Менің ұлағатты ұстазым (шығарма)

0
3345
ұстаз туралы шығарма

Білімді ұстаз, ардақты ана — Жексембекова Сандуғаш Назимбековна 1962 жылы, қазан айының төртінші жұлдызында Алматы облысы, Сарқан ауданы, Қарауылтөбе ауылында дүние есігін ашты. Жастайынан оқу-білімге құштар болып өседі. Алғырлығымен, сөзге шешендігімен көпшіліктің көзіне ерекше түседі. Бойындағы дарыны оны әрқашан биік белестерді бағындыруға жетелейді. Өзінің туған жеріндегі « Сегіз жылдық мектепті» аяқтап, әрі қарай білімін кеңейту мақсатында Шекарашы ауылындағы «Он жылдық орта мектепті» үздік бітіреді. Талдықорған қаласындағы Педагогикалық Университетті сырттай оқи жүріп, 1981 жылы туған жерінндегі  мектепте бастауыш сынып оқушыларына сабақ бере бастайды. Өмірлік қосағын да өз ауылынан тауып, арыстандай екі ұлдың анасы атанады. Тұңғыш ұлы Азат Москвада инженер мамандығы бойынша оқып келіп, Ақтау қаласында жұмыс істейді. Кенжесі- Мадияр. « Құрлық әскерінің Әскери институтының» төртінші курс курсанты.

Жексембекова Сандуғаш Назимбековна

Сандуғаш апай білім беру саласында ерекше бағыты бар, білімді ұстаз. Өзінің бір сөзінде:

Адамгершілік құндылықтарын бала бойына дарыта отырып, оның жүрек түкпіріндегі рухани қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру әр ұстаздың негізгі міндеті.  Біздің бастауыш сынытарда «Дамыта оқыту,» «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі,»  «Сатылай кешенді талдау,» «Ұтымды оқыту» технологияларының  элементтерін пайдалану, оқытудың ынтымақтастығын, жеке тұлғаның ойлау қабілетін, шығармашылықпен  жұмыс істеуін қалыптастырады. Мен «Оқшылардың өз бетімен жұмыс істей отырып, шығармашылық қабілетін дамыту» мәселесі бойынша жұмыс істеймін. Оқушының білімділігін және білімінің қаншалықты тиянақты болып қалыптасқандығын жан-жақты сипаттау үшін Эльконин, Давыдавтың дамыта оқыту технологияларын қолданамын. Сабақта В.Н.Зайцевтің «Жылдам оқуға үйрету,» С.Н.Лысынкованың тірек сигналдарын, Ш.А.Амоношвилидің әдістерін пайдаланамын. Бастауыш сынып оқушыларының өздік жұмыс мәселесін талдау, зерттеу мақсатында балалар шығармашылығын баспасөз беттеріне жариялауға беріп отырамын. Өз тәжиірбемді әріптестерімен бөлісемін,-дейді. Оқушыларына берген білімінің нәтижесінде:

20062007 оқу жылында бастауыш сыныпта оқытқан оқушысы Жанар Қабидолданова орта мектепті «Алтын белгіге» бітіріп, Жоғарғы Оқу Орнының мемлекеттік грант иегері атанды. «Ақбота», «Кенгуру» интелектуалдық ойындарына қатысқан әрбір оқушысы дипломмен марапатталды.

-2006 жылы Мұхамеджанова Раушан, Түндебай Мөлдір «Кенгуру» халықаралық математикалық ойын-сайысына қатысып, 1-орын иеленді . «Ақбота» интелектуалдық марафонында  1-орын алғаны үшін Тоқтарбаев Айбар, Мұсабек Нұрбек, Жаңылхан Шолпан марапатталды.

-2007-2008 жылы «Руский медвежонок» ойын-конкурсына қатысқаны үшін Тоқтарбаев Айбар, Қастай Дастан сертификат иеленді. Осы жылы аудандық бейнелеу өнері пәнінен «Ертегілер еліне саяхат» атты сурет байқауында Жексенбай Біржан белсенді қатысқаны үшін марапатталды.

-2015 жылы Қазақстан Республикасы  кіші ғылым академиясының ХХІV облыстық ғылыми –тәжиірбелік  конференциясында «Қазақ тіліндегі  қате қолданыстағы сөздер» атты шығармашылық  жұмысымен Қастай Дастан 1-орын иеленіп, жинаққа енді. Сандуғаш апай өзі де бірталай жетістіктерге жетті:

-2007-2009 жылдары аудандық білім беру бөлімінің «Жылдың үздік бастауыш сынып мұғалімі» атты жарыста топ жарып, жүлделі 2-орынды иеленді.

-2008 жылы аудандық білім беру бөлімінің жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде жеткен жетістіктері үшін марапатталды.

-2005 жылы «Жетісу» газетінде «Оқушы қабілетін дамыту» атты мақаласы, 2007 жылы «Сарқан» газетінде «Жолдауға қолдау» атты мақаласы, 2009 жылы  «Озық тәжиірбелерді» пайдалану, бөлісу мақсатында әдістемелік жұмысы республикалық ғылыми «Бастауыш сыныпта оқыту» журналында, Ғылыми-әдістемелік педагогикалық  «Ізгілік» газетінде жарық көрді.

-2015 жылы «Асыл мұра» халықтық ән және аспапта орындаушылардың VІІ Республикалық  ән-би байқауына белсенді түрде қатысып, педагогикалық еңбек жолында өнерпаз шәкірттерге білім мен тәрбие беруде өскелең ұрпақтың бойындағы азаматтық ұстанымын қалыптастырғаны үшін марапатталды.

-2016 жылы «Тұлғаға бағытталған білім беру жағдайындағы тіл пәндерінде оқушы шығармашылығын арттыру» атты Республикалық ғылыми-пппрактикалық конференцияда ІІІ дәрежелі диплом алып, «Әдебиетті оқытуда баланың шығармашылық қабілетін дамыту» атты еңбегін «Көшбасшы» оқу-әдістемелік орталығының жинағына енді. Қазақ тілі пәні бойынша «Шамшырақ» олимпиадасын ұйымдастыруда белсенділік танытқаны үшін марапатталды. Мен осындай ұлағатты ұстаздан сапалы білім мен саналы тәрбие алып шыққаныма мақтанамын. Ұстазымның әлі талай білікті шәкірттерді тәрбиелейтініне сенімім зор.

Гүлім Копбаева
Қарауылтөбе орта мектебі
Сарқан ауданы
Алматы облысы

 

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ