Ақпараттық технологияларды информатика сабағында қолдану – заман талабы.

0
4911
Менеджмент қағидасында мектепішілік басқару дағдыларын жетілдіру, педагогикалық квалиметрия әдістері

Тақырыбы: Ақпараттық технологияларды информатика сабағында қолдану – заман талабы.

Аннотация:  Информатика пәнін оқытуда инновациялық әдістердің негізгі ережелері қаралады. Педагогикалық технологияларды енгізе отырып информатика сабақтарында компьютерлік технологияны қолдану, мультимедиялық бағдарламаларды оқу үдерісіне енгізу және қолдана отырып шығармашылық қызметтің оң нәтижелерін шығару арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру.

Дәйекті сөздер: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, компьютерлік технологиялар, педагогикалық технологиялар, презентациялар.

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Ғылыми-техникалық әлеумет және оның өзін-өзі дамытуға қабілеттілігі жалпыға бірдей бәсекелестік жағдайында басты фактор ретінде қарастырылуда. Бұл орайда Қазақстанда қарышты қадаммен жүзеге асырылып отырған ғарыштық бағдарлама экономикадағы әр тараптандыру үдерісінің қуатты әрі тиімді қозғаушы күші болары сөзсіз. Ақпараттық технология – экономиканың және бүкіл қоғам мен мемлекеттің “ілгерілеуінің” белгісі. Біздің өркениетті дамуымыздың барлық маңызды өмірлік салалары бүгінде ақпараттық технологиялармен және жасалымдармен тікелей байланысты десек, асыра айтқанымыз емес. . .

Осы заманғы экономикалық өсімнің басты факторлары микроэлектроника, сандық және ақпараттық жүйелер, бағдарламалық қамтамасыз ету, байланыс және коммуникация т. б. салалардағы инновациялық технологиялар болып отырғаны баршаға белгілі.        
Заманауи ақпараттық қоғамның қалыптасуы мен дамуына жаһандық телефония, Интернет желісіне қол жеткізудің спутниктік жүйелері, тікелей сандық теле және радиохабар тарату, шұғыл корпоративтік және кең жолақты байланыс, навигация жәрдемдесіп отырғаны жасырын емес.

Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында: «Білім беру формасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.

Бүгінгі білім мазмұны мұғалім мен оқушының арасындағы байланысты субъективті деңгейде көтерудегі демократиялық бастамалардың барлығы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады. Мұғалім қоғам айнасы. Яғни,білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа инновациялық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу — тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді. Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми — техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.     

Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық — коммуникативтік технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. «Білім берудегі ақпараттық — коммуникативтік технологиялар» ұғымы «оқытудың жаңа инновациялық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т. б. , тіркестермен тығыз байланысты.   

Инновациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникативтік байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Жедел дамып отырған ғылыми –техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналды. Ақпараттық технологиялық дамуға және оның қарқынына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің рөлі тәуелді болады. 

Заман ағымына қарай ақпараттық технологияларды қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Инновациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. 

Заман талабына сай оқу үрдісін ақпараттандырылған технологиямен жүргізіп, жас ұрпақты тәрбиелеу бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Осы орайда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелейтін, ұстаздар, сіздер ізденіс пен ілгерілеуден жалықпаңыздар. Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс» деген болатын.

Қазіргі кезде мектептерде, колледждерде жаңа технологияларды қолдану жөнінде жиі айтылып жатыр. Қазіргі педагогикалық технологиялар жобалау технологиялары, ақпараттық технологиялар, ынтамақтасты оқыту технологиясы және тағы басқалары  балалардың қабілеттерін, біліктілік деңгейін, зеректіліктерін ескере отыра, даралап, саралап оқытуды  қамтамасыз етеді және оқытуда құзыреттіліктерін іске асыруға көмектеседі. Сонымен ,педагогикалық технологиялар деген не десек, олар:

-Өзара байланысты әдіс-тәсілдердің жиынтығы арқылы жеке тұлғаның белгілі қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған ықпал;

-Сол деңгейде қалыптастыру үшін белгілі шарттарды жасауға бағытталған іскерлік.

Педагогикалық технологиялардың мақсаты – оқыту үдерісінің тиімділігін көтеру, оқытуда бағдарланған нәтижелерге жетудің кепілі болып табылады.

Информатиканы оқытудың негізі мақсаты оқушылардың коммуникативті мәдениетін дамыту және қалыптастыру болса, мұғалім өз жұмысында әрбір  оқушыға компьютерді  практикада меңгеруіне жағдай жасауға тиіс.

Оқыту үдерісінің тиімділігі үшін әр түрлі технологиялар  қолданылып жатыр, бірақ мен информатиканы оқытудағы  ақпараттық технологияларды қолдануға  тоқталғым келеді. Біздің қарқынды  заманымыз – ақпараттық технологиялар заманы. Қазіргі кезде бізге әр түрде  берілген ақпараттар жиі ұсынылады. Сондықтан шәкірттерді оқытуда  олардың ақпаратттық құзыреттіліктері маңызды орын алып отыр, яғни керекті ақпаратты тауып, оның мазмұнын беру біліктіліктері. Әрбір мұғалім шәкірттерінің өз пәніне деген қызығушылықтарын  болғанын армандайды. Оны қалыптастыруда көптеген қиындықтар кездеседі. Сол себепті жаңа ақпараттық технологияларды қолдану бізге әдістемелік әдіс-тәсілдерді  таңдауға, сабақтарды  қызықты да, есте қаларлық болуына көмектеседі. Сонымен бірге олар оқыту үдерісін өзгертіп,  балалардың  жүйелі  ойлау қабілеттерін қалыптастырады.

Ақпараттық компьютерлі технологияларды қолдану: оқыту үдерісінің  аясын кеңейтеді, оның практикалық бағыттылығына себеп болады, оқушылардың білім алуға, оқуға  деген уәждемелерін көтереді.

Өз жұмысымда мен көптеген электрондық  ресурстарды  қолданамын:

мультимедиялық бағдарламалар, Интернетте табылған материалдар, интерактивті тестілер, бағдарламалар. Олар сабақты түрлендіреді әрі қызық етеді, балаларды әр түрлі жаңа технологияларды пайдалануға үйретеді.

Мен өзімнің әр сабағымда презентацияларды қолданамын. Презентацияларға мәтінмен бірге суреттер,графиктер,кестелер, бейнекөрініс және музыкалық  сүйемелдеулерді кірістіру қажет.

Мульти — медиялық презентациялардың  артықшылықтары мынадай:
  • Барлық оқушыладың зейінін белсендіреді;
  • Оқушылардың сыныптық және сыныптан тыс жұмыстарын байланыстырады;
  • Оқу уақытын үнемдейді;
  • Презентацияға интерактивті тақтаны қолдану жаңа лексикалық, грамматикалық, фонетикалық материалдарды көрнекі жүйелеуге мүмкіндік жасайды және де барлық тілдік әрекеттерді оқытуға тірек болады;
  • Түрлі мәтіндік аудио және бейне көрнекіліктерді қиыстырады.

Презентация жасау материалдарды таңдап алуда, презентацияның құрамын ойластыруда,оларды түрлендіруде мұғалімнен үлкен дайындық қажет етеді. Ақпараттық компьютерлік технологиялар қолдану арқылы сабақтарда біз оқушылардың оқу дағдыларын дамытамыз.

Сондай-ақ, информатика пәнінде үш тілді тапсырмаларды оқушыларға орындату арқылы, слайттар, мультимедиялық презентациялар жасату арқылы Мемлекеттік тілмен қоса, орыс тілін, ағылшын тілін тез меңгеруге болады. Сабақ барысында оқушы қызығушылығын басқа тілге аудара отырып сөздік арқылы сөйлем құрауға, сөйлемді ұғана дыбыстауға үйрету арқылы тұғарлы тілді меңгеруге болады. Сонымен қатар, информатикалық терминдік сөздер ағылшынша ұғымда, оны қазақ тілге, орыс тілге аударылған баламаның өзі де үш тілді меңгеруге ықпал жасары сөзсіз… тек мұғалім қызығушылығы мен сабақты түрлендіруі арқылы жүзеге асады.

Қорыта келгенде, информатиканы оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану оқу үдерісін жетілдіріп, тиімділігін арттырады және сабақтарды қызықты өткізуге көмектеседі. Біз дәстүрлі оқыту  әдістерін осындай жаңа технологиялармен толықтырып  және үйлестіре отыра, әрбір оқушыға жекелей қарап білім сапасын объективті бағалаймыз. Яғни,  осы тақырып қазіргі білім беруді модернизациялау кезінде өте өзекті деуге болады, өйткені жаңа технологияларды қолдану оқыту үдерісін тиімді етеді және оқушының жеке басына бағытталады. Бір ескеретін жайт – ешбір технология мұғалімнің өзін алмастыра алмайды. Компьютер мұғалімді тек қана толықтырып отырады. Ал, ақпараттық технологияларды  қолдануды  мұғалімнің біліктілік құзыреттілігін айқындайтын талап ретінде қарастыруға болады.

Пайдаланылған әдебиеттер:
  1. Білімді ақпараттандыру және оқыту мәселелері. Авт, ұж: Е.Ы.Бидайбеков, В.В.Гриншкун, Г.Б.Камалова, Д.Н.Исабаева, Б.Ғ.Бостанов. /Оқулық/ – Алматы, 2014. 352 бет.
  2. Информатика и ИКТ. Цветкова.М.С., Астафьева Н.Е., Гаврилова С.А., Москва, Академия, 2013.
  3. Новая информационная технология. Балапанов Е.Қ., Барибаев Б.Б., — Алматы, 2003 ж.
  4. Б. Бөрібаев. Информатика және компьютер. Алматы, Білім, 1995 ж.

 

«Аяжан Қарасай» Білім беру мекемесі
Қаскелең қаласы
Оқытушы: Кыстаубаева Кундыз Тулкибаевна


ПІКІР ҚАЛДЫРУ