Қош келдің, әз Наурыз! (сценарий)

0
1787
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Сценарий тақырыбы: Қош келдің, әз Наурыз!

Сценaрий мақсаты:Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.

Сценарий барысы:Кіріспе.

1 – жүргізуші:

Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!

Наурыз– «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғытегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!

2 — жүргізуші: Қайырлы күн, мейрамға жиналған барша қауым. Бүгінгі Ұлыстың ұлы күні — ата — баба сөзімен айтқанда ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы — бұл көктем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күн. Бұл мейрам 22 наурыздан 19 сәуірге дейін тойланатын ұзақ мейрам. Көктем мен Жаңа күн мерекесі.
Олай болса, бүгінгі «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік думанымызды ашып беру үшін сөз кезегі мектебіміздің директоры Өмірбек Айтуғанұлына беріледі.

Көрініс

1 – жүргізуші:

Наурыз – көктем мерекесі.

Нaурыз – жыл басы.

Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп.

2 — жүргізуші:

Наурыз – қуаныш мерекесі,

Бақыт пен шаттық мерекесі.

1 — жүргізуші:

Наурыз – шаруаның мерекесі.
Наурыз – еңбек мерекесі.

2 — жүргізуші:

Армысыңдар, халайық,

Бармысыңдар, халайық.

Наурыз тойын жұп жазбай

Жылда қарсы алайық- дей келе мектебіміздің мың бұралған бишілерін ортаға шақырсақ!

«» тобы- «» биімен

1 — жүргізуші:

Ал, халайық, тұрмайық,

Әндетейік жырлайық!

Ортамызды ашайық,

Ырыс тілеп бұл жылға,

Жырдан шашу шашайық!

Ән: «Наурыз той»

Орындайтын:

2-жүргізуші:

Өнер –ердің қанаты, шабыт құсы,

Би көтереді жоғары алып күші

Өнер болса бойыңда сөнбейтұғын

Сарайыңның болады жарық іші,

деп мың бұралған бишілерді шақырайық

-сынып оқушылары «» биімен

1-жүргізуші:

Ерітіп қарын даланың,

Жинатып гүлін саланың.

Жетелеп жұмсақ самалын,

Келді Наурыз – жыл басы.

Күлімдеп қарап күміс күн,

Аспаның бүркіп пүліш түн.

Ұлы күні Ұлыстың, Келді Наурыз – жыл басы!

Қабыл алыңыздар ортада «» күйімен.
— сынып оқушылары

2 — жүргізуші:

Наурызым — тойлы нұрлы күн,

Мерейің асып тұр бүгін.

Жерімнің жүзін жылыттың,

Елімнің сақта бірлігін!- деп ортада

Ән: «»

Орындайтын:

1-жүргізуші:

Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.

Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,

Иықтан шашып, төгіліп жерге,

Күмісті шашбау, жарасып белге деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті мың бұралған бишілерге береміз.

2-сынып оқушыларының орындауындағы вальс қабыл алыңыздар!
2-жүргізуші: Қадірлі ағайын, біз бүгінгі мерекелік кешімізді сайыс түрінде өткізуді жөн көріп отырмыз. Бүгін осында жиналған сыныптар мынадай сайыстар бойынша сынға түседі:

І. Ұлттық киім

ІІ. Ұлттық тағамдар

ІІІ. Ұлттық ойындар


1-жүргізуші:
Құрметті, оқушылар енді сіздерді қазақтың ұлттық ойындарын ойнауға шақырамыз. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтарымыз бар. Ойын бастамас бұрын әділ-қазылармен таныстыра кетейік. (Мектеп мұғалімдері арасынан қазылар тағайындалады).

1. Асық ойынынан жарыс

2. Арқан тартыстан жарыс

3. Қол күрестен жарыс

4. Тоғызқұмалақ ойыны


Қазылар жеңімпаздарды анықтап, сыйлықтар табыс етіледі. «Алға, қазақ жігіттері» әні орындалады.

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ