Мерекелер атты қазақ тілінен бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақ

0
1896
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы. Мерекелер

Мақсаттары:

Білімділік: жаңа тақырып бойынша оқушыларға жан-жақты білім беру. Оқушылардың жаңа тақырып бойынша алған білімдерін молайту.

Дамытушылық: күзгі мерекелері туралы айта отырып, оқушылардың сөздік қорын молайту. «Күз мерекелері тақырыбында сөйлесу дағдысы қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды сауатты,көркем жазуға үйрету. Мереке күндерінде туыстарын, жақын адамдарын қалай қалай құттықтау керектігін үйрету.

Сабақтың тақырыбы.

І.Үйымдастыру кезеңі. Тест

1. Отбасы мүшелерін белгіле:

А. үй

Ә. мектеп

В. әке

2. Менің Қазақстаным

А. кішкентай

Ә. тәуесіз

В. әдемі емес

3. Қазақстанның астанасы

А. Астана

Ә. Карағанды

В. Алма-Ата

4. Біздің үй

А. Суворов көшесінде

Ә. Сибирская көшесінде

В. Муткенов көшесінде

5. Жапырақтар сарғаяды:

А. көктемде

Ә. күзде

В. жазда

6. Буын бөлінеді

А. 5

Ә. 3

В. 4

7. Мемлекеттік тіл

А. орыс тілі

Ә. қазақ тілі

В. неміс

Жақшаның ішіндегі сөздерді қазақшаға аударып жаз.

1. Әкем (телевизор) көріп отыр.

2. Атам (книга) оқып отыр.

3. Шешем (платье) тігіп отыр.

4. Ағам (шахмат) ойнап отыр. 5. Мен (уроки) оқып отырмын.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Тапсырма

1. Үлгі бойынша жаз

Жуан буынды сөздер жіңішке буынды сөздер

Ойыншық дәптер

Ертең, алты, сен, ол, терезе, қалам, өшіргіш, күз, жыл мезгілі, қала, отбасы, дос, елім, саябақ, жапырық, оқушы,күнделік, сурет, құстар.

2. Фонетикалық талдау жаса: бүгін, оқушы

3. Сурет бойынша әңгіме құрастыр.

ІІІ. Жаңа сабақтың мақсатын, барысын айтып түсіндіру.

IV.Жаңа сабақ.

Тақтадағы тірек сызбамен жұмыс.

Жазғы

мерекелер

Қысқы Көктемгі

1.Балалар, біз қандай мерекелерді өттік?

2. Жазда қандай мерекелер болады?

3. Қыста қандай мерекелер болады?

4. Көктемгі мерекелерді атайық?

Дұрыс. Жақсы балалар. Сонда қай жыл мезгілінің мерекесін өткен жоқпыз.

Неге мына жерде сұрау белгісі тұр.Дұрыс балалар ! «Күзгі мерекелер!»

Ал енді дәптерлерімізді ашып бүгінгі күнді, тақырыптың атауын жазып қояйық.

Кім айтады күзде қандай мерекелер болады?

Дұрыс, «Білім күні». Одан басқа күзде мерекелер жоқ.

V.Сөздік жұмысы.

Таусылмайтын қазына-неиссякаемый клад.

Білімді адам-образованный человек

Жол ашық-дорога свободна (открыта)

әрқашан-всегда

сондықтан –поэтому

сынып жетекшісі-классный руководитель

1.Мұғалім сөздікті оқып береді, сөздердің мағынасын түсіндіреді.

2.Ойын өткізу арқылы сөздікті пысықтау. Мұғалім сөздік бойынша бір сөздің орысшасын айтып, допты бір оқушыға лақтырады , оқушы допты қағып алады ,сөздің қазақшасын айтып ,допты мұғалімге қайтарады.Осылай бірнеше рет қайталанады

3. Сөз тіркестерін құрастырады.

4 Сөйлемдер құрастырады.

Оқылым: 1 жаттығу. Мәтінді оқып, аударады, сұрақтарға жауап береді.

Жазылым: 3 жаттығу . Берілген сөздер және сөз тіркестермен сөйлем құрастыр.

Айтылым: 2 жаттығу суретті әңгімелеу.Тілдесім: 4 жаттығу. Ұсынылған тақырып бойынша, мұғалім сұрақтар қояды, Оқушылар жауаптарын айтады. Содан соң ауысқан сөйлемдерді ретімен қойып, мәтін құрастырады.

VІ.Сабақты қорытындылау, бағалау.

Күз мерекесі

Жаңа оқу жылы

Басталады барлық мектепте

Білім күні

Бірінші қыркүйек жол ашық

Білімді адам төртінші сыныпта

Таусылмайтын қазына

Соғылды қоңырау

І. Үйге тапсырма беру. Жаңа сөзді жаттау

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ