Рахат Имашпаев: «Мен «Ең үздік 20 мұғалім» қатарына енуге лайықтымын ба?»

0
1177

 \r\n\r\nБәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін \r\n\r\nбіз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек.\r\n\r\nН.Ә.Назарбаев\r\n\r\nӘлемдік жаһандану үдерісі кезінде елбасы айтқандай жан-жақты сауаттылық арқылы дамып,салауатты білім арқылы бәсекеге төтеп бере аламыз. Біз бүгінгі таңда әлемде болып жатқан жаңалықтарды бойына сіңіре алатын, оны жан-жақты сараптай алатын, үлкен өмірде өз орнын таба алатын,жаңа заман технологияларымен жұмыс істей алатын ұтқыр оқушыларды дайындауға қызмет етудеміз.\r\n\r\nҚазір Назарбаев Зияткерлік мектептерінде білім мен тәрбие берудің мүлдем жаңа жолдары жүзеге асырылуда. Ол сан алуан,бірақ бір-бірімен тығыз байланысты.Кембридждік кіріктірілген жаңа бағдарлама өте оңтайлы жұмыс жасауда.Осы бағдарлама бойынша оқушылар тиісті тақырыптар бойынша сабақ мақсаттарын өздері ұсынып, өздері мәселенің шешімін табуды үйренді. Әр мәселені күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, ой тастауға, бірлесе жауап табуға жаттықты.\r\n\r\nТарих сабағын тілмен,әдебиетпен, мәдениетпен,географиямен,өзін-өзі тану пәндерімен және ақпарат құралдарымен  кіріктіре өткізу оқушылардың  ой-өрісін дамытып, азаматтық көзқарастарын жетілдіруде. Қазіргі демократиялық қоғамға шынайы араласу оқушы бойында әртүрлі дағдылардың болуын талап етеді. Сондықтан, сабақта оқытудың белсенді әдістерін таңдау оқушылардың бойына әр түрлі әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруда.\r\n\r\nБелсенді оқытуды професор Е Б Петрович: «Оқыту үдерісінде енгізілген оқушылардың өзіндік жұмысы мұғалімнің тікелей қатысуынсыз орындалатын жұмыс; бұл жағдайда оқушылардың саналы түрде тапсырманың мақсатына қол жеткізуі өздерінің күштерін пайдалануы және танымдық іс- әрекеттерінің нәтижелері арқылы іске асады»- деп пайымдайды.\r\n\r\nБелсенді оқыту әдісі оқушы мен мұғалім ара-қатынасының тиімді болуын қамтамасыз етеді. Мұндай ара-қатынас қандайда бір мәселелерді шешу жолдары мен ұсынылған шешімдердің қаншалықты көңілге қонымды екендігін талқыға  салу арқылы жүреді. Бұл жерде туындаған мәселелерді түсініп қана қоймай, оқушылар өздіктерінен жауап іздеуге бейімделеді. Белсенді оқыту әдісі  тәжірибемде білім берудің нәтижелі болатынына көзімді жеткізуде .\r\n\r\nБірақ, бұл әдіс -тәсілді сабақ барысында «қызықты» деп қолдана беруге болмайды. Кез-келген сабақтың мақсаты жай ғана қызығушылықты оятудан әлдеқайда тереңірек. Сонымен, әдісті таңдамас бұрын нені үйрету керек және неліктен үйрену керегін біліп алу қажет.\r\n\r\n         Бірде Сократтан оқушылары өмірде болатын жағдайларға кеңес беруін сұрапты. Сонда, ұлы ұстаз «Ойланыңдар!» деген екен.Әрі қарапайым,әрі терең,әрі қатал жауап. Сабақта белгілі бір мақсаттарға жету үшін белгілі бір ойларды оқушы бойына қалыптастырғым келсе, уақыттың, құралдың мейлінше аз жұмсалатын әдістерін таңдап алғанды жөн көремін.  Кезекті бір сабақта неміс философы Освальд Шпенглердің мәдениет пен өркениет арасын сараптаған ойын ұсындым. Ол мәдениеттен өркениетке өту барысында шығармашылық жұмыстар тоқырайды, батыл әрекеттер азаяды, көркем шығармашылықтың қажетінің болмай қалуынан механикалык жұмыстарға ден қойылады. Ол дүниежүзілік тарихи дамудың бірлігін жоққа шығарады. Тарихты қайталанбас, томаға-тұйық, жеке тағдыры бар мәдениеттерден тұратын, пайда болу, гүлдену, күйреу кезендерін бастан кешіретін организмге теңеді.Бұл жерде «Сен қалай ойлайсың?» деген сұрақты  пайдаландым.\r\n\r\n Бұл әдістер топта өзара пікірталасқа түсулеріне және кез келген жағдайды ой елегінен өткізуге,дәлелдерді есте сақтауларына, талдау жасауға, қорытынды жасауға, алған білімдерін жаңа жағдайларға пайдалануға көмектесті. Олар екіге жарылды. Бір жағы Шпенглердің пікірін қолдап, қазіргі қоғамдағы шығармашылықтың тоқырауын мысал етсе, екінші жағы өркениетке өтудің шығармашылықсыз  болуы мүмкін емес деп дәлелдеді. Демек оқушылардың қоғамдық –саяси көзқарасы қалыптасып келеді.\r\n\r\nМемлекетіміздің тілдің үштұғырлылығы саясаты бойынша мектептегі пәндердің қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізілуі бір жүйеге түсіп келеді. Оқушының әр тілде сөйлеуі кезінде өзін қолайсыз сезінбеу үшін белсенді әдістерді пайдалану тиімді болатынына көзім жетті.Мысалы «Қазіргі әлемдегі Қазақстан» пәні орыс сыныптарында қазақша жүретіндіктен мәтінмен жұмыс жасау қиындық туғызуда.\r\n\r\nБұл жағдайда  СLIL әдісі  жақсы  нәтиже береді деп ойлаймын.. Үш тілді меңгеру жаһандану заманында бәсекеге қабілетті болудың бірден-бір кепілі болса, екіншіден тілді қажетті деңгейде меңгеруге мүмкіндік береді.\r\n\r\nСабақ барысында бойға сіңірілген осындай дағдылар оқушының  қоғамдық қатынаста еркін дамуына ықпал етеді.\r\n\r\n            Бүгінде әлемдік және қазақстандық қоғамның талаптарына  сай сапалы,жаңашыл білім беру моделі жүзеге асырылып жатыр.    Жапондық ғалым-педагог Т.Сакомото тұжырымдамасында педагогикалық технология – педагогикаға жүйелі ойлау тәсілдерін ендіру немесе «білімді жүйелеу», «сыныптағы оқытуды жүйелеу» -деген ой айтады.\r\n\r\n Сыныптағы оқытуды жүйелеу,оқушыға сапалы білім беру әртүрлі оқыту технологияларын пайдалану арқылы жүзеге асады.\r\n\r\n           Осындай мақсатта әріптестердің өзара ынтымақтаса жұмыс істеуіне lesson Study тәсілі  көп көмегін тигізуде. Мұғалімдердің сабақ жоспарын бірлесе құра отырып сабақ беруі, жоспарланған әдістер оқушыға қаншалықты жетіп жатыр деп пікірталасқа түсіп жатуының өзі оқушыны дамытудың  көрінісі. Туындаған сұрақтар lesson Study,Action research  отырыстарында талқыланып, өз шешімін тауып жатыр. Іс-әрекеттегі зерттеуден алған тәжірбиелерді пайдаланып, оқушылардың назарын мәтінге шоғырландыруды басты назарға алдым. Жаңа әдістер өз нәтижесін берді. Оқушылар әр мәтінге сай келетін «маңызды сұрақтарды» құрастыруды, мәтіннің мазмұнын түсінуді,мәтіндегі негізгі ойды тануды, таныс емес сөздерді, сөз тіркестерін игеруді, көпшілік алдында талқылауды үйренді. Күрделі мәтіндерді жақсы түсіну үшін оқушыларға тірек сызбалар құрастыру, ой жинақтайтын жүйелі моделдер құру жолдарын меңгерте отырып, алуан пікірлерге сыни тұрғыдан қарауға, өзара  ынтымақты қарым-қатынас жасауға және  креативті ойлана білуге  үйренуде.     \r\n\r\n            Білім жүйесіндегі осындай жаңашыл әдістермен қатар оқушының мақсатқа жету нәтижесін тексеру үшін қалыптастырушы және жиынтық бағалау тәсілі енді.Оқушылардың материалды қалай түсінгендерін қадағалап отыру, алдын-ала  ұсынған критерилер мен бағалау шкаласы бойынша бағаның әділ де айқын қойылуы, оқушыларға бұл бағалау жүйесі дұрыс екенін дәлелдеуде.\r\n\r\n            Қазіргі таңдағы бағалаудың осы түрлері оқушылардың пән бойынша қаншалықты табысқа жетіп жатқанын және сабақ барысында беріліп жатқан әдіс-тәсілдердің қаншалықты тиімді екенін көрсете алады. Әр сабақ үстінде оқушының жасаған жұмыстарын, оларда қалыптасқан  түрлі дағдыларды бағалау арқылы  сабақта қандай әдістер тиімді немесе тиімсіз қолданылып жатқандығын болжауға болады.\r\n\r\n           Жаңаша оқыту мен жаңаша бағалау нәтижесі оқушылардың бойында  сыни ойлау, сыни көзқарас,өзін-өзі жетілдіру, үздіксіз оқу дағдыларын дамытуда. Алдағы уақытта  тарих пәнін  зерттей оқып, зерделей қарайтын ұлылардың ұстанымына ден  қоятын, ұрпақ тәрбиелеуде аянбай енбек ету мақсатым. Осы мақсатым межеге жетіп жатса оқушыларым жаһандау заманында бәсекеге қабілетті азаматтар боларына сенімдімін. Өз жұмысымды осылай талдай отырып, «Мен «Ең үздік 20 мұғалімнің қатарына енуге лайықтымын ба?» деген сұраққа жауап бере алдым деп ойлаймын.\r\n\r\nРахат Имашпаев\r\n\r\n \r\n\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ