Өмірін өлеңмен өрнектеген ақын Фариза Оңғарсынова (шығарма)

0
3847
ҚазҰУ – Ғылымға құштар жандар үшін үздік таңдау
Өмірін өлеңмен өрнектеген ақын Фариза Оңғарсынова

   «Қазақтың ақын қызы» десе  ауызға алдымен оралатын есiм бар. Тiптi ол – проза жазып, журналистiк жұмысты да жатсынбаған жан. Ғажабы, әдебиет деген киелi саламен сабақтасып жататын өнердiң  қай түрiн болмасын керемет игерген. Ол кiм десеңiз, халқының көңiлiне поэзия деген демiмен су бүркiген Фариза Оңғарсынова.

      Ақын– өзiнiң өткiр де сыршыл жырларымен тұтас бiр ақындар көшiн бастап келе жатқан тұлға еді. Оны қазақтың қаншама қызының Фариза  ақынымыз сияқты болғысы келгенiнен аңғарамыз.
      Қазақтың соғысты көрген Тахауи Ахтанов деген қаламгер  Фариза туралы «Ол қыз да болса, ер азаматтың жүгiн көтерген бүгiнгi заманның Махамбетi» дегенi бар.
       Көркемдiгi жағынан бiрде-бiр шығармадан  кем түспейтiн прозалық дүниелердiң иесi, айтқан ойлары ойып түсiретiн өткiр мақалалардың авторы. Жазушы «Фариза – көсемсөз шеберi. Оның прозасын оқығанда сұлу сөздер ағылып кеудеңе өзiнен-өзi құйыла бередi. Ал журналистiк шеберлiгiн айтсам, адамдық болмысты ашуға құрылған әрбiр қаузаған тақырыбы – күнi бүгiнге дейiн маңызын жоймаған және жоймайтын құнды туындылар. Сондықтан оны мақтамау керек, онымен мақтану керек.
      Өмiрiн өлеңмен өрнектеген ақын  бақилық  болмағанда, биыл 80-жасқа  толар  еді.

      «Фариза  Оңғарсынқызы – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың оң саясатының жүзеге асуына үлесiн қосқан адам. Фариза   бiрнеше рет Парламентке депутат болып сайланып, елiмiздiң өркениет талаптарына сай заңдық, құқықтық кеңiстiк қалыптастыруына жанашырлықпен, бiлiктiлiкпен, ұлтжандылықпен үлес қоса алды. Депутат ретiнде балалар құқы, бiлiм, мәдениет, денсаулық жүйесiн реформалау, елдегi демографиялық ахуал, шетелдегi отандас¬тардың оралуына қатысты заңдардың қабылдануына бастамашы болды.
      «Менiң мынау қиындау тағдырым болып
       О баста көрiскенiң үшiн,
       Өлең, мен сенi аялап өтем!» – деген Фариза  поэзияға адалдығын дәрiптейтiн бiрнеше  өлеңі  есімізде.

 Фариза ақынның мына  сөзі Мұқағали ақынның  Фариза  ақынға  деген сенім  білдіруін  аңғаруға  болады.
      Иә, ақынның кәусар өлеңдерi талай жастың жастығының астында жатады. Жанқалтасында жүредi. Отырыстарда жұртты жұмылдыратын өлең оқығысы келетiндердiң ойына оңай оралады. Замандастары ғана емес, ақынның бүгiнгi оқырмандары, мына бiздердiң  уәжiмiз – бұл. Бұл – ақынның поэзия биiктiгiне шыққандығының шындығы.
      Ақынның поэзиясында дәрiптелген  махаббатқа  адалдықтан басқа, адами қарым-қатынастар мен  достық  тақырыптарынан, бүгiнгi күннiң шынайы көрiнiсiн көз алдыңызға әкелетiн жырлары бар.

      Бiздiң елiмiзде, халқымызда әдебиеттi бағалайтын, сөз қадiрiн ұғынатын, ақын-жазушысын iздеп жүрiп оқитын адамдар көп. Мен соған қуанамын.

Оған  дәлел Фариза  Оңғарсынова апамыздың мына  сөзі: Мен шетел асып, ауруыма шипа iздеп жүргенде елдегi белгiлi азаматтар хабарласып, халiмдi сұрап, «Апа, сiз бiзге керексiз» дегенде көңiлiмдi ерекше бiр сезiм кернедi.

      Қазақстанда осы Фариза  апамыз секілді құнды  ақын-жазушыларымыз  көп болсын дегім  келеді.

Басқа материалдар


ПІКІР ҚАЛДЫРУ