да  жақсарады.Бұл  Қазақстанға  да  қатысты, себебі еліміз  тәуелсіздік  ала  салысымен, халықтың саны  жиырма  пайызға  өсіп,  экономикалық  жағдайымыз  еселеп  артты, мемлекетімізді  дамытуға  көп  көңіл  бөлінді, жұмыссыздықпен күрестер  басталды, шикізат  өндірісінің көлемі артты, сонымен  бірге елдік  бюджет те  өсті, өз валютамыздың  құндылығы  пайда болды.Басқа  елдермен  қарым-қатынасымыз  жақсарды,  сауда-саттық  дамыды.\r\n\r\nСонымен  қатар, тәуелсіздігімізбен бірге  қазіргі үкімет, Қазақстан  қарулы  күштері, жаңа сот  заңдары т.б. пайда болды, бізге  ақысыз  білім, медициналық  көмек, әлеуметтік  көмек  алуға   мүмкіндіктер  берілді. Ал тәуелсіздікті  сақтап  қалудағы  ең  басты  рөлді ойнайтын  біздің  президент- Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев, өйткені  оның  саясат  жүргізудегі  тәжірибесі  өте  жоғары  адам.\r\n\r\n  Менің тәуелсіз  елдің  ұланы  екеніме  ең  басты  дәлел, ол  біздің  көзқарасымыздың  бостандығы, яғни  қазіргі  кезде  әр  адамның  ойы  алтынмен  тең, себебі бір-біріміздің көзқарасымызбен  санса  отыра,  біз  ортақ  бір  басты  шешімге  келе  аламыз, ал бұл  жол бірлікке алып  келеді, ал  бірлік  тірліктің  бастамасы.\r\n\r\n   Менің ТӘУЕЛСІЗ елдің ұланы екеніме  ең  соңғы  дәлел,  менің қазір  оқып  жүрген Назарбаев  Зияткерлік мектебімен  байланысты, себебі мен  оқып  жүрген  мектепте  сапалы  және  ақысыз  білім  беріледі, себебі  бұл  мектепте Қазақстанымызды  болашақта  бірінші  орынға  көтеретін, даңқын  шығаратын  оқушылар  оқиды, яғни  біз  елімізді  әлеуметтік  жағынан  дамытуға  мүмкіндігіміз  бар.\r\n\r\nОсы жылдар ішінде елімізде қыруар істер атқарылды, жеріміздің шекарасы біздің  мемелекеттік  шарттарға сай бекітілді,мемлекеттік рәміздеріміз, ата заңымыз, ұлттық валютамыз  және  жаңа астанамыз дүниеге келді. «Қазақстан Республикасы» деген асқақты, рухты ел екенін мойындаттық. Ел экономикасы да жылдан- жылға ұлғайып мәдени, рухани деңгейіне көтерілуде. Қалалар мен ауылдардарымыз жаңарып, өркениетке лайық құлпырып келеді, халықтың тұрмысы күн сайын жақсара түсуде. Білім, медицина мәдениет салаларында да керемет ілгерілеу қадам   жасап , бұл бағытта дамыған мемлекеттермен бірдей дәрежеге жеттік.  Осы ұлан ғайыр табыстарымыз Елбасымыздың еткен ерен еңбегінің нақты нәтижесі, жарқын көрінісі екеніне ешкім шүбә келтіре алмас. Еліміздің бағына берген, маңдайының бағы бес елі халқы бар елбасымыз басқарып отырған елде дүниеге келіп, сол елдің болашағына өз үлесімді қосуға жағдай жасаған елдің ұрпағы болғаныма қуанамын.\r\n\r\nТәуелсіздік күні- біз  үшін  ең  қасиетті  күндердің  бірі,  себебі  бұл  күнде  біздің  халық  бір-біріне  қосылып,  бірлік  танытты. Тәуелсіздік дегеніміз-ол  ең  біріншіден  халықтың  бақыты, сонан соң  барып  қана  егемендікті  нығайту,  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету, экономикалық  сұрақтарды  шешу.\r\n\r\nТәуелсіздік- елдің  ең  басты  байлығы, құндылығы, алдымен  халықтың  еркіндікке  ұмтылған  асқақ  мақсаттары  мен  мықты  рухының  арқасында  пайда  болған  нәтиже, бүгін Қазақстан  ел назарында, себебі Қазақстан  экономикасы  жағынан  барлық  әлемдегі  мемлекеттер  бойынша 50 елдердің  қатарына  кіреді,елбасымыздың  тәжірибелі  саясатының арқасында, мемлекетіміз жақсы жаққа қарай  өркендеп келеді, президентіміз  жыл сайын  халқына  маңызды  мәселелер  шешу  негізінде  жолдаулар  жібереді, осының  арқасында  қазір  біздің  еліміз  тыныш,  жұртымыз  аман. Сондықтан бүгінгі күні халқымыз ата-бабамыздан қалған тарихи өнегені, отанға  деген  сүйіспеншілікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жастардың отансүйгіштік сезіміне баулуға ерекше көңіл бөлуі керек деп ойлаймын.Бүгінгі бейбіт те, шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерге ұмтылу – біздің буынның парызы болуы тиіс.\r\n\r\nМЕН  ТӘУЕЛСІЗ  ҚАЗАҚСТАННЫҢ  ҰЛАНЫ  ЕКЕНІМДІ  МАҚТАН  ТҰТАМЫН!!!\r\n\r\nМұхаметқалиева Айкерім\r\n\r\nАлматы қаласы, физика-математикалық бағыттағы\r\n\r\nНазарбаев Зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы