Қолдың түрлі қалпымен үрлеген доптан аттап өту (балабақша дене шынықтыру сабағы)

0
1494
Дене шынықтыру

№3 «Өрімтал» бөбекжай-балабақшасы
Дене тәрбиесі жетекшісі: Г.Құрманова
11.12.2019ж
Тобы: 4-5жас ересек «Ертөстік»
Білім беру саласы: Денсаулық
Білім бөлімі: Дене тәрбиесі

Тақырыбы: Қолдың түрлі қалпымен үрлеген доптан (бір-біріне қашық қойылған 5-6доп арқылы укзекпен)аттап өту. Құрсаудан еңбектеп өту. Ойлы қырлы тақтаймен тепе-теңдікті сақтап жүру.

Мақсаты:
Тәрбиелілік:Балаларды үрлеген доптан аттап өтуге үйрету.
Білімділік: Құрсаудан еңбектеп өтуге үйрету,тақтай үстімен тепе-теңдікті сақтап жүруге баулу.
Дамытушылық:Ойынға деген қызығушылықтарын

Күтілетін нәтиже:

Үрлеген доптан аттап өтеді.

Құрсаудан еңбектеп өтеді.

Тепе-теңдікті сақтап тақтай үстімен жүреді.

Қолданылатын құрал жабдықтар:үрлеген доп,құрсау,тақтай

Оқу қызметінің түрлері Тәрбиешінің іс — әрекеті Балалардың

іс – әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

Сапқа тұрғызу. Сәлемдесу. Сабақтың мақсатын, міндетін хабарлау. Саптық жаттығулар: Оңға, солға, кері айнал.

Жүгіру:- Тізені көтеріп, артқа сермеп, оң және сол қапталмен жүгіру.

Жүру:- Аяқ ұшымен, өкшесімен, аяқтың сыртымен, отырып жүру.

Жаттығу жасауға кіріседі
Ұйымдастырушы

ізденуші 

.

Жалпы дамыту жаттығулары

1.Б.қ.: аяқ алшақ, қол белде;

1-қолды екі жаққа созу; 2- жоғары көтеріп, аяқ ұшына көтерілу;

3-қолды екі жаққа созу; 4-б.қ.(7-8 рет)

2.Б.қ. аяқ алшақ, қол желкеде;

1-денені оңға бұру, қолды екі жаққа созу, б.қ. келу; сол жақпен қайталау.(8рет)

3.Б.қ. аяқ иық бойымен, қол төменде;

1-қолды екі жаққа созу; 2- оң, сол аяққа енкейіп, саусақты аяқ ұшына жеткізу; 3- тік тұру, қолды екі жаққа созу;4- б.қ. келу.(6-8рет)

4.Б.қ. н.т. қол белде; 1-2- отыру, қолды алға созу; 3-4- б.қ. келу;(6рет)

5.Б.қ. н.т. қол төменде; 1- оң аяқты жанына созу, қолды жан- жаққа созу;2- оң қолды төмен түсіру, сол қолды жоғары көтеру; 3- қолды жан- жаққа созу; 4- оң аяқты окшеге қою, б.қ. келу.Сол аяқпен.(8рет)

6.Б.қ.н.т. қол белде; 1- оң аяқты алға созып, аяқ ұшына қою; 2- жанына созу; 3- артқа; 4- б.қ. келу. Осылай сол аяқпен. (6-8рет)

7.Б.қ.н.т. қол белде; 1- секіріп ,аяқты алшақ қою, қолды екі жаққа созу; 2- б.қ. келу; 1-8- дейін санап 3-4 қайталау.

негізгі қимыл түрлерін орындауды ұсынады:

Қолдың түрлі қалпымен үрлеген доптан (бір-біріне қашық қойылған 5-6доп арқылы укзекпен)аттап өту.Құрсаудан еңбектеп өту.Ойлы қырлы тақтаймен тепе-теңдікті сақтап жүру.

Қимылды ойын:

« Өз жалаушама қарай»

Ойын шарты:  Алаңның қарама-қарсы жағында сызықтан 18-20 қадам қашықтықтағы әрқайсысының қарсысына жалауша қоятын орындық қояды. Орындықтар бір сызық бойына қойылады.Бастаушының белгісі бойынша (дабыл қағуы немесе қолын шапалақтау, немесе «Бір екі, үш-жүгір!» деген кезде) балалар жалаушаларға қарай жүгіреді, оларды алып, жоғары көтереді, одан соң қайтадан орнына қояды.Бастаушы қандай балалардың жалаушаны басқалардан бүрын көтергенін белгілеп қояды, содан соң жүгіргендердің бәрі орындыққа отырады, ал олардың орнына сызықтың арғы жағына келесі 4-5 адам тұрады. Барлық бала жалаушаларға бір реттен жүгіріп өткенде ғана ойын бітеді

Ойынды аяқтау.

Балаларды бір қатарға тұруға нұсқау беру.

Саптізбекке бір-бірден, сапқа тұру, қатардан өзінің орнын табады. Саптізбекте бір-бірден жүру (бірінен кейін бірі жүреді, бағытты сақтайды.

Сапта жүріп келе жатып екі қатарға бөлініп тұрады. Теңеседі

Балалар үрлеген доптан аттап өтті.Құрсаудан еңбектеп өте алды.

-Қолдарын жандарына созады

-Жаттығуларды жасайды

— Балалар нұсқаушының түсіндіріп көрсетуі бойынша негізгі жаттығу түрлерін жасайды.

-Балалар нұсқаушының белгісімен саптізбекте бағыттарын ауыстырып жүреді.

-Балалар өздерінің шапшаңдықтарын көрсетеді.

 

Дене тәрбиесі жетекшісі: Г.Құрманова
Тексерілді: Әдіскер: Ш.Нарымбетова


ПІКІР ҚАЛДЫРУ