Балабақшаға арналған жаңа жылдық сценарий

0
8423
«Мен осындай баламын» тәрбие сағаты

Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды

Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді

Бақыт шаттық молшылық әкелсін

Бәрімізге мына жыл арайлы !

Құтты болсын ағайын

Жаңа жылың тағыда

Қол соғып қарсы алайық

«Айгөлек» тобын ортаға

Балалар келіп шыршаны айналып тұрады.

Музыка қосылады Сиқыршы шыр айналып кіреді.

Сиқыршы: Жаңа жыл келді

Азаймасын ән мен жыр.

Ел көңілін көтерсін

Құтты болсын жаңа жыл!

Құттықтаймыз сіздерді!

Бәрекелді, жарайсыңдар! Қараңдаршы айнала неткен керемет әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен Бәрімізде әп-әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қалыппыз. Бірақ шыршымыз көңілсіз қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен ,сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық!

Бәрі: Қуант бізді таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат! (3 рет)

Жүргізуші: Міне керемет,қол ұстасып әнімізді шырқайық

Ән: «Шырща жыры»

Жүргізуші: Ендеше шыршамызға тақпақтарымызды айтайық.

Тақпақтар:

Ырысбек: Бақша іші мереке

Ойын күлкі асқақ ән

Жақсы әпкелер жана кеп

Мерекені бастаған

Айару: Жылдың әнін бастайын

Аяз ата келіп қалды

Майысады жас қайың

Көтере алмай көп қарды.

Досымбек: Жана жылды қарсы алдың

Мініп алып күймеге

Менде бүгін ән салдым

Араласттым бигеде.

Салтанат: Жаңа жылмен жаңа жылмен

Құттықтаймыз әрине

Әкемізді анамызды

Қонақтардыі бәрінде

Жансерік: Оралдың өлкеме жана жыл армысың

Оранды ақ көрпеге

Ақсартау қарлы шың

Алмас: Ақ қырауға малынған

Сақалыда мұртыда

Аяз ата сағынған

Сәлем берді жұртына.

Би. Қуыршақ биі. Орындайтындар:Фариза, Айшат, Ақсамала, Адина, Наз, Аян, Марьян, Ақбота.

Жүргізуші: Балалар жарайсыңдар!

Айтыңдаршы жылда жаңа жылға бізге кім келуші еді?

Балалар: Аяз-ата, Аяз-ата, Аяз-ата, Ақша қар ау-у-у (3 рет)

Аю: Здавствуйте ребята! С Новым годом!

Мен қысқы ұйқыда болатынмын, қатты айқай шу, тасыр шошып ояндым,не болып қалды деп сұрап едім,бәрінің айтатындары бір-ақ сөз:Жаңа жыл келіп қалды ,жаңа жыл дейді .

Машаны іздеп осында болар деп келдім

Жүргізуші: Мәссаған ,балалар бұл кім?

Балалар: Аю

Жүргізуші: Иә, «Маша мен аю»мультфильмін сендер өте жақсы көресіңдерғой. Бірақ біз  Аяз-атаны шақырдыққой ,аюды емес…

Балалар: Иә

(Осы кезде Маша келеді шыршаға таңырқап)

Маша: Керемет деп  шыршаның астында қорапты тауып алады Аю шауып келіп Машаны көтеріп алады.

Аю: -Әрең таптым-ау,сені қасқыр жеп қойған шығар деп едім. кетіп бара жатырып

Жүргізуші: Тоқтаңыздар ,кетпеңіздер бізбен бірге болыңыздар!

Екеуі қуанып балалардың жанына келеді.

Жүргізуші: Балалар мына сыйлықты бәріміз бөлісейік … деп ашып жатқанда ішінен күлдіргіш шығады.

Күлдіргіш: Амансыңдарма балалар !Иә бұл менмін Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды. Ол жерде тар ,әрі қап-қараңғы .Ал мұнда сондай тамаша екен !Мен сендермен жаңа жылды қарсы алайыншы Сендермен бірге қызықты ойындар ойнайыншы.

Шыршаға қарап

Шырша дейміз елканы

Балалар билеп қоршады

Түрлі-түсті ойыншық

Шыршада көз тартады

-Ой балалар ,шыршамызға Аяз-атамен Ақшақар жетіспейді

Бәрі: Қоңырау үні сыңғырла

Аяз-ата Ақшақар

Біз сендерді сағындық

Тез келіңдер ортаға

Аяз-ата, Ақша қар (3 рет)

Ортаға Аяз атамен Ақшақар келеді.

Аяз-ата: Құтты болсын жаңа жыл

Келген жаңа жылдарың

Алаңдамай өсіңдер

Еркелеп қыз-ұлдарың

Өткен жылы келіп ем

Бәріңді де көріп ем

Жыл өткізіп келемдеп

Уәдемді беріп ем

Ойларың мен бойларың да

Бірдей өсіп қалдыңдар ма?

Ал мен кіммін айтыңдаршы

Мені тани алдыңдарма?

Балалар: Аяз-ата!

Ақшақар: — Сәлеметсіңдерме балалар Жаңа жылдарың құтты болсын.

Сүйсіндірер маңайды

Ақшақармен арайлы

Жалт-жұлт еткен жүзіммен

Күміс сәуле тарайды

Ақшақармен аппақпын

Қалай тыныш жатпақпын

Менсіз қыстың сәні жоқ

Әнмін жырмын тақпақпын.

Ит: Сәлеметсіздерме  балалар

Мен тұрмын қуанып

Шаттыққа бөленіп

Бір жыл бойы сіздермен

Дос болайық шаттанып.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер, баршаңызға, алыс жолдан келдіңіздер.

Әсем әніде, биіде бар.

Отыр ата сәл демал.

Ән: «тамаша тамаша»

Таппақтар

Саян: Безендіріп шыршаны

Жыл қуанты баршаны

Той-маскарад басталды

Аяз оны басқарды.

Елжас: Аппақ тонға оранып

Базарлықты мол алып

Келді алыс сапардан

Аяз ата оранып.

Дастан: Қалып едік сағынып

Күтіп алдық жабылып

Жолын койдық жарық қып

Шыршаларға шам іліп

Әсима: Аяз ата ойды

Аралап жүр түгел шолып

Қарсы алғалы жаңа жылды

Олда көптің бірі болып

Қайда қызық болса думан

Аяз-ата сонда болды

Күндіз үйде ойнап бізбен

Балалармен бірге болды

Санжар:Тілеймін бар әлемге

Дос көп болсын жаңа жыл

Ата –әже ,ата –әже

Құтты болсын жаңа жыл

Айшат: Жасыл шырша орманнан,

Бізге арайы келіпті.

Ойыншығым балалар

Шыршаға әсем іліпті.

Жүргізуші: Әуеледі әніміз

Жаңа кірді сәніміз

Ақшақарды ортаға алып

Би билейік бәріміз

Би: «Барбарики» биі

Орындайтындар: Айар, Әсима, Айзада, Салтанат.

Аяз –ата: Жарайсыңдар балалар,өнерлі екекнсіңдер

Жүргізуші: Иә ата балаларымыз шеттерінен өнерлі,тақпақты да жақсы айтады.

Елдос: Мұздан моншақ тағынып,

Күміс қырау жамылып,

Ортада тұр ақшақар.

Көптен күтіп сағынып

Адина: Жүзімізде күлкі ойнап,

Қанатттанды жанымыз

Жаңа жылды біз тойлап

Шаттанамыз бәріміз.

Аян: Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрле төрле жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын.

Фариза: Аяз-ата ақ сақалды

Ақ таяқты паң ата

Асып өтіп асқар тауды

Жеттің бізге таң ата

Бақдәулет: Аяз ата келіп тұр,

Бізге сәлем беріп тұр.

Сақалының ұзынын – ай.

Кесіп алсам шіркін ай.

Дархан: Жапалақтап ақшақар

Жауды күнде қайталап

Қырға шықты балалар

Шаңғыларын арқалап

Айбатыр: Аяз келді қаһарлы

Айналаны қар жапты

Ақ тон киіп орман тұр

Дәл атамдай салмақты

Жақсылық: Тамаша ,тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдұзы

Көз тоймайды қараса.

Би. Аяз ата биі

Орындайтындар: Дастан, Ержан, Айбатыр, Жансерік, Бақдәулет, Жақсылық.

Жүргізуші:-балалар ,жаңа жыл болса кеп қалды,біздің қоштасатын  тауық жылымыз қайда ?Ай сиқыршы сен сиқырлап тастаған жоқсынба ?Балалар тауық қалай дыбыстайды? «Жаңа жыл жарылқасын ,ескі жыл есіркесін деп» ескі жылымызды қарсы алайық.

Тауық: Ау тауық жан сенімен қоштасатын кез келді.Мына жұртшылықтық ризашылықтарын тыңда.

Жүргізуші: Айта берсек таусылмас

Жаңа жылды жаңа жыр

Кел оданда қалайық

Ойын ойнайық жаңа бір

Ойын: «Байпақ»

Шарты: 2 ойыншы 2 сыңарды бөліп алады Біреуі оң біреуі сол аяғыныкін киеді де, әуенмен билеп, шыршаны айналып ортаға бірінші жету керек.

Алдымен ата-аналар,сонан соң балалар

Аяз ата ата-аналар да балалар мықты екен

Жүргізуші: Жарайсыңдар, ата аналар, балалар орнымыға жайғасайық.

Тауық: Бір жыл бойы сендермен

Бірге жүрдім ойнадым

Енді міне балалар

Кезек келді қоштасар

Жүр: -шыныменен балалар ,біз бір жасқа үлкейдік Ескі жыл жаңа жылға орнын сыйлағысы кеп тұр,олай болса сау болыңыз!

Бәрі.Қощ ,қош Ескі жыл!

Ит: Мен жаңа жылмын

Мен жаңа нұрмын

Нұрымды да себейін

Жырымдыда себейін

Наз: Жаңа жыл жаңа жыл

Жаңа жылға жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр

Марьян:Аяз ата келіп тұр

Бізге сәлем беріп тұр

Тақпақ айтқан балаға

Сыйлықтарын беріп тұр.

Ержан: Жасыл желен жамылған

Асыл моншақ тағылған

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған.

Ақсамала. Асем шырша сәнденген

Өз аңдарын күтеді

Жаңа жылмен бірге біз

Орманға кеп жетеді

Нұрсәт: Қайда қызық думан болса

Аяз ата сонда болды,

Балалармен бірге ойнап.

Балалармен бірге қонды.

Ақбота: Аяз ата келіп тұр

Бізге сәлем беріп тұр,

Тақпақ айтқан балаға

Сыйлықтарын беріп тұр.

Елдос. Мұздан моншақ тағынып

күміс қырау жамылып

Ортада тұр Ақшақар

Көптен күтіп сағынып.

Ән: хор: Аппақ аппақ

Түлкі: о- о мыналарды қара !Аяз атадан сыйлық алмақшы .Сендерден бұрын мен аламын.Аяз атаға келіп хи хи хи Аяз-ата , мен сіздерге өлең айтып береінбе?

Аяз ата: Айта ғой түлкішек

Түлкі: Ананы да алдадым

Мынаны да алдадым

Мен түлкімін айлакер

Аяз-ата сыйлық бер. Қолын жаяды.

Қасқыр: Ах түлкішек, сен жұрттың бәрін алдап енді атаны да алдайсыңба?Кет әрі Аяз атаға әнді мен айтып беремін. Қолында гитара.

Қасқыр: Мен қасқырмын,қасқырмын

Қозы ұрлаймын өрістен

Ұйқым келмейді егерде

Қозы етін жемесем.

Ахо-хо-хо-хо

Флешмоп: Аңдар

Жүргізуші: -Міне балалар аңдарда өнерлерін көрсетті.

Жаңа жылға барлығы жақсы дайындалған.

-Аяз ата, Ақшақар сіздер біздердің балаларымыздың сыйлықтарын қашан бересіздер?

Аяз-ата: Ой-буй,ұмытшақ басым-ай әрине қазір қазір …

Аяз-ата: Жарайсыңдар балаларым!Мені бір қуантып тастадыңдар,алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер.Барлықтарыңда ақылды,өнерлі екенсіңдер.Киген киімдерің  қандай әдемі»Солай емеспе кызым?Біздің сыйлығымызға риза болыңдар.Ал енді біз жолға шығвйық.

Ал балалар сендер өсе беріңдер ,өне беріңдер .Аспандарің ашық болсын.Қош болыңдар!

Балалар: Қош болыңыз, сау болыңыздар!

Жүргізуші: Құрметті қонақтар,балалар! «Қош келдің,Жаңа жыл!» жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды Осындай керемет өтуге ат салысып ,әріптестерім сіздергеде мың алғыс!Көріп тамашалағандарыңа рахмет.Жаңа жыл құтты болсын,отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін !!! Сау болыңыздар!


ПІКІР ҚАЛДЫРУ