Менің отбасым

3
53863

     Отбасы — адам өміріндегі ең маңызды нәрсе. Отбасы — қиналғанда қайғыңмен, қуанғанда қуанышыңа ортақ болатын аяулы жандар. Отбасының тірегі — сүйіспеншідік, бірлік және сенім. Отбасы жоқ адам қанатсыз құспен тең.  Ал бірін — бірі сыйлап, бірін — бірі сүйіспеншілікке бөлеп отырған отбасы бар адам өте бақытты жан.
     Мен бақыттымын! Себебі, менің жанұям қасымда. Мен өз отбасымды үлгі тұтамын және мақтанамын. Менің асқар таудай әкем мен алтын анам тек бізді ғана ойлайды. Біз үлгі тұтарлық отбасымыз. Бұлай деуімнің себебі, біз әрдайым сыйластқпен және отбасы жарастығы арқылы кез келген қиындықты бірге жеңеміз. Мен отбасымның осы қалпынан таймай, бақытты ғұмыр кешкенін қалаймын.

                                                    Айзат Қуанышбек
               Жамбыл облысы, Меркі ауданы,
               №2 «Аспара» орта мектебінің оқушысы


3 ПІКІРЛЕР

  1. Бірақ көп жері басқалармен бір жазылған.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ