Менің таңдауым тарих болды

0
2122
ҚазҰУ – Ғылымға құштар жандар үшін үздік таңдау

Менің таңдауым тарих болды

Мамандық таңдау-өмірдің ең қиын,әрі ең маңызды шешімдерінің бірі. Мамандық таңдау-сені улкен өмірге жетелейтін көптеген баспалдақтардың алғашқысы. Дұрас таңдалған мамандық-болашақтағы бақытты өміріңнің кепілі.

Жалпы тарих мамандығының ерекшелігі тарих-адамзат қауымының, халықтар мен мемлекеттердің өткен өмірін, бүгінін және болашағын зерттейтін ғылым. Өткен өмірден сабақ алып, қателікті қайталамауға тырысу, келешекті болжай білуге талпыну тарих ғылымының көкжиегі. “Тарихсыз-халық жоқ” деген нақыл бекерге айтылмаса керек. Тарихи зерделеу арқылы тарихи сана, мәдениет, дәстүр, ұрпақтар сабақтастығы қалыптасады. Тарих болып жатқан оқиғаларды жан-жақты әрі тереңінен көре білу қасиетін дамытады және болашаққа дұрыс қадам жасауға жәрдемдеседі.

Менің тарихшы болуыма түрткі болған мектептегі тарих пәнінің мұғалімі, 8-сыныптан бастап тарих пәніне деген қызығушылығым оянды. 3 жыл бойы бір мұғалімнен тарих пәнін үйреніп, өзімді тарихшы ретінде көре бастадым. Мектеп кезінен әр түрлі іс-шараларға, жарыстарға қатысып, сайыстардан орындар ала бастадым. «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» деген сөзді ақтағым келді. 11-сыныпты бітіретін кезде таңдау пәні ретінде «Дүниежүзі тарихын» белгіледім. Мектеп бітіргеннен кейін Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атндағы Жетісу Мемлекеттік Университетінің тарих мамандығына түстім. Осы оқу қабырғасында жүріп әр түрлі жарыстарға қатысып бақ сынап, жүзден жүйрік болуға тырыстық. Мәселен университет қабырғасында жүргендегі жетістіктеріме көз жүргітер болсақ: ГРАМОТА І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті 5В011400 — Тарих мамандығы білімгерлері арасындағы дәстүрлі пәндік олимпиадасында жекелей сында II орын ;

ДИПЛОМ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДОГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ӨТКЕН Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орындары студеттерінің IХ республикалық студеттік пәндік олимпиадасының қортындасы бойынша 5В011400 — Тарих мамандығынан командалық көрсеткіштері бойынша II орын. Алматы 2017жыл

АКАДЕМИК Е.А БУКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ӨТКЕН Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орындары студеттерінің Х республикалық студеттік пәндік олимпиадасының II кезеңінде 5В011400 — Тарих мамандығынан жеке көрсеткіштері бойынша II орын. Қарағанды 2018 жыл

Осы университетте 4 жыл оқып (бакалавр) дәрежесін оқып бітіргеннен кейін 2018 жылы Алматы қаласындағы білімнің қара шаңырағы әл-Фapaби aтындaғы Қaзақ Ұлттық Университеті Тарих факультеті Қазақстан тарихы кафедрасына магистратураға оқуға түстім. Қазіргі кезде оқуды жалғастыру үстіндемін. әл-Фapaби aтындaғы Қaзақ Ұлттық Университеті Тарих факультеті Қазақстан тарихы кафедрасында 20-дан аса профессер қызмет етеді. Қазақстан тарихы кафедрасын қазір т.ғ.д. профессор Берекет Бәкірбаев басқаруда.

Қазақ ұлттық университеттінде білім алушыларға қойлатын талап басқа оқу орындарымен малыстырғанда өте жоғары. Мен бұл оқу орынына қанша талпыныс жасағанымен кезінде оқуға түсе алмаған едім, оған себеп бірде балым жетпеді және бірде мемлекеттік грант иелене алмай тауым шағылған болатын. Ал міне бұйырып магистратураға оқуға түсіп бала кездегі бір арманым орындалғанына дәл ризамын.

Қорыта айтсам, мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез-келгеніне икемділік қажет, ол үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін еңбек. Кімде -кім өзінің мамандығын сүйіп, жүрек қалауымен қызмет етсе, өз басына да, қоғамға да үлкен пайда келтірмек. Мамандығымыз- мақсатымыз, мақтанышымыз және болашағымыз болсын дегім келеді.

Нұржан АУЫЛБАЙ,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 1 курс, магистранты


ПІКІР ҚАЛДЫРУ