Адам мінезінің қан тобына әсері

0
2137

Адамның туа біткен қабілет-қарымын, оның мінез-құлқын қанының қай топқа жататынына қарап анықтауға болады екен. Жапон ғалымы Шотитаке Комидің зерттеу қорытындысы осындай тұжырым жасауға негіз болып отыр. Егер өзіңіздің қай қан тобына жататыныңызды білсеңіз, байқап көріңіз.

I қан тобы. Сіз басшы болуға ұмтыласыз. Көздеген мақсатыңызға жетпей қоймайсыз. Оған жетудің жолдарын да білесіз. Өз күшіңізге сенімдісіз. Сөзбен айналдырудың да шеберісіз.

Алайда, осал жақтарыңыз да бар: өте қызғаншақсыз, кеудемсоқтық та кездеседі.

II  қан тобы. Сіздің  жаныңыз жарасымдылыққа  әуес, тыныштықты сүйесіз. Ортада жақсы тіл табысасыз. Шыдамды, ақкөңіл жансыз.

Осал тұсыңыз – бірбеткейлігіңіз бар, бей-жай қалыпқа түсуіңіз қиын.

III қан тобы.  Сіз үнемі өз дегеніңізбен жүресіз. Қандай жағдайда да сол ортаға тез бейімделесіз, қиялға тез берілесіз. Тәуелсіз боламын деп, кейде артықтау кетесіз. Жалпы жақсы жігіт болғандықтан жарыңыздың өзіңізге сенім артуына негіз бар.

IV қан тобы.  Байсалды қалпыңызбен жұртқа жағымдысыз. Әдепті адамсыз. Көпшіліктің көңілін  көтере білесіз. Кейде тым қатты кететініңізде бар. Бір шешімге келуде ұзақ ойланып-толғанасыз. Негізінде қолыңыздан бәрі келеді.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ