«Мәңгілік ел-тағдырым» атты ақындар мүшайрасы өтті

0
1976

 \r\n\r\n              Қалалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы мен «Ізденіс жолы» Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен  «Мәңгілік ел — тағдырым» атты оқушылар арасында қалалық ақындар мүшайрасы өтті.  Мүшайраға қызылорда қала мектептерінен 30 талапкер қатысып бақ сынады.  Тәуелсіздікті, тағылымды тарихты өз жырларына арқау еткен  ақындарға арнайы бекітілген қазылар алқасы баға беріп жүлдегерлерді анықтады.  Сайыс қорытындысы бойынша  І орынды №43 мектептің оқушысы Жарылқасын сымбат иеленсе, ІІ орынды №101 мектептің оқушысы Бұрхан Маралбек, ІІІ орынды №10 мектептің оқушысы Али Азат иеленді. Жүлдегерлерге  арнайы сыйлықтар мен дипломдар табыс етіліп, қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды. \r\n\r\nШараның негізгі мақсаты дарынды балаларды анықтау. Егемен еліміздің ертеңі болатын жас ақындарды жігерлендіру. Алдағы уақытта да жас ақындарға арнап түрлі шаралар ұйымдастырылады,-дейді «Көшбасшылар» клубының жетекшісі Сабыржан Кеңшілік.                                                                                     \r\n\r\n \r\n\r\n02\r\n\r\n03\r\n\r\n                                                                                                       \r\n\r\n    Мағжан Әбдірахман


ПІКІР ҚАЛДЫРУ