Турганбекова Гульнара Жолмухановна: «Менің атам мен әжем»

0
3600

Сабақтың тақырыбы:  \r\n\r\nМ  е  н  і  ң    а  т  а  м   м  е  н    ә  ж  е  м\r\n\r\n \r\n\r\n Сабақтың мақсаттары: \r\n\r\n1) Білімділік: Оқушыларға отбасындағы ең қымбатты және қадірлі ата мен әже туралы түсінік беру. «Отбасы» тақырыбына байланысты сөздерді қайталау. БІлімдерін арттыру;\r\n\r\n2) Дамытушылық.: Әр оқушыны өз отбасына байланысты сұрақ-жауап арқылы тілдерін дамыту, оқушының еске сақтау дағдысын, ойлау қабілетін дамыту, қызығушылығын арттыру;\r\n\r\n3) Тәрбиелік: Отбасы мүшелері мен туыстықты таныту. Өзара сыйластыққа, қамқорлыққа. тату болуға тәрбиелеу, Үлкенге құрмет, кішіге ізет болуға тәрбиелеу.\r\n\r\n \r\n\r\nҚолданылатын көрнекіліктер: «Отбасы мүшелері» атты плакат, нақыл сөздер, сынау парақтары.\r\n\r\n \r\n\r\nӘдістері; Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгіме, әңгімелесу, кернекілік, проблемалық.\r\n\r\n \r\n\r\nСабақтың түрі; Аралас.\r\n\r\n \r\n\r\nСабақтың барысы\r\n\r\n \r\n

    \r\n

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. \r\n

\r\n— Сәлеметсіндер ме, балалар. отырыңдар. Бүгін қай күн? Қазір қай мезгіл? Бүгін ауа-райы қандай? Сабақта кім кезекші? Кім жок? Себепті ме, себепсіз бе?\r\n\r\n \r\n

    \r\n

  1. II. Үй тапсырмасын тексеру.
  2. \r\n

\r\n— Үйге қандай тапсырма берілді?\r\n\r\n— 34-бет, 5-тапсырма бойынша; сөздік бойынша жүмыс.\r\n\r\n \r\n\r\nIII. Өткен тақырыпты қайталау.\r\n\r\n— Балалар, өткен сабакта қай тақырыпты өттік және қандай буындармен таныстық? Қане, қайталап жіберейік. Ең бірінші мьіна тақтадағы отбасы аттьі плакатқа қараймыз. Кім қысқаша отбасы туралы әңгіме айтып береді?\r\n\r\n— Тұйық буын дегеніміз не? Бітеу буын дегеніміз не? (Мысалдар айтылады)\r\n\r\n— Балалар, өткен сабақты пысықтау мақсатыңда қазір сынау жазамыз.\r\n\r\n(Оқушыларға сынау қағазын таратып беру.)\r\n

    \r\n

  1. «Отбасы» сөзінің аудармасын тап.
  2. \r\n

\r\nа) дружба; ә) семья; б) члены семьи; в) школа.\r\n

    \r\n

  1. Дауыссыз дыбыстарды көрсет.
  2. \r\n

\r\nа)   а, э. о, ө;   Ә) а, о, б, в; б) б, в, ғ, қ; в) ғ, қ. а, о.\r\n

    \r\n

  1. «Пенсионер» сөзінің аудармасын тап.
  2. \r\n

\r\nа) зейнеткер; и) мұғалім; б) ұшқыш; в) есепші.\r\n

    \r\n

  1. Бітеу буынды көрсет.
  2. \r\n

\r\nа)  мек-төп; ә) ба-ла; б) ат; в) о-қу-шы.\r\n

    \r\n

  1. Тұйық буынды көрсет.
  2. \r\n

\r\nа) мек-теп; э) ба-ла; б) ат; в) о-қу-шы.\r\n\r\n \r\n

    \r\n

  1. Өткенді жаңа сабақпен байланыстыру.
  2. \r\n

\r\n—  Балалар. өткен сабақта біз сендермен отбасы және отбасы мүшелерімен таныстық. Отбасы мүшелері — ата, әже, әке, шеше, іні, сіңлі, аға, әпке,  тағы да басқалары..\r\n\r\nОтбасы –ұрпақтан-ұрпаққа таралады. Ата-әжеден әке-шеше, ұл-қызы, немере-шөбере, шөпшек, немене таралады. Міне, отбасы сияқты мысалға ағашты алайық. Бір кісіден туыстар тарағандай, бұл ағаштан тамырлар тараған. (Тақтадан суретгі көрсету керек.)\r\n

    \r\n

  1. Ең терең тамырлары — ата мен әже.
  2. \r\n

\r\nАта — әкенің әкесі. Ата — өз отбасының ақылшысы ғана емес, ол отбасы бірлігін, тұрмысын, болашағын байқап отыратын дана, көреген қария. Атаның айтқаны кішілерге заң.\r\n\r\nӘже — әкенің шешесі. Ол отбасының\r\n\r\nтынышығын ойлайтын көптің сыйлы анасы. Отбасының бірлігін сақтайтын тәрбиеші, ақылшысы.\r\n\r\nӘке — ұрпақ иесі, үй басшысы, асыраушы. Жанұя мүшелері әжені тыңдайды.\r\n\r\nШеше — өзіңді өмірге әкелген, түн ұйкысын төрт бөлген, ақ сүт берген кісі. Ана — өмірдің тұтқасы, тәрбиеші, ақ ниетті, мейірбан адам. Ол — отбасының берекесі, ырьісы, ақылшысы.\r\n\r\nБала — ата-анадан тараған ұрпақтар. Ұл мен қыз. Ұл — шаңырақ иесі, әке өмірінің жалғасы.\r\n\r\nҚыз  — ата-ананың мақтанышы, сәні, көркі, еркесі. Қыз болашақ жар, ана. Сондықтан қызды аялап, мәпелеп өсірген, қатты сөз айтпаған.\r\n\r\nҰл — қыздардың балалары немере – шөбере, шөпшек — немене тағы сол сияқты болып жалғаса береді.\r\n\r\n— Демек, ағаштың ең терең тамырлары кімдер? Отбасындағы қымбатты және қадірлі адамдар кім? Иә, ата мен әже. Демек, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы -«Менің атам мен әжем».\r\n\r\n \r\n

    \r\n

  1. Жаңа сабақ.
  2. \r\n

\r\n—  Бәріміздің атамыз бен әжеміз бар. Олар бізге қамқорлық жасайды, әдепті болуға, кішігө ізет, үлкенге құрмет болуға тәрбиелейді. Бәріміз ата мен әжемізді сүйеміз, жақсы көреміз. Олар бізге күн сәулесіндей бойьіндағы бар  жақсы қасиеттерін таратады. Бәріміз тақтаға қараймыз.\r\n\r\nНе керіп тұрсыңдар? Иә, күн, ата мен әже күн сияқты бізге сәулесін шашады.\r\n\r\nАТА – тірек – сыншы- ақылшы – қорғаушы —  ұрпақ жалғастырушы  — өнер мен өмірдің ұстазы\r\n\r\nӘЖЕ – ақылшы – қамқоршы — жүрекке шуақ-себуші — мейірімді тәрбиеші  — ауыз әдебиетін таратушы\r\n\r\nАТА:\r\n

    \r\n

  1. Құлап бара жатсаң — тіреп тұрады. Әрқашан саған қамқор болуға дайын.
  2. \r\n

  3. Әкемнің әкесі өзімнің шыққан тегім.
  4. \r\n

  5. Өнерге де, өмірге де баулушы.
  6. \r\n

  7. Жамандығыңды жасырып, жақсылығынды асырып, араға түседі.
  8. \r\n

  9. Өз отбасының ақылшысы, тәрбиешісі.
  10. \r\n

  11. Баласының келешекте қандай адам болып шығатынын ісіне қарап, сынап отырған.
  12. \r\n

\r\nӘЖЕ:\r\n

    \r\n

  1. Отбасының берекесі, ақылшысы.
  2. \r\n

  3. Жыласаң жұбатып, құласаң тұрғызып, ас су беріп, тілегіңді тілеуші.
  4. \r\n

  5. Отбасының бірлігін сақтайтын тәрбиеші, тек қана жақсы қасиеттерге тәрбиелөйді.
  6. \r\n

  7. Абай атамызда 6-7 жасынан бастап әжесінін ертегісін, аңыз-әңгімелерін тыңдап өскен, сендер де ұлы Абай атамыз сияқты әжелеріңнің ертегілерін әлі күнгө дейін тыңдайсыңдар.
  8. \r\n

  9. Өз махаббатын, мейірімін сендерге себеді.
  10. \r\n

  11. Жылы сөзімен барлық жанды жылытушы.
  12. \r\n

\r\n— Міне, осы барлық жақсы қасиеттерді ата мен әжеден аламыз.\r\n\r\n \r\n\r\nОқулықпен жұмыс.\r\n\r\n— Балалар, енді оқулықтарымызды ашамыз. Менің атам мен әжем. Сурет бойынша жұмыс.\r\n\r\n— Мынау кім? Ал мынау? Ата мен әже не істейді? Иә, дұрыс, олар —  зейнеткерлер.\r\n\r\n—  «Ата», «әже» сөзінөн сөз тіркесін құрайық.\r\n\r\n1-тапсырма. Сөйлесуді оқу.\r\n\r\n2-тапсырма. Сөйлемдерді оқып, көшіріп жаз.\r\n\r\n— Бәріміз дәптерімізді ашамыз, күн ретін жазамыз. 2-тапсырманы көшіріп жазамыз. Әдемі, қатесіз жазыңдар.\r\n\r\n3-тапсырма. Сөздерді оқу, аудару.\r\n\r\n \r\n\r\nСергіту сәті. \r\n\r\nСанамақ «Бір үйде біз нешеуміз?»\r\n\r\nБір үйде біз нешеуміз? \r\n\r\nКел, санайық екеуміз. \r\n\r\nБас бармағым — әкем\r\n\r\nБалаң үйрек — шешем \r\n\r\nОртан терек — ағам\r\n\r\nШылдыр шүмек мен\r\n\r\nКішкентай бөбек — сен.\r\n\r\nБір үйде біз нешеуміз?\r\n\r\nБір үйде біз бесеуміз.\r\n\r\n \r\n\r\n4-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырып, сызба бойынша жазу.\r\n\r\n5-тапсырма. «Әже» туралы өлеңді оқу, мазмұнын айту.\r\n\r\n— Кім   ата мен әже туралы тақпақтар біледі, айтайықшы.\r\n\r\nЕнді мына мақал-мәтелді оқимыз.\r\n

    \r\n

  1. Үлкенді сыйла. кішіге қамқор бол!
  2. \r\n

  3. Бала тәрбиесі отбасынан басталады.
  4. \r\n

  5. Ата — балаға сыншы.
  6. \r\n

  7. Демеңіз әжем кәрі, кәрінің сөзі дәрі.
  8. \r\n

\r\nМазмұнын түсіндіру.\r\n\r\n \r\n\r\nСөздікпен жумыс. \r\n\r\nАта — дедушка.\r\n\r\nӘже —  бабушка\r\n\r\nЗейнеткер – пенсионер\r\n\r\nҮлкенді сыйла — уважай старших\r\n\r\nКішіге қамқор бол — заботься о млад­ших\r\n\r\n \r\n

    \r\n

  1. Сабақты қорыту.
  2. \r\n

\r\n— Балалар, бүгін біз сендермен сабақта кімдер туралы түсінік алдық?\r\n\r\nАта, әже деген кім?\r\n\r\nОтбасыларыңда ата мен әжелерің бар ма?\r\n\r\nАта мен әжені біз не істеуіміз керек?\r\n\r\nАта, әже бізді неге тәрбиелейді?\r\n\r\nАта мен әжеге тән қасиеттерді айтып беріңдер.\r\n\r\n— Енді үйге тапсырма алыңдар.\r\n\r\n \r\n\r\nVII. Үйге тапсырма беру. \r\n\r\nБүгінгі өткен жаңа сөздерді жаттау, ата мен әже туралы шағын әңгіме жазып келу.\r\n\r\n \r\n\r\nVIII. Бағалау. \r\n\r\nСынау жұмысы бойынша алған бағаларын айту.\r\n\r\nОқушылардың білімдеріне, берген жауаптарына тиісті бағалар қою.\r\n\r\n \r\n\r\nДайындаған: Турганбекова Гульнара Жолмухановна\r\n\r\nН. Островский атындағы зағип және нашар көретін балаларға арналған № 4 арнайы мектеп — интернаты


ПІКІР ҚАЛДЫРУ