Мен таңдаған үлкен жол

2
1144

    «Білімдінің күні жарық» деген халық нақылының шындыққа айналып, қолданылатын кезі келді. Қазіргі технологиялар дамыған заманда жетістікке жеткен үлкен тұлғаларды білеміз. Бізге ол жетістіктің барлығы оңай жолмен келгендей көрінедi .

Жетістіктеркөп адам ұмтылатын бірақ барлығы бірдей қол жеткізе бермейтін биік шың дер едім, әркім осы шыңда бірдей деңгейде болғысы келеді, бірақ іс-жүзінде келгенде аз адамдар ғана табысқа жетелейтін қиын жолдан өту керегіне назар аударып жатады.  

Қазір 20 жастамын, бір жағынан бұл өмір туралы жазу үшін онша үлкен жас емес әрине, тәжірибе аз, өмір жолымды енді бастап жатырмын, бірақ жетістіктің мәні мен дәмін түсіне білетіндей жеткілікті нәрсені көрдім.  Әр монетаның екіншіжағы болатындығы бәрімізге белгілі, бұл маған керісінше  небәрі 20 жаста екенімді және көп жұмыс істеуім керек екенін, осы өмірдің барлық қиындығынан өтуім керек екенін айқындай түседі.2018 жылы мектепті бітіріп, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне  грант негізінде оқуға түстім. Жаңа ортада тек сабақпен шектелмей, белсенділер қатарында болып үлкен іс-шараларға ат салысып, басы-қасында жүрдім. Басшылық та осы еңбек пен табандылығымды бағалап,  2019 жылы  университет ішіндегі  Жастар саясаты бөліміне қарасты  12 ұйымның бірі «Jas Otan» Жастар Қанатының төрайымы ретінде тағайындады.

«Jas Otan» Жастар қанаты — «Nur Otan» партиясы жанындағы Республикалық деңгейдегіжастар ұйымы. Мақсаты — Елбасы саясатын қолдаушылар қатарын арттыру арқылы нағыз креативті, қабілетті, абыройлы жастар ортасын қалыптастыру. Бұл – үлкен жауапкершілікті пентабандылықты қажет ететін жұмыс екенін сезіндім.Барлық ЖОО – ның көшбасшы студенттерімен танысып, бәсекелестік тұрғысында да, достық қарым-қатынасты қалыптастырып келеміз. «Адамның қандай екенін досына қарап таны» деген нақыл сөзді қағида ретінде ұстанып, ортамда арман-мақсаты айқын, жетістікке бірге жеткісі келетін адамдармен толықтырудамын. Лидер тек өзін емес, команда мүшелерін жетістікке жеткізе білсе міне — нағыз жеңіс сол болмақ. Команда мүшелерімен бір мақсат негізінде ауқымды  жобалар дайындап, оны жүзеге асыру жолында бірлесе отырып әркет етудеміз.

«Jas Otan» — жастардың дамуы үшін үлкен әлеуметтік лифт. «4 жыл көзді ашып жұмғанша өте  шығады»  деп университтің алғашқы күні бір оқытушы айтып еды.  Өнерде оқып жүрмін деп қана қоймай, саясат, білім, ғылым, маркетинг салаларында да өзімді шыңдап, жан-жақты дамуды өмірлік қағида ретінде ұстанамын.  Сабақпен қатар активистік өмірді қатар алып жүруге тырысудамын, ең бастысы ниет қалғаны әрекетіңе қарай болады екен. Факульттің ғана емес, сонымен қатар университеттің де бетке ұстар белсенділерінің бірі болғаныма қуанамын.  Университет ішінде ұйымды дамыту мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, жаңа деңгейге көтеруде танытқан белсенділігім үшін, сондай-ақ қалалық, республикалық іс-шаралардың басы-қасында жүріп еңбек еткенім үшін  ректордан, «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы Дәулет Кәрібектен, Алматы қалалық төрағасы Мади Ахметтен, Бауыржан Байбектен арнайы алғыс хатпен марапат алу, Елбасы Н.Ә.Назарбаевпен  жүзбе жүз көрісу бақыты да бұйырды. «Волонтерлер жылы» аясында өткізілген республикалық деңгейдегі  онлайн-трансляцияның тұғырнамасында өнер көрсетіп теледидардан бірнеше рет көріндім.  Университет, қала көлемінде өтетін концерттік программалар, түрлі жобалар ұйымдастырумен айналысып көшбасшылық, коммуникабельдік, жауапкершілік, сенімділік сынды қабілеттерім  шыңдала түсті.

Оқу ордасына алғаш түскеде осы жолға келуіме себепші болған, үлгі тұтар тұлғаларым да бар. Менің алдымда төрайым қызметін атқарған аға-буын өқілдері: Бибінұр Байжігітқызы, Нұрсаулет Ғалымжанқызы, Сымбат Октябрьқызы. Осы кісілер алғаш жол сілтеп, өмірлік жолымның негізін дұрыс қалауды, әрдайым тек жоғарыға, жетістікке ұмтылуды, соған сай әрекет етуді үйретті. «Jas Otan» осы ұрпақтар сабақтастығын қалыптастырып, креативті жастардың басын біріктірген үлкен отбасымдай болып кетті, осы ортаға түскеніме қатты қуанамын.

Н.Ә.Назарбаев төрағалық ететін еліміздегі республикалық, ең негізгі «Nur Otan»  партиясының саясатының негізінде біршама игі істер атқарылып, еліміз саяси-экономикалық жағынан дамып келеді. Елбасы саясатын қолдаушылар қатарын арттыру мақсатында «Nur Otan»  партиясы жанынан құрылған «Jas Otan» Жастар қанатының  да ұстанымы берік, бір мақсатта халық игілі мен тыныштығы үшін жұмыстар атқаруда.  Біз Жас Отандықтар, барша жастар бірлесе отырып, елімізді әлемнің дамыған 30 елдің қатарына  жеткізуге бар қүшімізді саламыз.

Елбасы саясатының негізінде  біз  Жас Отандықтар болып, Мақтааралда орын алған су тасқыны кезінде, Арысста болған төтенше жағдай, карантин  кезінде де шетте қарап қалмай волонтерлік жастардың басын біріктіріп, халық игілі үшін көмек қолын создық. Сонымен қатар, волонтерлік қызметтен бөлек, қайырымдылық акцияларымен  түрлі жобалар негізінде көптеген іс-шаралар жасау үстіндеміз. «Демалатын уақыт келеді, қазір жұмыс жасайтын уақыт» деген сөзді ұстанатын біз  — Жастар ұйымшылдықпен бірлікті көрсете отырып, асқан табандылықпен ел болашағы үшін еңбек етенінімізді айтқым келеді.

Жалпы жастарға айтарым, өмір жолының алғашқы баспалдағын қазірден шегелеп қалап, алға қойған мақсатқа жету жолында нық сеніммен  тек жоғарыға ұмтылу керек. Әрине ол әрекет нәтижесінде ғана жүзеге асады.  Студенттік өмірден бар мүмкінікті пайдаланып, ардайым өзіңе инвестиция құйып, даму керек. Болашақта алған білімімізбен тәрбиеміздің негізінде ұлттың қалыптастыратын мына сіздер мен біздер болмақ. Елімізде жастардың креативті, жаңаша ойлай білетін жаңа толқыны өсіп келе жатқанына сенімдімін.

                                                                 Бекенова Зауре Қайсарқызы
     Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық
университетінің «Jas Otan» Жастар қанатының төрайымы


2 ПІКІРЛЕР

  1. МащАллах оте керемет,?? Жарайсын, еринби до конца окып шыктым? Жасай бер, улкен белестерден корине бер, ар дайым сиз ушин дуга етемин??

ПІКІР ҚАЛДЫРУ