Менің болашақ мамандығым…

Иллюстрация: Freepik.com

Неге бұл мамандықты таңдадыңыз?
Менің журналистика мамандығын таңдап бұл салаға келуім мектеп кезінен басталған. Яғни мен 5-сыныптан бастап осы журналистика саласын таңдадым. Міне арманымның бір бөлігіне жеттім десем де болады. Қазіргі таңда осы салада терең білім алып жатырмын.Мен бұл салаға бала кезімнен құштар болдым. Өзімді басқа салада елестете де алмаймын. Тек қана өзімді журналистика саласымен ғана көре аламын.
Менің бұл мамандықты таңдаған себебім:Осы мамандықтың биік шыңына шығып,өзімнің қандай дәрежеге жете алатынымды өз-өзіме сезіндіре отырып дәлелдеу. Елімнен не аламын деп емес еліме не беремін деген азаматшалардың бірі болу.

Журналистика (французша — journal, немісше — journalіstіk, ағылшынша — journalіst) – 1) баспасөз, радио, теледидар, кино, интернет сияқты ақпарат құралдары арқылы елдегі және әлемдегі жаңалықтар мен оқиғалар, саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, рухани және табиғи құбылыстар жөнінде жұртшылыққа мағлұмат беріп, қоғамдық пікір қалыптастыратын әдеби-шығармашылық қызмет түрі; 2) белгілі бір халықтың нақты бір кезеңде шыққан газет-журналдарының жүйесі, оларда жарияланған материалдар жиынтығы; 3) баспасөз тарихын, теориясы мен практикасын зерттейтін ғылым саласы.
Журналистика дегеніміз — баспасөздерде жылт еткен жаңалықтарды жазумен ғана шектелмейді. Жалпы ауқымы әлдеқайда кең әрі күрделі. Мәселен, дүбірлі  дүниенің әр шалғайында болып жатқан жағымды, жағымсыз ақпараттар, өз еліміздің әр өңіріндегі елең еткізерлік хабарлар, тарихи танымдық шығармалар, әлеуметтік-саяси ой-толғаулар, жол сапарлар, мәдениет пен өркениет жауһарлары болып жалғасып кете береді

Менің ойымша, журналистика мамандығын таңдаған студенттер өз кәсібіне өте адал болуы керек. Сонымен қатар қағазы мен қаламы арқылы қорғансызға пана болып, әділеттілікті жақтағандары жөн. Қоғамдағы болып  жатқан жетістіктермен қатар келеңсіздіктерді аямай жариялаудан адасып қалмағаны жөн. Дей тұрғанмен, тың ақпараттарды жариялаған кезде дерек пен дәйек толық болуы шарт. Елден, көшеден естіген жалаң сөздерге сеніп жаза берсе ондай жаңалықтардың көк тиындық құны болмайды. Бір елді немесе бір адамды негізсіз қаралай берсе, жала жапса басы пәлеге қалуы мүмкін. Біз осыған абай болуымыз керек. Ақпарат әділ таразы болып, адам мен қоғам үшін кіршіксіз қызмет етсе ғана біз көздеген мақсаттарға жете аламыз.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ