МЕН ЕҢ ҮЗДІК 20 МҰҒАЛІМ ҚАТАРЫНА ЕНУГЕ ЛАЙЫҚТЫМЫН БА?

0
1212

НЕГЕ МЕН ҮЗДІК МҰҒАЛІМ АТАҒЫНА ЛАЙЫҚПЫН

\r\n

«Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім».

\r\n

 А. Байтұрсынов.

\r\nМектеп – үйрететін орта, оның жүрегі — мұғалім. Дәл осы ұстаз — жастардың өмірге, қоғамға, мемлекетке деген көзқарасын қалыптастырушы басты тұлға. Заманауи ойлау қабілеті жетілген, өмірде өзін-өзі қалыптастыруға дайын, Отанын шынайы сүйетін және оның болашағын ойлайтын жастарды тәрбиелеу тек кәсіпқой ұстаздың қолынан келетіні анық.Осы орайда, мен өзімді «Үздік ұстаз»атағына лайықпын деп есептеймін. Үздік ұстаз ретінде менің бойымнан табылатын бірнеше қасиеттерге тоқталсам…\r\n\r\nБұрын ұстаз тек ақпарат беруші тұлға ретінде қалыптасса, қазірде заман талабы бұл түсінікті мүлдем өзгертті. Дана халқымыздың «Қарыны ашқа балық берме, қармақ бер» -, деген әдемі сөзі бар. Яғни, оқушыға дайын ақпаратты бере салмай, олардың білімді өзіндік ізденулері, зерттеулері арқылы түсінулеріне жағдай жасаймын.\r\n\r\nЕкіншіден, мен өз оқушыларымның жағдайын түсінетін мейірімдімін. Олардың әрқайсысының ішкісырын түсініп, шынайы жанашырлықпен қарап, ақыл-кеңесімді беріп отырамын.\r\n\r\nҮшіншіден, мен алдыма келген әр оқушыма сенім білдіріп, оларды қанаттандырып отырамын. «Болам деген баланың бетін қақпа, белін бу» дегендей, сіз оқушыңыздың сеніміне кіріп, оқушыңыз сізге сенсе онда табыстыңкілті қолымда деңіз.\r\n\r\nТөртіншіден, оқушыларым менің ашық мінезімді, сыншыл да шыншылдығымды, әрқайсысына деген әділдігімді жоғары бағалайтындарын білемін. Оқушыларға берген уәдемді орындау, айтқан сөзімде тұру, баға қоюда әділдік танытуым оларға көрсеткен үлгі-өнегемдеп білемін. Үздік ұстаз жақсылықтың жаршысы болуы керек деп есептеймін.\r\n\r\nБесіншіден, оқушыларға қатаң талап қойып, сол талаптарымның орындалуына жүйелі бақылау жасап отырамын. Бұл қасиетім оқушыларымды жауапкершілікке, жинақылыққа, әрбір істі уақытылы орындауға баулиды.\r\n\r\nАлтыншыдан, әр оқушымды жүрегі қазақ деп соғуға тәрбиелеймін. Тәуелсіз елімізді шынайы сүйетін, көк туымызды желбіретіп, еліміздің мақтанышы боларлық ұлы тұлғаларды қалыптастыру менің басты мақсаттарымның бірі.\r\n\r\nЖетіншіден, жаңашылдыққа жаным құмар ұстазбын. «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады», -дейді К. Д. Ушинский. Осы орайда, қоғамның аяқ алысынан қалып кету мұғалімге үлкен сын.\r\n\r\n«Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушыларын мұғалімдер қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады»,-дейді Елбасы Н. Назарбаев. Бүтін бір елдің болашағына жол салатын жас ұрпақты білімді де білікті, ой-өрісі кең парасатты тұлға, қатаң бәсекеге қабілетті білгір азамат етіп тәрбиелеуде Үздік ұстаз ретінде, алдағы уақытта да аянбай еңбектене беремін.\r\n\r\n \r\n

Иманбердиева Эльмира Сейдахметовна,

\r\n

5 орта мектеп директоры

\r\n

Алматы облысы, Текелі қаласы 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ