МІНДЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

0
1788

Елімізде биылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жобасы қолға алынады. Бұл жүйені енгізудің басты мақсаты қандай? Тиімділігі мен артықшылығы неде? Қалай жүзеге асады? – деген секілді сұрақтар көптің көкейінде жүргені белгілі. Бүгін біз осы жүйенің басты артықшылығы мен қажеттілігі жайлы аз-кем ақпарат бере кетейік.

  1. Емделудің қолжетімділігі. Сіз кез-келген мемлекеттік жəне мемлекеттік емес клиникаларда медициналық көмек ала аласыз. Бұл жерде Сізге медициналық көмектің барлық түрлері көрсетіледі (дəрігердің қабылдауынан бастап, жан-жақты зерттеулер мен қымбат оталарға дейін). Мұнда кеткен шығындарды Қор төлейді.
  2. Сапалы медициналық көмек. Қор медициналық ұйымдарды іріктеуді өзі қадағалайды. Әр клиника Сізге жоғары білікті медициналық көмек көрсетуге мүдделі болады, себебі Қор ауруханаларға жəне емханаларға көрсеткен сапалы медициналық қызмет үшін қаражат төлейді. Сондай-ақ олардың көрсетілуін қатаң бақылайтын болады.
  3. Тегін жəне қолжетімді дəрі-дəрмектер. Сіздің мемлекет белгілеген ауру түрлері бойынша дəрілік заттарды тегін алуға құқығыңыз бар. Сіз бұл дəрілік заттарды еліміздің кез-келген дəріханаларынан ала аласыз жəне олар бұл дəрілердің сапасы мен қауіпсіздігіне жауапты. Қор дəріхана қызметтеріне ақы төлеуді өз міндетіне алады.
  4. Сіздің құқығыңыз бен мүддеңіздің қорғалуы. Егер Сіз емделген кезде емнің сапасы төмен болса немесе сізді емдеуден бас тартып жатса, онда Сіз Қорға жүгіне аласыз. Қор Сіздің құқығыңыз бен мүддеңізді қорғай алады. Сіздің өтінішіңіз бойынша тексерулер жүргізіп, шаралар қолданады.
  5. Өз денсаулығыңыз жайында толық мəлімет ала аласыз. Жаңа электронды денсаулық сақтау жүйесі ұйымдастырылатын болады, осының шеңберінде Сіздің жеке кабинетіңіз болады. Бұл жерде Сіздің емханаға келгеніңіз, стационарда емделгеніңіз, зерттеулер қорытындысы, анализдеріңіз, дəрігерлердің қорытындысы мен ұсыныстары туралы барлық ақпараттар болады.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың артықшылықтары мұнымен ғана шектелмейді. Тағы бір айта кететіні, жаңа жүйе бойынша азаматтардың жеке шығындары да азаяды. Әдетте, денсаулық сақтаудың жалпы шығындары бойынша елімізде 35 пайыздан жоғары болса, ал, дүние жүзі елдерінде 20 пайыз деңгейінде екен. Осыған дейін көрініс алып келген дәрігерлерге «ризашылығын» білдіру үшін берілетін «бейресми төлемдер», медициналық көмекке өз қалтасынан төленетін қаражаттың кемитінін де айта кеткен жөн.

Дереккөзі: massaget.kz 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ