Менің – құқығым

0
2474
Гомотетия және оның қасиеттері

Тақырыбы: Менің – құқығым
Мақсаты: Оқушының құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтыру.
Оқушыларды адам құқықтарына оқыта отырып, түрлі өмірлік жағдайларда өз мүмкіндіктерін жеке және қоғам пайдасына сәйкес шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту.
Қазақстанның болашағына үлесін қоса білетін білімді де, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Бала құқықтары туралы» Конвенция, Туу туралы куәлік, интерактивті тақта, слайдтар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Психологиялық дайындық
Мақсатымыз, білім алу
Міндетіміз, еңбектену
Әр оқушы өз құқығын білу,
Оны өмірде пайдалану.

Жарайсыңдар балалар!

Ендеше біз отыру үшін топқа бөлініп алайық. Қанеки ортада турған гүлдің суреті бар парақты таңдап орнымызға жайғасайық.
Қазіргі уақытта құқықтық тәрбие беру өте қажет.Ол оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп,ойлау қабілеттерін дамытады,өз пікірін айтуға,тұжырым жасауға үйретіп,патриоттық тәрбие береді. Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет.Сондай-ақ заң адамға міндеттер жүктейді.Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы,олардың өміріне,денсаулығына,ар-намысына қол сұқпауы керек. Себебі ол осы мемлекеттің азаматы. Сендердің де әр қайсысылардың осы мемлекеттің азаматтарысыңдар. Ол дегеніміз әрқайсысымыздың құқықтарымыз бен міндеттеріміз бар екенін білдіреді. Ол туралы Конституцияда жазылған.

Конституция дегеніміз не?

Фатима. Конституция – бұл Қазақстан Республикасында тұратын барлық азаматтардың құқықтары мен міндеттері белгіленген құжат.
мұғалім: Біздің еліміз Конституция күнін қашан мерекелейді?

Оқушы:/30 тамыз/
Балалар, өздерің айтқандай Конституцияда Қазақстан республикасында тұратын адамдардың құқықтары мен міндеттері жазылады. Осы заңға бағынатын, оны орындайтын адамдарды кімдер дейміз? /азаматтар/
— Осы азамат деген ұғымға сендерде жатасыңдар.
Ендеше, балаларға арналған олардың құқықтары мен міндеттерін анықтайтын арнайы құжат бар. Оның аты – Конвенция деп аталады.

Нұрназар :

Конвенция – арнайы бір мәселе жөніндегі мемлекеттердің өзара келісімі.
. Осы Конвенция негізінде 2002 жылы тамызда Қазақстанда «Бала құқығы туралы» Заң қабылданды. Бұл Заң 10 тарау, 54 баптан тұрады. 2002 жылы 2-қыркүйекте Қазақстан «Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қояды, сөйтіп қазақстанның «Бала құқығы туралы заңы» енгізілген.
Ол «Бала құқықтары туралы» Конвенция деп аталады.

Ол Конвенция 54-баптан тұрады. Конвенцияның басты міндеті – 18 жасқа дейінгі тұлғалардың құқығын қорғау. . Қазақстанда балалардың құқықтық жағдайы мына заңдарда көрініс тапқан Сендер қалай ойлайсыңдар, баланың өкілі кім?
Кәусар:Ата-анасы, асыраушысы, қамқоршысы.
— Бала туған кезде ата-анасы оған есімін қойып, ата-тегін береді. Осы мәлімет арнайы құжатта жазылады.
— Ол – Туу туралы куәлік (Осы құжат біздің тұлға екенімізді растайды).
3) Біз қай елдің азаматтарымыз? Қазақстан Республикасының азаматтарымыз.
— Яғни, Қазақстан өкіметі сендерге қамқор болады. Ал, енді балалар, «Бала құқықтары туралы» конвенциядағы айтылатын баланың негізгі құқытарын атап өтейікші.

Сергіту сәті:

4) Балалар сендер не істеуге құқылысыңдар? СЛАЙД бала құқықтары
• Өмір сүруге
• Ата-тегін алуға
• Отбасында тәрбиеленуге
• Жеке бас бостандығына
• Азаматтық алуға
• Білім алуға
• Баспана алуға
• Дүние мүлікке
• Демалуға
• Денсаулықты сақтауға
• Сөз бостандығына
• Қоғамдық жұмыстарға араласуға

Қосымша балалардың да пікірлерін тыңдасақ

Амина:

Ата – заңым , алтын заңым – ардағым,

Аялаған азаматтың арманын

Жол бастайды болашаққа жасампаз,

Әрбір бабаң, тарауларың тармағаң – дегендей Қазақстан Республикасының Конституциясының кейбір баптарына тоқтала кетсек

Бақдәулет

Адам дүниеге келгеннен кейін оның өмірін , денсаулығын, тыныштығын біздің мемлекетіміздің Ата Заңы қорғайды. ҚР- Конституциясы барлық заңдардың негізгі басты құжаты.

Саят

Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынеады және өзіне есіммен азаматтық алуға құқылы. Мемлекет әрбір баланың аман сау өсіп, жан – жақты дамуын қамтамасыз етеді.

Еркеназ

Бала міндетті түрде алғашқы білімін тегін алуға құқылы

Бала денсаулығын сақтауға , емдеуге құқылы

Ж.Арман:

Табиғатты қорғауға

Тарихи мәдени мұраларды сақтауға міндетті

Жарайсыңдар балалар. Осыған орай класс оқушыларының өздері жүргізген яғни жасаған видеороликтерін тамашалайық

Видеоролик

Әр командаға ертегі кейіпкерлерінің суреттері таратылады (бірнеше қиықтарға бөлінген). Мозайкаларды жинап, ертегі кейіпкерлері арқылы адамның қандай құқығы бұзылған.
1«Мыстан кемпір» — /ертегілерде үнемі балалардың өміріне қауіп төндіреді/.
2«Карлсон» — /шулайды, қоғамдық орнында тәртіп бұзады/.
3 «Бауырсақ» ертегісі /өмір сүруге құқылы, бірақ оны түлкі жеп қояды/.
4 «Жын» ертегісі /жеке бас бостандығынан айрылады/.
5 «Ұр, тоқпақ» ертегісі /дүниемүлкінен айрылады/.

«Ойлан, тап» ойыны. 
Ертегі кейіпкерлерін айтамын, егер жағымды кейіпкер болса, шапалақтаймыз. Жағымсыз кейіпкер болса, онда аяқтарыңмен сартылдатасыңдар.
• Ер Төстік +
• Мыстан кемпір –
• Жеті лақ ертегісіндегі қасқыр –
• Бауырсақ+
• Байлық пен ақыл ертегісіндегі, кенже ұлы + Алдар көсе+

Өте, тамаша! Бүгін жақсы еңбектендіңдер!

Өздеріңе қажетті жаңа білім алдыңдар. Енді сендер біздің еліміздегі бала құқығын білесіңдер. Сонымен қатар адамның құқығы мен міндеттері бір-бірімен тығыз байланысты, оларды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды.
Ал, енді сендер оқушы ретінде өз міндеттеріңді білесіңдер

Оқушы міндетті
1 Жол тәртібін бұзбауға 2.Қоғамдық жұмысқа қатысуға
3.Білімді менгеруге 4.Шындықты білуге
5.Үлкенді сыйлауға 6.Кішіге көмектесуге
7.Өтірік айтпауға 8.Шыдамсыз болмауға
9.Денсаулығын күтуге 10.Денені шынықтыруға
11.Қазақ тілін құрметтеу 12.Табиғатты қорғауға

Оқушы жауапкершілігі
1.Уақытында келу 2.Уәдеде тұр
3.Тиянақты болу 4.Мектеп мүлкін бүлдірмеу 5.Тәртіпті бұзбау
6.Жаман сөз айтпау 7.Досына көмектесу
8.Оқушы ережесін орындау 9.Кітапты күтіп ұстау
10.Күн тәртібін бұзбау 11.Талапты орындау
12.Әдепті болу

ҚОРЫТЫНДЫЛАУ.

Құқың бар: күл,ойна ,шаттанып білім ал.

Құқың бар:табиғат сырларын біліп ал.

Химик бол, ғалым бол, пайдалы еңбек ет,

Халқың да құрметтеп, достарың қызығар.

Құқың жоқ гүлдерді, көк шөпті жұлуға,

Құқың жоқ құстардың ұясын бұзуға.

Құқың жоқ тәртіпсіз, қатыгез бала боп,

Халқыңның алдында қызарып тұруға. –дей келе біз бүгін өз құқығымыз жайлы ой түйдік. Б.Момышұлы атамыз «Азамат жолы-ар жолы» деп айтқандай,ешкімнің ала жібін аттамай,өзқұқығымыздыда,өзгеніңқұқығын да бұзбай,тәуелсіз еліміздің арқа сүйер айбынды,ақылды ұл-қызы болып өсейік!

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ