Менің сыныптас достарым. Дд дыбысы мен әрпі. Сабақ жоспары

0
2623
Гомотетия және оның қасиеттері

 

САБАҚ: Сауат ашу Мектеп: «№6 орта мектебі» КММ
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Нугыманова М.С.
СЫНЫП:1А Қатысқандар:

 

Қатыспағандар:  
Сабақтың тақырыбы: Оқу  мақсаттары: Менің сыныптас достарым. Дд дыбысы мен әрпі

1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.

1.2.6.1 Мұғалімнің көмегімен ерекшелігіне қарай мәтін жанрын (өлең, әңгіме, ертегі) ажырату

Бағалау критерийлері Әріпті таниды, ажыратады және оны дыбыспен сәйкестендіреді. Мұғалімнің көмегімен ерекшелігіне қарай мәтін жанрын ажыратады.

Барлық оқушылар орындай алады:

Жаңа білімді меңгереді, әріпті таниды, ажыратады, дыбыспен сәйкестендіреді.

  Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Тақырыпты түсініп, тыңдайды, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

  Кейбір оқушылар орындай алады:

Алған білімдерін өмірде қолдана алады, мәтіннің жанрын ажырата алады.

Тілдік мақсат

 

Оқушылар орындай алады:

Д әрпі бар сөздерді табады, әріптер мен сандарды пайдаланып сөз құрастырады, дыбыстық талдау жасайды.

Негізгі сөздер мен сөз тіркестері: әріп, буын, сөз, өлең
Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі: ауызекі
Құндылықтарды дарыту: Мәңгілік ел бағытындағы қоғамымыздағы ұлттық бірлік пен бейбітшілікке келісімге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: математика, музыка
Алдынғы оқыту

АКТ қолдану дағдылары

Буындап, тұтас, түсініп оқиды.

АКТ, аудиожазба

Жоспар
Жоспарланған

уақыт есебі                  

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазаңыз) Ресурстар

 

Сабақтың басы 1.Амандасу,

Оқушылардың көңілдерін сабаққа аудару.

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Он саусақтың саласындай,

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Бiр адамның баласындай.

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

2.Топтарға  бөлу.

1-топ: А,Н,Л,

2-топ: Р,О,Т,Д

3-топ: У,Ш,С,Д

Өткен тақырыптар бойынша оқушылар  бір-біріне сұрақтар қояды.

1.     Сөз неден құралады?

2.     Сөйлем неден құралады?

3.     Сөйлем соңына қандай тыныс белгілерін қоямыз?

4.     Мәтін неден құралады?

5.     Дыбыс дегеніміз?

6.     Әріп дегеніміз?

7.     У әрпі қандай дыбыс?

8.  Біз қандай әріптермен

таныстық?

(А,Н,Л,Р,О,Т,У,Ш,С,Д) әр бала

тақтаға шығып дауысты,

дауыссыз дыбыстарды, қызыл, көк         себетке салып, түсіндіреді.

 

 

 

 

Шаттық шеңбері

(Сен білесің бе?)

 

 

 

 

 

 

 

Әріптер

А,Н,Л,Р,О,Т,У,Ш,С,Д

 

(Сұрақ-жауап әдісі)

Доп

Қалыптастырушы бағалау

мадақтау

 

 

Әріптер, себет

Сабақтың ортасы №1  Оқулығымыздың 55 бетін ашып, бағандағы сөздерді оқып шығамыз. Диалог оқыту.

(Да ла, да ла да, ау ла, ау ла да, Да на, Да на да, Ду лат, Ду лат та)

№2 (Ұ)Енді тақтаға назар аударайық. Тақтадағы суреттерден Д әрпі бар сөздерді тауып, оларға дыбыстық талдау жүргізу. Буынға бөлу, қанша дауысты, қанша дауыссыз дыбыс екендігін табу.

Біз  қандай қазақтың ұлттық аспаптарын білеміз? Домбыра, Қобыздан басқа қазақтың ұлттық аспаптары көп екен. Қазір біз сендермен жақсы бір әуен тыңдаймыз.

Бұл әуен қандай аспаппен орындалған?  (Домбыра)

Домбыра – қазақ халқының ең көп тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспап. Домбырамен күй тартады. Жыр, толғаулар, термелерді сүйемелдеуге қолданады.

Домбыра сөзінде ең бірінші қандай дыбыс естіп отырсыңдар?

Д д д – қайталау, оқушыларға айтқызу.

Ендеше бүгінгі тақырыбымыз Дд дыбысы мен әрпі.

Дыбыстың артикуляциясы.

Еріндер тістер ашылған, д дыбысын айтқанда тілдің ұшы төмен түседі және астыңғы тістерге барып тіреледі, дауыс желбезектері дірілдейді.

Д дыбысының таңбасы. Яғни қай түрін көріп тұрмыз? Баспа, жазба

Д дыбысы сөздің басында да, ортасында да, сөздің аяғында да кедеседі.

Сергіту сәті:  «Көңілді күн»      белсенді  би жаттығуы

 

№3  «Т» Әріптер мен сандарды       пайдаланып, сөз құрастыр, буынға бөліп, құраған сөздеріне түсінік бер.

А Н Л Р О Т У Ш С Д
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

 

 1-топ:  1059  —   Дос

2-топ:   10121  — Д ана         13181-алаша

3-топ:   10131 —  Дала

 

№4 (Жұп) 1. Берілген суреттердегі заттардың алғашқы әріптерінен сөз құра. Қандай сөз шықты сол сөзге сөйлем құрап айту.

2. Д әрпі бар сөздерді оқушылар тақтаға, дәптерлеріне жазу (Доп, дос,Дана,дала,Дулат)

 

 

Оқулық

Қалыптастырушы бағалау

мадақтау

 

 

Суреттер: Домбыра, балмұздақ, дәптер, дәрігер, күн, парта, доп т.б

 

Қалыптастырушы бағалау

 

Мадақтау, шапалақ

 

 

Әуен тыңдату

 

Домбыра көрсету

 

 

 

 

 

АКТ

 

(Ойлан, жұптас, талқыла) әдісі

АКТ

Әр топ оқушылары бір-бірін бас бармақ  арқылы

бағалайды, шыққан сөздеріне түсінік береді.

Оқулықпен жұмыс

Дәптермен жұмыс

Жұптық бағалау екі оқушы бір-бірін бағалайды, бас бармақ арқылы

Сабақтың соңы Оқушылар сабақта не біліп, не үйренгендерін өздерінің ойларын қорытындылайды.

Кері байланыс:

«Себетке гүлдер жинау»

—         Балалар, егерде бүгінгі сабақта тақырып түсінікті, қиындық болмаса, барлық тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар себетке көк гүлдерді салыңдар; егерде түсінікті, бірақ әлде де жұмыс жасау, қайталау керек деп ойласаңдар себетке сары гүл салыңдар; ал егерде тақырып түсініксіз, қиындықтар болса себетке қызыл гүлді салыңдар.

—         Сабақ аяқталды. Рахмет!

 

(Микрофон әдісі)

 

 

себет, көк, сары, қызыл

гүлдер

Қосымша ақпарат
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз? Бағалау – Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

 

 

 

 

  Сергіту сәті
Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Мeн жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

 
Қорытынды бағамдау 

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуда да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетінін  білдім?

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ