Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілер

0
7125
«Мен осындай баламын» тәрбие сағаты

Қазақ тілі, 9-сынып.

Пәні: Қазақ тілі Сыныбы: 9 Күні:
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілер
Сабақтың мақсаты: Білу Нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі, көп нүкте, қабаттасып қойылатын тыныс белгілердің қойылу мақсатын білу.
Түсіну Тыныс белгілерге қарап, сөйлем түрлерін ажыратуға болатынын түсінеді.
Қолдану Берілген хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдыру
Талдау  Сұраулы сөйлемдерді тауып, жасалу жолына, мағынасына қарай талдау жасау
Жинақтау Көңіл-күйді білдіріп тұрған сөздердің антонимін жазу
Бағалау Бата сөзден қазақ халқына тән мінез, психологияны тану
Ақпараттық блок

1.Нүкте тиянақталған ойды білдіретін хабарлы сөйлемнен кейін қойылады.

2.Адамның аты қысқартылып жазылғанда

3.Тағы басқа қысқартылып жазылғанда

4.Жыл, ғасыр сөздері қысқартылып жазылғанда

Сұрау белгісі сұраулы сөйлемдерден кейін қойылады.1.Сұрау есімдіктері

2.Сұраулық шылаулар арқылы

3.Шығар, болар, қайтеді сөздері баяндауыш құрамында келсе

4.Баяндауыш құрамында ғой, -ау шылаулары келсе

Леп белгісі лепті сөйлемдерден кейін, сонымен бірге тілек, өтініш, бұйрық мәніндегі бұйрықты сөйлемдерден кейін қойылады.

Көп нүкте айтылмай қалған ойды тұспалдайды.

Бекіту Тыныс белгілер сөйлем соңында қандай жағдайда қатар келеді ?

Білу

 

 

Түсіну

І деңгей

1)    Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілер

2)    139-жаттығу Үзіндіде аталған жазушы, ғалым, ақында туралы не білетінін жазады.

Қолдану

ІІ деңгей

1)     143-жаттығу. Берілген хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырады.

Талдау

2)145-жаттығу. Шешендік сөздерді рөлге бөліп оқып, мазмұнын айтады. Сұраулы сөйлемдерді тауып, жасалу жолына, мағынасына қарай талдау жасайды.

-Ер басында бақыт нешеу? (сұрау есімдігі арқылы жасалған)

Жинақтау

ІІІ деңгей

1)    161-жаттығу. Көңіл-күйді білдіріп тұрған сөздердің антонимін жазады. Шуақ, құмарлану сөздерінің синонимдерін табады.

Бағалау 153-жаттығу. Бата сөзден қазақ халқына тән мінез, психологияны таниды.
Топтық жұмыс Тыныс белгілердің қойылатын орындары  166-жаттығу
Күтілетін нәтиже

1) Нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі, көп нүкте, қабаттасып қойылатын тыныс белгілердің қойылу мақсатын біледі.

2) Берілген хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырады.

3) Сұраулы сөйлемдерді тауып, жасалу жолына, мағынасына қарай талдау жасайды.

4) Бата сөзден қазақ халқына тән мінез, психологияны таниды.

Кері байланыс Түсіндім. Түсінбедім.
Үйге тапсырма «Базарда», «Сыныпта» тақырыптарына әңгіме құрау

 

Епенова Бақтыгүл Шонықұлқызы

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы

Е.Айшуақұлы атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі


ПІКІР ҚАЛДЫРУ