«Мен өз елімнің патриотымын»

0
2389
Дене шынықтыру

Тақырыбы : «Мен өз елімнің патриотымын»

Мақсаты: Балаларды Отанға деген мақтаныш, патриоттық сезімін ояту.

Көрнекі-құралдар: Қазақстан Республикасының рәміздері, суреттері.

Мотивациялық қозғаушылық

Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.

Тәрбиеші:-Балалар,бүгін бізде ерекше күн-қыркүйек білім күні.Асыр сап ойнаған жаз мезгілін артқа қалдырып,білімді де алғыр балалар болу үшін,барлық балабақшаларды,мектептерде,білім беру мекемелерінде ұйымдастырылған оқу қызметі,сабақтар басталады.Бұл күн сендер үшін,оқушылар үшін және біздер үшін үлкен мереке күні болып саналады.Әрбір мектепте,білім беру мекемелерінде тұңғыш қоңырау соғылады.

-Балалар,бізде жақсы,білімді,тәрбиелі азамат болу үшін ерінбей оқу оқып, білім алуымыз керек.Ол үшін сендер балалбақшаға күнде келіп сабақ оқып,тәрбие алу керексіңдер.

Балалар әнұранға қосылып,оң қолдарын жүрек тұсына қойып айтады.Мұқият тыңдап қызығушылық танытады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Тәрбиеші:-Балалар,біздің балабақшамыздың аты қалай аталады?

Балалар:-Бал-дыр-ған-деп.

Тәрбиеші:Ал топтың аты қалай аталады,қандай топпыз?

Балалар:-Күн-шу-ақ

Тәрбиеші:-Балалар айтыңдаршы біз қандай Республикада тұрамыз?

Балалар:-Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.

Тәрбиеші:-Дұрыс айтасыңдар.

-Қазақстан Республикасының Президенті кім?

Балалар:-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Тәрбиеші:-Өте жақсы.Біздің Қазақстан Республиксының елордасы қай қала?

Балалар:-Астана қаласы.

Тәрбиеші:Қазақстан Республикасының рәміздерін атайықшы?

Балалар:-Әнұран,елтаңба,ту.

Тәрбиеші:-Біз қай қалада тұрамыз?

Балалар:-Қызылорда облысы,Әйтеке би кентінде тұрамыз.

Тәрбиеші:Балалар,осы ауылымыз,балабақшамыз,Республикамыз біздің Отанымыз.

-Сіздер өз елімізді Отанымызды қорғайтын білімді де алғыр нағыз «Патриоттары» боласыңдар деген сеніммен үміттенемін.Елін сүйетін азамат болуға міндеттісіңдер.Ал,балалар бәріміз бірге Отан туралы тақпақ айтып берейік.

Балалар ілесе қосылып айтады.

Отан-менің ата-анам

Отан-досым,бауырым.

Отан-өлкем,астанам.

Отан-аудан,ауылым.

Отан дейміз кең байтақ Астананы,

Жасыл жайлау,жас қаланы.

Отанның шеті де жоқ,шегі де жоқ.

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

Отан!Отан!

Бәрінен биік екен.

Мен оны мәңгілік сүйіп өтем.

Тәрбиеші:-Міне,осындай тату-тәтті,бақытты мемлекетте біз өмір сүріп жатырмыз.

-Жарайсыңдар!Сіздер Отанымыздың нағыз патриоты балғын бүлдіршіндерсіңдер.

-Ендеше біз бүгінгі мерекеге арналған тақпақтарымызды айтаййықшы.

Айару:

Бар баланың тілегі,

Осы білім күні еді.

Алғаш соққан қоңырау,

Қыркүйектің бірі еді.

Дария:

Жеттім,міне бақшаға,

Қолыма гүл көп алып.

Құттықтаймын барлығын,

Шын жүректен қуанып.

Досқана:

Қалмаймын мен қатардан,

Бақшаға үлкен мереке.

Білім күні аталған.

Бүгінгі күн мереке.

Самина:

Қуaнтуға елімді.

Қуантуға жерімді.

Қуантуға жүректі,

Орындауға тілекті.

Мен бақшаға барамын.

Жанель:

Ұстаздарым-балабақша тірегі,

Ертелі кеш тыным таппай жүреді.

Балалардың ертеңіне алаңдап,

Білімменен тәрбиелеу-тілегі.

Ұлболсын:

Сәлем саған балабақшам,

Алтын ұям сүйікті.

Сен әпердің білікті,

Сенен өсіп көктедім.

Балалар барлығы ұжымдық түрде ән айтады.

Бексұлтан:

Келгенімде алдыңа,

Қызыл арай гүл алып,

Жақын тартып жаныңа

Шәкіртім деп қуанып.

Анель:

Сәлем саған балабақшам,

Алғыстарым көп менің,

Оқу,білім,тәрбие,ой

Санама еккенің,

Балалармен сурет бойынша әңгіме жүргізу. «Менің балабақшам»

Мақсаты:Балалардың сөздік қорын юайыту.байланыстырып сөйлеуге үйрету,өз туған жерлеріне,елдеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Рефлексиялық-түзетушілік.

Тәрбиеші:-Міне балалар осы күннен бастап бізде күнделікті оқу қызметіміз қызықты да көп нәрсені үйренетін күндеріміз басталады.Әрқашан бүгінгідей жақсы көңіл-күймен,барлығын үйренеміз деген мақсатпен балабақшаға келулеріңе тілектеспін.Бүгінгі күнді өте жақсы көңілмен өткіздік.
Бүгінгі 1-ші қыркүйек білім күнгі мереке құтты болсын!Сіздерге көп-көп рахмет,оқу қызметімізді осыдан аяқтаймыз.

№7 «Балдырған» санаториялық бөбекжай -балабақшасы
Изенова Зухра


ПІКІР ҚАЛДЫРУ