«Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбында тәрбие сағаты

0
6089

Назарларыңызға «Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбында тәрбие сағатын ұсынамыз. Тәрбие сағаты бастауыш сынып оқушыларына арналған.

Сабақ жоспары

Күні:

Сынып: 1

Тақырып: Мен өз елімнің патриотымын!

Сабақтың түрі:  Дәстүрсіз

Сабақтың типі:  Саяхат

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, жаттығу, ойын, көрнекілік, мадақтау, әңгімелеу.

Көрнекі құралдар: интербелсенді тақта, бағалау парағы, тақырыптың атауы,ҚР рәміздері, қоян мен оқу құралдардың сүреттері, аттардың сүреті, дымбәлместің сүреті.

Сабақтың мақсаты:

  1.  Оқушыларды Отанды сүюге, өз елің құрметтеп қастерлеуге тәрбиелеу.
    2.    Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту.
    3.    Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды  тәрбиелеу.

Сабақ жоспары:

  • Психологиялық дайындық.

-Сыныппен танысу.

2) Ой-ашар.

-Сабаққа кіріспе.

3) Ой қозғау. Негізгі бөлім – 1

Оқушылардың білім деңгейлерін тексеру. Тура, кері санау. Есептерді шешу. Сөз құрастыру.

Негізгі бөлім — 2

-Негізгі ұғымдар: «Отан», «Патриот»; мағынасын ашу. Дидактикалық ойындар арқылы бекіту сұрақтарын қою.

5) Ой толғаныс.

— Гүл шоғын құрастыру.Оқушының пікірін тыңдау.

6) Рефлексия.

— Бағалау.

  1.  Психологиялық дайындық.

Оқушыларды шаттық шеңберге тұрғызып бір-бірімен таныстыру. Оқушы өз есімін айтып келесі оқушыға тілек айтады да ойыншықты көршісіне береді.

  1. Ой – ашар.

— Балалар, бүгінгі сабағымызға мультфильмнің әйгілі кейіпкері келіпті. (тақтада дымбілместің сүреті көрсетіледі)

-Сәлеметсіздерме қымбатты оқушылар!(оқушылар жауап береді)

-Балалар, сендер білім еліне саяхатқа барғыларың келе ме? (Иә)

-Ендеше дымбілместің тапсырмаларын орындасақ біз саяхатқа барамыз.

Дымбілместің 1 тапсырмасы.  Сандарды тура ретімен санап айт. (тақтада жемістердің сүреттерін дауыстап тура ретімен санайды)

Дымбілместің 2 тапсырмасы Заттарды кері ретімен сана. (тақтада заттарды кері ретімен дауыстап санайды)

Дымбілместің 3 тапсырмасы Есептеп шығар. (тақтадағы сөз есептерді шығарады. Қосу және азайту амалдарына байланысты)

Дымбілместің 4 тапсырмасы Оқу құралын тап. (қолмен сипап оқу құралының қайсысы екенін табу)

Дымбілместің 5 тапсырмасы  Көңілді әріптер. (көрсеткен әріпке оқушылар сөз құрайды О,Т,А,Н) екі топқа болініп, «бәйге» ойыны арқылы жарысады.

Дымбілместің 6 тапсырмасы Отан туралы тақпақтарды айту. (тақпақтарды білген оқушылар шығып айтады)

1.Отан — сенің ата-анаң,   Қ.Ибраһим

Отан — досың, бауырың.

Отан — өлкең, астанаң,

Отан — аудан, ауылың.

2.Бақытты боп жүргенім     Айсулу

Сенің арқаң, Ұлы Отан.

Елім менің –тірегім,

Құшағында гүл атам.

3.Шығысыңнан арайлы,

Күліп атқан құба таң.

Сенен бақыт тарайды

Баршамызға Ұлы Отан.

4.Сарқылмайтын қуатым,  Темірлан

Тірегімсің сен, Отан.

Мәңгі соғып тұратын

Жүрегімсің сен, Отан!

5.Отан деген – атамекен.   Құрмет

Отан деген туған жер.

Отан – ана,

Отан – үлкен

Қазақстан – туған ел.

Сергіту сәті. «Көңілді күн!» биі.Жарайсындар балалар! Тамаша! Дымбілместің бүкіл тапсырмаларын орындап өз білімдерімізді көрсеттік. Енді Дымбілместің соңғы тапсырмасына назар аударайық. Мұқият қарандар.Оқушыларға «Отан» туралы бейнеролик көрсетіледі.  -Балалар біз көрген бейнеролик не туралы? (Қазақстан, Отан) Дұрыс, қалай ойлайсындар, келесі әңгімеміз не жайында болмақ? Әрине біздің Отанымыз туралы! Ендеше «Менің Отаным Қазақстан!» атты саяхатымызды бастаймыз. Бүгінгі саяхатта бізбен бірге көңілді жануарлар болмақ! 3) Ой қозғау. Негізгі бөлім:-Балалар, қане орындарымыздан тұрамыз да естілген дыбыс арқылы көлікті көрсетеміз. Бұл қандай көлік?(пойыз) -Иә, бұл пойыздың дыбысы. Пойызда бізбен бірге аралар бар екен. -балалар, «Отан» деген сөзді қалай түсінесіндер? (оқушылар пікірін тындау.) Қане аралар бізге қандай әңгіме дайындаған екен, тындаймыз. -Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан- бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!Балалар, қане кішкене сәтімізді ойынға берейік. Аралардың сұрақтарына жауап берейік. Кім белсенді қатысса сол оқушыға аралар тәтті сый береді.

— Отан деген не, қалай түсінесін?
-Біздің Отанымыз қалай аталады?

— Біз Қазақстанның қай қаласында тұрамыз?

Жарайсындар! Өте жақсы!

-Ал біз саяхатымызды жалғастырамыз. Қане орындарыңыздар тұрамыз да келесі көліктің дыбысын тыңдаймыз. Бұл қандай көлік? (машина)

-Дұрыс, бұл жеңіл машинаның дыбысы. Ал машинада бізбен бірге болған күшік. Ол сендерге мынандай қызықты хат әкеліпті.

Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Ал Қазақстанда тұратын барлық адамдар Қазақстанның азаматтары болып саналады.  Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. Олар патриоттар. Демек патриот деген, өз елін әрқашан қорғауға дайын, Отанның гүлденуіне көмектесетін, өз жерінді жақсы көретін азамат. Республикамыздың тұнғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ол еліміздің көркеюіне, дамуына көп күш салуда. Сондықтан бізде президентімізді қолдаумыз керек.

Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған.
Астана- Отанымыздың бас қаласы, астанасы. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі.

— Балалар күшік бізге қызықты әңгіме әкелді, енді ол сендерге ойын ойнатқызбақшы. (Ақ сүйек ойыны, ережесін айтып беремін.) Жауап берген оқушыларға тәтті сый беру.

-Біздің Отанымыз қалай аталады?

— Патриот деген кім?
— Қазақстан Республикамыздың президенті кім?
— Қазақстанда қандай қалалар бар?
-Қазақстанның астанасы қай қала? Жарайсындар! Өте жақсы!

Ән Бақытты балалық шақ.

5) Ой толғаныс.

— балалар саяхатымыз өз мәресіне жетті, қайтадан үйге оралайық. Қане, бұл қандай көліктің дыбысы? (ұшақ). Қане бәріміз ұшақпен ортаға шеңберге тоқтаймыз. (әр оқушыға жүрекше беріледі, ол бүгінгі сабақта не есте қалғаның айтып, тақтаға жабыстырады.)

-Балалар, бүгінгі сабақта сендердің естерінде не қалды? Әрқайсымыз айтып гүлді құрастырайық.

-Елін, жерін сүйетін азамат болып шығу үшін қандай бала болуымыз керек? Білімді, өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш бала болуымыз керек.

6) Рефлексия. (сурет жапсырмалау әңгімелеулері)

-Балалар, бүгінгі сабақтан алған көңілдерін қандай? (қол шапалақ ұнаса үш шапалақ, ұнамаса екі шапалақ)  — Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!

Абуева Райса Турлыбековна

СҚО, Петропавл қаласы, Сафуан Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия


ПІКІР ҚАЛДЫРУ