Мен мектепке дейінгі білім беру әдіскерімін (Эссе)

0
2706
ҚазҰУ – Ғылымға құштар жандар үшін үздік таңдау

Менің өмірдегі бақытым-жүрек қалауымен балалармен жұмыс жасау, олардың қуанышымен күлкісінен нәр алу. Осы бір «Балалар  әлемінің  теңізіне» бір бойласам, ешқашан өз мамандығымды өзгерткім келмейді. Өйткені, бала –пәк, бала-тап-таза мөлдір бұлақтың бастауы сияқты.Көзін ашып, тұнығына қану үшін тәрбиешіде жылы жүрек, аялы алақан және тәрбиешіге тән ең бірінші қасиет-баланы құрметтеу сезімі болу керек екенін түсіндім.

Мен өз қызмет жолымды Алматы облысы Есік қаласында «Айгөлек» балабақшасында   тәрбиеші қызметінен бастадым. Сол уақыттан бастап баламен жұмыс жасаудың үлкен бақыт екенін түсіндім.

Ал  қазір таңда Арал қаласы «Алтын балық » бөбекжайында  мен «Мектепке дейінгі білім беру әдіскерімін». Әдіскер болу-жәйғана мамандық емес. Ол-адам бағдарының жасаушы, келешек ұрпақтың сәулетшісі. Бұл сөздің астарында әдіскер мамандығының үлкен жауапкершілік иесі екендігін айқындап тұр. Бала тәрбиесі, оның ішінде балабақшадағы сәбилерді тәрбиелеу үлкен мәртебе. «Балалық шақ жылдары-бұл бірінші кезекте жүректі тәрбиелеу»-деп жазған В.Сухомлинский. Сондықтан  біз балаларымыздың болашағына, тәрбиесіне жауапты жандармыз.

Қай  халықта  уақытта  болмасын  ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген. Сондықтан тәрбие мәселесіне көңіл бөліп, оған тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, қірістіру әрбір ұжымның тапқырлығы мен іскерлігін, ізденімпаздығымен  шығармашылығын талап етеді.

Елбасының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» Қазақстан халқына Жолдауында «Мектепке дейінгі білім берумен және тәрбиемен қамтылған балалардың үлесі 2013 жылға 73 % да,  2020 жылға қарай 100 % құрайтын болады деген тұжырымы қуантты. Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы сәби кезінде басталады. Ол үшін балаға барлық жағдай жасалуы керек. Балалар- еліміздің ертеңі мен бүгіні.

Мемлекетіміздің басты байлығы, әрі тірегі. Сондықтан  балаға тиісті дәрежеде жағдай жасап, денсаулығын жақсартып, өмірін гүлдендіріп саналы тәрбие  беру- біздің басты мақсатымыз. «Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру стандарттарының » негізгі ерекшеліктері мен талаптарын басшылыққа ла отырып, балабақшамыз тәрбие мен оқытудағы негізгі мақсатттары мен міндеттерін жүзеге асыруда жұмылып еңбек етіп келеді.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы жұмыстардың басты бағыты оқу тәрбие процесін жүйелі жоспарлау, жаңа инновациялық технологияларды ендіре отырып балаларды дамытудың тиімді жолдарын қарастыру. Міне осындай жұмыс жүйесі менің блабақшамда қалыптасқан. Балабақша педагогтары Республикалық  «Өрлеу», «Нұр болашақ» ғылыми зерттеу орталықтарының ұйымдастырған жаңа технологяларды меңгерту курстарына қатысып, білімдерінжетілдіріп, балабақшаның оқу тәрбие процестеріне  ендіріпте үлгерді.

Мен өз ісімді шеберлікпен атқарып, балабақшамдағы тәрбиешілердің заман талабына сай білімдерін жетілдіріп , шығармашылықпен жұмыс жасауына қолымнан келгенінше көмектесуге тырысамын. Ата-аналарда өз баласының тәрбиесімен білікті мамандардың айналысқандарын қалайды.Тұңғыш ағартушы педегог  Ы.Алтынсарин «Күнәнің ең үлкені- бала жанының нәзік пернелерін дұрыс сезіне алмайтындарда »-деп бала тәрбиесіндегі басты тұлға ұстаздардың өз ісіне үлкен жауапкершілікпен шақырған.

Біздің балабақшада төмендегідей формада мамандардың шеберлігін арттыру жұмыстары жүргізіледі

  1. Педагогтарды міндетті біліктілік арттыру курстарына жіберіп, білімдерін жетілдіру
  2. Түрлі байқаулар, конкурстар ұйымдастыру.Оған ата-аналарды қатыстырып, балаларды қуанышқа бөлеу
  3. Ғаламторда мектепке дейінгі ұйымдардың жаңалықтарымен хабардар болу, инновациялық ізденіс, тәжірибе алмасу ,түрлі семинар, кеңестер өткізіп отыру.
  4. Шығармашылық топ құрып балабақшадағы оқу тәрбие процесіне қатысу, заманауи технологияларды білу жолдарын қарастыру. Бұл топқа білікті педагог кадрлар  кіреді.

Білікті педагогтармен бірлесе отырып жас мамандарменде жұмыстар жүргізу жүйелі жолға қойылған. Жас мамандарға аға тәрбиешілер бекітіліп берілген.Сонымен қатар өзімнің айналамдағы тәрбиешілеріме кеңес беруге, жан-жақты ізденіп  ақпараттар алып, оларды балабақша тәжірибесінде кадрларымның қолдану жолдарын іздестіремін. Қазіргі уақыттағы әдістемелік қызметтің жұмысы педагогтардың білімін арттыру, біліктілік деңгейін көтеру, педагогикалық және психологиялық ғылымдардың  жетістіктермен таныстыру болып табылады.Жылдан  жылға  тәрбиешілердің біліктілік деңгейлері көтеріліп келеді. Балабақшамызда тәрбиенің жұмысы нәтижелі болу үшін ата-аналармен тығыз байланыста жұмыстар жүргізіледі . Еліміздің ертеңі-жас ұрпақ дейтін болсақ, біз солардың қазіргі заманға сай, азамат болуы үшін аянбай еңбек ете бермекпіз.

Мен өзімнің әріптестерме жаңа инновациялық тұрғыда әдістемелі көмек бере отырып, алдымен оларға рухани қуат, мейірімділік, шыдамдылық кешіре білу, қызметтестеріммен  тең жағдайда сырласу, әр кадрдың мүмкіндіктеріне сену, ойларын тыңдау қасиеттерім арқылы мен өз балабақшамның жұмысын жетілдіріп, тәрбиемді көтере алатындығыма сенемін.

Менің әдістемелік қызметімнің нәтижелілігі өз педагогтармымның өзін-өзі тануға  ықпал жасау.Әрбір маман шығармашылығын, шеберлігін , талантын жаңғыртып өзі ісінің шебері атанса мен үшін үлкен бақыт. Өз ісінің шебері атану үшін не керек?Әрине білім,міндетті түрде –мейірімділік,жылы жүрек,балаға,мамандығына деген сүйіспеншілік.

Менің өмірдегі ұстанымым:

  • көмек сұрағандарға көмек беру.
  • өз сезімімді жасырмай,оны бақылай алу.
  • өзгелердің пікірін сыйлай білу.
  • тыңдай білу,тыңдата алу
  • жаңалыққа жақын жаңашыл әдіскер болу.

Өз сөзімді қорытындылай келе,жаңашыл әдіскер қандай болу керек?-дегенсұраққа жауап бергім келеді.

Жаңашыл әдіскер:

  • әдіскер-технолог
  • әдіскер – педагог
  • әдіскер – зерттеуші
  • әдіскер – эксперт
  • әдіскер-аналитик
  • әдіскер – басқарушы

Ең бастысы баламен өз мамандығын сүйетін жан болуы керек.  Бүгінгі педагогтарымыздың білімге, ғылымға, шеберлікке ұмтылысы, көзқарасы оң жағына қарай өзгеруі тиіс. Әркім өзіне: «Мен кіммін»?, «Мен қандай педагогпын» деген сауалды қоя білсе, өз қызметіне құзыретті маман болады деп сенемін.

Ол үшін өзіңді сүйе біл, жақындарыңды сыйлап қадірлей біл, әрбір өткізген шуақты күнді бағалай біл.

Ең бастысы өмірдің тамаша екендігіне сен!

   

Дайындаған:    Нұрмағанбетова Гулжанат Шакратовна

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ