Мен елімнің азаматымын. Өзін – өзі тану сабағының жоспары

0
2992
Гомотетия және оның қасиеттері

Тақырыбы: Мен елімнің азаматымын.

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: жақсылық жасау,бауырмалдық,татулық.

Сабақтың мақсаты: оқушыларды өз елінің азаматы екенін түсіндіре отырып,жалпыадамзаттық сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

— оқушыларды жақсылық жасауға баулу;

— оқушылардың бойында бауырмалдық қасиеттерін дамыту;

— оқушыларды татулыққа тәрбиелеу;

Ресурстар:

оқулық, дәптер

  1. Ұйымдастыру кезеңі. 5Т

тәртіп

талап

тыныштық

тазалық

татулық

  1. Жағымды күйге келу

Мейірімді жүрекпен,

Бөлісемін бақытты.

Ақ ниетпен шын тілеп,

Ізгі істерді жаһұтты!

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

№8 сабақ, 43 бет, «Мен елімді сүйемін»

  1. Туғaн жерді неге теңеген?
  2. Туған жер қалай қол бұлғайды?
  3. Туған елдің қандай сипаттары бар?

Неге туған жердің тілі баршаға түсінікті?

Туған жердің дамуына үлес қосқан кімді білесіз?

Туған ел үшін қосар үлесің?

Сергіту сәті:

Өсеміз біз күліп-ойнап,

Он саусақтың саласындай,

Өсеміз біз күліп-ойнап,

Бір адамның баласындай.

3.Дәйексөз

«Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас» Мақал

— Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

Барлығы 3 рет қайталап айтады. Дәйек сөзді дәптерге жазу.

4.Мұғалімнің сыйы

«Ізгі жан» (мұғалімнің шығармашылығынан)

Жақсы, ізгі жандардың жанымызда жүргенін байқамай да қаламыз. Соның бірі ізгі істердің басында жүретін азамат – Алдияров Жұмабек ағамыз.

Алдияров Жұмабек – Талдық елді мекенінде дүниеге келіп, осы ауылда оқып, өсіп өнген. Қазіргі мезгілде «Әбжан» шаруа қожалығын басқарады. Кәсіпкер, жаны ізгі, үлкен жүрек иесі. Себебі: тұрғындар арасында ауырып –сырқаса, бір жерге баратын болсақ, бір нәрсе керек болса бәріміз Жұмабек ағамызға жүгіреміз. Жұмабек ағаларың уақытпен санаспайды, өтінішті кері қайтармайды, ешқандай сылтау айтпайды. Жұмабек аға ауыл тұрғындарының алғысына ие. Ілтипаты бөлек. Ол адамдардың жанына жайлылық, жанына тыныштық сыйлап жүреді.

1. «Ізгі жан» деп кімді айтып отырмыз?

2.Жұмабек аға ауылға қандай істерімен белгілі?

3. Ауыл тұрғындары не себепті Жұмабек ағадан көмек сұрайды?

4. Ағаның адамдарға жақсылық жасау сыры неде?

5. Сіздерге көмектескен жандар болды ма?

6. Барлық жандарға қандай жақсылық жасар едіңіз?

5.Шығармашылық іс – әрекет.

«Туған жер» туралы эссе жазу.

6.Топпен ән айту «Атамекен».

Әнін жазған Е.Хасанғалиев, сөзін жазған Қ.Мырза Әли

Жасыл жайлау – түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.

Айдарымнан сипап өткен самалды,

Қазағымның алақаны деп білем.

Қайырмасы:

Қайда жүрсең атамекен,

Көкейіңде жатады екен.

Күннің өзі ұясына,

Қимай оны батады екен.

Жасыл жайлау – түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем.

Асқар тауың аспаныммен таласқан,

Қазағымның мәртебесі деп білем.

Қайырмасы:

Жасыл жайлау – түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем.

Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін,

Қазағымның махаббаты деп білем.

Қайырмасы:

Әннің мәтіні мен аудиожазба сы

7.Үйге тапсырма

9 – сабақ, «Сыпайы қоян» мексика ертегісін оқу, 48 бет.

Оқулық
8.Сабақтың қорытынды минуты. Бүгінгі туған жерге, туған елге деген сүйіспеншілігімізді мәңгіге жүрегімізге ұялатайық. Бүгінгі сабаққа қосқан үлестеріңіз үшін сіздерге рахмет. Әрдайым осы қалпымызды сақтайық!

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ