Модуль  құрылымы

0
4610
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.

Паскалъдың  өз алфавиті, синтаксисі, симантиксі(түсіндірмелерінің ережелері) бар. Алфавит-программада пайдалынатын түрлі символдар (әріптер, цифрлар, таңбалар және басқа белгілер), синтаксис –машинаның  іс-әрекетін анықтайтын   нұсқауларды, функцияларды, деректер мен өрнектерді жазу ережелері. Олар –машинаға түсінікті шартты белгілерді пайдалана отырып жазылатын үлгілер.

Мазмұны :

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлімі :

1.1 Модуль құрылымы

1.2 Стандарт модульдер

1.3 Экранға  мәтін шығару процедуралары

  1. Есеп
  2. Қорытынды
  3. Пайдаланған әдебиеттер

 

Кіріспе

Паскалъдың  өз алфавиті, синтаксисі, симантиксі(түсіндірмелерінің ережелері) бар. Алфавит-программада пайдалынатын түрлі символдар (әріптер, цифрлар, таңбалар және басқа белгілер), синтаксис –машинаның  іс-әрекетін анықтайтын   нұсқауларды, функцияларды, деректер мен өрнектерді жазу ережелері. Олар –машинаға түсінікті шартты белгілерді пайдалана отырып жазылатын үлгілер.

Паскалъ алфавитінің символдары:

1.Латының алфавитінің бас және кіші әріптері .

2.Араб цифрлары.

3.Өрнек таңбалары:+ -* / .

4.Қатынас таңбалары:= — > <  < > <= >=

5.Арнайы символдары: : ; “ (Бос орын – бірпозициялық ашық жер), ( ) (ашу,жабу жақшалары), ! ? # ; ‘  және т.б.

Паскалъда меншіктеу белгісі : = түрінде жазылады;

  • санды дәрежелеу белгісі жоқ. Дәрежелеу санды өзіне -өзін көбейту арқылы беріледі;

-мәтіндер мен символдар Бейсик тілінде пайдаланатын тырнақшалардың орнына дәйекшелерге (“)алынып жазылады, т.б. ;

— қызметші сөздер,операторлар және функцияларды жазуда пайдаланылатыны латын алфавитінің  әріптері .Оларды бас не кіші әріптермен жазудың айырмашылығы жоқ.

Турбо Паскалъға мынадай жай және күрделі типті айнымалылар енгізілен:

1)жай типтер : скалярлық (стандарт, скалярлық , санақты ) шектеулі;

2)күрделі типтер : жиым (регулярлық тип) , жол (стринг), жазба (жазу), файл, жиын ;

3) сілтеме (көрсеткіш).

Типтер жүйесіндегі негіздік тип –жай типтер .  Басқа типтер осы типтерден белгілі ереже бойынша құрылады . Стандартты скалярлық типке жататын айнымалылар бүтін , нақты , символдық  және булъдік болатын төрт топтан тұрады.           

                            1.1   Модуль  құрылымы 

Программалық  модуль  (Unit)  тұрақтылары , мәліметтер  типі , айнымалылар , процедуралар  және функциялар жиынтығы болып табылады .  Қысқаша айтқанда  модуль , программаға  қоюға  болатын және программаны  жеке компиляциаланатын  бөлшектерге  бөлуге  болатын  сипаттамалар  болып табылады . Модуль  құрамына  кіретін , процедуралар  және функциялар , мәліметтер типін  және  айнымалылар арасындағы тәсілдер  жиынтығын  қамтамасыз етеді . Бірақ та бұл  тәсілдерді нақтылы жүзеге  асыру  көрінбейді ,  себебі модуль екі  бөлікке  бөлінген : интерфейс  және жүзеге  асыру (реализация) . Егер программа  модульді пайдаланса , модульдің барлық  сипаттамалары бұл программаға , оның өзінде анықталғандай  ашық  болады .

Модуль дегеніміз өз алдына компиляцияланатын  , сипаттаудың әртүрлі  компоненттерін  (типтер , тұрақтылар , айнымалылар, процедуралар және функциялар )  енгізу  арқылы  құрылатын жеке программалық  бірлік . Модульдер қолданбалы программалар кітапханасын  жасақтаудың  және  модульдік  программалаудың  қуатты  тетігі  болып  табылады . Модульдің  негізгі  ерекшелігі  Турбо  Паскаль  компиляторы  оның  программмалық  кодын  компьютер  жадының  64  Кбайттан тұратын  жеке  бөлігінде сақтайды .

Модуль  келесі  бөліктерден  тұрады :

— аты  немесе  тақырыбы  (Unit Modyl);

— интерфейс  немесе  хабарламалар бөлімі (Interface);

— орындаушы  бөлігі немесе секциясы :

— инициализация  бөлімі  немесе секциясы.

Модуль  интерфейсі:

Interface {бұл  бөлімнің  Uses – тен  басқа  барлық  обьектілері , мәліметтер  сегметінде  орналасды}

[Uses…{Осы  модуль  қосқан  программаға немесе  басқа  модульдерге , рұқсат  етілуі тиіс  тұрақтылар  сипатталады}]

[Var…{Программаларда көрінетін  немесе  басқа  модульдерде қолданатын  айнымалылар сипатталады }]

[Procedure…{Формальды  параметрлер  сипаттамасымен толық  процедураның атауы  келтіріледі  }]

[Function…{Формальді  параметрлер сипаттамасымен  толық  процедураның атауы  келтіріледі}]

…{Осы  модульді  іске қосқан программа  немесе  басқа  модульдерден қол  жеткізе  алатын  барлық  басқа процедуралар  мен  модульдер функцияларының  толық  тақырыптары  сипатталады }

Бұнда  көрсетілген  модуль  бөлімдерінің  тізбегі  міндетті  болып  табылады , дегенмен осы бөлімді  құррайтын  блоктар толығымен  болмауы  мүмкін . Одан кейін модуль ішіндегі  бөлімдерін сипаттаймыз .

Модуль  тақырыбы .

Модуль  тақырыбы   Unit  қызметші  сөзінен  және  модуль атынан тұрады . Модуль  аты оның  коды  сақталатын  диск  файлының  атымен бірдей  болуы тиіс . Модуль  тақырыбы   Unit  қызметші  сөзінен  және  модуль атынан тұрады . Модуль  тақырыбы  unit түйінді сөзінен  және бірегей атаудан (модуль  ішінде қайталанбау  керек) тұрады , оның  кез-келген атау  сияқты 64- ке дейін  белгісі бар .

Мысалы , модуль  тақырыбы :

Unit  Modul 1 ;

болса , онда  оның мәтіні Modul 1. pas файлында  сақталуы керек  деген  сөз .

Модуль аты оны  негізгі  программамен  немесе  басқа  модульдермен  байланыстыру  үшін  өте қажет . Бұл байланыс

Uses <модуль  аттарының  тізімі>

анықтауы  арқылы жүзеге  асырылады . Мысалы :

Uses CRT , Graph , Modul 1;

Uses анықтауын негізгі  программаның  анықтау  бөлімінің  басында , ал  модульдерде не INTERFACE  не  IMPLEMENTATION   қызметші   сөздерінен  кейін  жазуға  болады .

Анықтау  бөлімі  INTERFACE  қызметші  сөзімен  ашылады . Онда осы  модульдің негізгі  программа мен  басқа  да  модульдерден  көрінетін барлық обьектілер  анықталады . Анықтау бөлімінде процедуралар мен  функциялардың тақырыптары  ғана  жазылады .

Орындау  бөлімі  IMPLEMENTATION  қызметші  сөзімен  басталады . Онда  бөлімінде  анықталған  процедуралар  мен  функциялар  сипатталады . Қажет болған  жағдайда дайындау бөлімінде пайдаланатын  модульдің  жергілікті обьектілерін (типтерін , тұрақтыларын , айнымалылары мен  блоктарын ) осы бөлімде  анықтауға  болады . Егер  анықтау бөлімінде  ішкі  программалардың тақырыптары  толық  сипатталған  болса , онда орындау  бөлімінде олардың аттарын ғана жазуға ғана рұқсат етілген .

Дайындау бөлімі Begin қызметші сөзімен ашылады . Онда негізгі  программаның  жұмысына  дайындық  үшін  қажет  операторлар енгізіледі . Олар басқару негізгі программаға  берілгенге  дейін  орындалады . Дайындау  бөлімі  керек  болмаған  жағдайда Begin  сөзін  жазбау ұсынылады . Модульдің  анықтау  бөлімі бос  болуы  да  мүмкін .

Модульдерды пайдалану  үшін  оларды  компиляциялап  алу  керек .

Модуль  құрылымына  программа  құрылымына  ұқсас . Модульдің  ішіндегі  барлық  сипаттамалар  бір-бірімен  байланысты .

Модульдің  орындаушы  бөлігі  :

[Uses…{Берілген  орындау  бөлігінде  пайдаланылған  және  интерфейсте  көрсетілмеген  модульдер  атауы  көрсетіледі  }]

[Label …{Берілген  модуль бөліміндегі , ішкі  программаларда  пайдаланылған  таңбалар  аттары  көрсетіледі }]

[Const …{Берілген  модуль  бөліміндегі  ішкі  программаларды  пайдаланылған  және  интерфейсте  аталмаған  тұрақтылар  сипатталады}]

[Var…{Берілген  модуль  бөліміндегі  ішкі  программаларда  пайданылған  және интарфейсте  аталмаған  айнымалылар  сипатталады}]

[Procedure …{Interface- те  сипатталған  процедураның  қысқаша  немесе толық  аты келтіріледі}]

{Процедура  денесі}

[Function … {Interface- те сипатталған  функцияның қысқаша  немесе  толық аты  келтіріледі}]

{Функция  денесі}

Бұл  бөлімде  интерфейсте  сипатталған  модульдің  барлық  ішкі  программаларын  сипаттау  берілген . Онда сонымен  қатар , модульдің  берілген  бөлімінің  ішкі  программаларында  пайдаланатын  және  интерфейсте  сипатталмаған  типтер  мен  айнымалылар сипатталуы мүмкін ,  онда  тағы да сол бөлімнің  ішкі  программаларда  пайдаланылатын , жергілікті  таңбалар тізімі  болуы  мүмкін.

1.2  Стандарт модульдер

Турбо  Паскальде  көптеген  әртүрлі  типтерді , тұрақтыларды , процедуралар  мен функцияларды  жинақтап  сақтайтын 8 стандартты  модульдер бар . Олар : SYSTEM , DOS , CRT , PRINTER , GRAPH , OVERLAY , TURBOS , GRAPH3 . Турбр Паскалде  7.0 пакетінде GRAPH , TURBOS  және GRAPH3модульдері  бөлек-бөлек   TRU–файлдарда жазылған , ал қалғандары  TURBO.TPL кітапханалық  файлдың құрамына  кіреді .

SYSTEМ  модулі .

Турбо Паскальдің негізгі  кітапханасы  болып  табылады . Оған ең негізгілер деп есептелінетін басқару ,енгізу/шығару , жолдарды өңдеу , арифметикалық қосалқы процессормен жұмыс және  динамикалық жадты пайдалану мүмкіндіктерін іске асыратын 43 процедура мен 50 функция енгізілген . Кез-келген программада  стандартты модулі SYSTEM  автоматты түрде анықталады .Стандартты емес модульдерді пайдалану программаларды стандарттау  мен  құрылымдылығының  деңгейін  жоғарлатады , олардың  түсініктілігін  және  жетілдірудің  қарапайымдылығын  қамтамасыз  етеді . Бұл программа өңдеу  уақытын  қысқартып  қоймай , оның көлемін де азайтады .Программалар  арнайы сегментте  орналасады , оның  көлемі  компьютердің  оперативті  жадысын құрайтын басқа  сегменттер  сияқты 64 Кбайттан  аса алмайды .

DOS модулі .

DOS  модулінде  MS-DOS  операциялық жүйесінің  негізгі  программалары , файлдарды  өңдеу  процедуралары мен функциялары қамтылған . Сонымен қатар , онда  көптеген  пайдалы типтер , тұрақтылар  мен айнымалылар да бар . Турбо Паскаль 7.0  ортасы операциялық  базасында  жасақталануы  себепті , программада  оның  функцияларын  пайдалану  мүмкіндігі  бар . Операциялық  амалдарын  программа  құруда  пайдалануды  жүйелік  программалау  деп  атайды . Ол амалдар – программалардың  орындалуын  басқару , файлдық  жүйемен ,  құрылғылармен , дискілермен  , принтерленрмен , «тышқанмен» және т.б.  Турбо Паскальда кейбір жүйелік  операцияларда пайдалану үшін арнайы  DOS стандарт  модулі  енгізілген . Онда жүйелік  программалауға  қажет  мәліметтер  мен ішкі программалар жинақталған.  Олады дұрыс түсініп , программаларда  қолдана  білу үшін  MS-DOS ОЖ туралы қысқаша мағлұмат берейік .   Операциялық  жүйенің  негізгі  қызметі  пайдаланушыға  компьютерді  басқаруды  ыңғайлы  ету .

ОЖ модулдік принцип  негізінде  құрылған .  MS-DOS  операциялық  жүйесінің  бірнеше  модульдері  мен  құрамды  бөліктері  бар :

  1. BIOS жүйесі — тұрақты  жадыдағы  енгізу /шығару жүйесі . Оның  қызметі  негізгі , базалық  операцияларды  орындау .
  2. Жүйе жүктеуші –компьютерді жұмысқа  қосқанда  немесе Ctrl+Alt+Del  пернелерін  басқанда  ОЖ модулдерін оның  жедел  жадына  жүктеу  процесін  атқарушы  программа .
  3. BIOS кеңейту модулі  жабдықтардың  күйін  анықтайды , іске  қосылған  шеткі  құрылғыларды  қалыпты  жағдайға  келтіреді, CONFIG.SYS  файлында  жазылған  алгоритм  бойынша  жүйені  конфигурацияларды  және  ОЖ базалық  модулді  іске  қосады BIOS, IO.SYS және  құрылғылардың  драйверлері  операциялық  жүйенің  «физикалық» деңгейін  құрайды .
  4. MS-DOS базалық модулі ішкі  кестелерді , үзіліс  векторларын  инициализациялау  , командалар интерпретаторын  іске қосып , жадыға жүктеу қызметтерін  атқарады . Бұл  модуль ОЖ  «логикалық» деңгейін  құрайды .
  5. Командалар интерпретаторының басты қызметі пайдаланушының  командаларын өңдеу болып табылады . Оларды ішкі  командалары деп те атайды . Командалар интерпретатор  жүктелгенде AUTOEXEC.BAT файлы орындалады .
  6. MS-DOS утилиттері деп ОЖ толықтыратын пайдалы  программаларды айтады . Утилиттер операциялық жүйенің ажырамас бөлігі емес , сондықтан  оны қалаған  уақытта пайдалануға  болады .

Жүйелік  программалауды  меңгеру  үшін  операциялық  жүйе  мен компьютер  жадының байланысын толық  білу  қажет . Сондықтан  жады  қызметі  туралы қысқаша  мағлұмат берейік .

Алғашқы  версиялары компьютердің  1Мбайт жадын пайдаланатын  8086/8088  процессорлары үшін жасақталған болатын . Стандарт  жадының «MS DOS» ядросы бөлімі операциялық  жүйенің әртүрлі функцияларын өңдеуге арналған болса , «Үзіліс векторлары» бөлімі жүйенің 256 үзіліс  векторларын сипаттайды . «Жадының  резидентті  емес аймағы « пайдаланушының программаларын  енгізу үшін  қолданылады.

Операциялық  жүйенің  жұмысында  үзілістер маңызды роль атқарады . Жұмыс  процесінде программа , не кейбір құрылғы , не процессордың өзі шығаратын сигналды үзіліс деп атайды . Үзіліс процессорда өңделгенде программаның  орындалуы  уақытша тоқталып , ОЖ қажетті жүйелік әрекеттері орындалады .Әрбір үзілістің иесі және айрықша нөмері болады .

Компьютер жадына  жүктелген  әрбір программаның басына MS DOS  операциялық орта блогын  енгізіп  отырады . Орта блогы деп файлдарды іздеу жолын (PATH),COMMAND.COM  файлына апаратын жолды  (COMSPEC), шақыру  белгісін  (PROMPT) және  кез-келген  айнымалыны (SET) сақтайтын  жады аймағын айтады . Орта  айнымалыларын  анықтау  SET NAME =ол  командасы арқылы жүзеге асырылады.

DOS  модулін  пайдаланып программалау элеметтері

DOS  модулінде кейбір  жүйелік  операциялады орындауға  мүмкіндік  беретін тұрақтылар , айнымалылар, типтер  және процедуралар мен функциялар жинақталған . Оның негізгілері – файлдар мен процесстерді өңдеу , күн жады мен уақыт , үзілістерге  қызмет  көрсету  және диск процедуралары  мен функциялары .

DOS модуліне енгізілген  кейбір  арнайы  типтердің  тізімі :

             Типтің  сипатталуы    Қызметі
DirStr =string [67] Логикалық диск және каталог атауы
Name = string[8] Файл атауы
ExtStr = string [4] Файл кеңеюі
ComStr= string [127] Командалық жол
Path Str = string [79] Файлдың толық атауы

Data Time = record

Year ,Month , Day ,Hour : integer ;

Күн жады мен уақытты анықтау

 Үзілістер орталық  процессор  регистрлерінің күйіне тәуелді  болады және әрбір үзіліс нәтижесі сейкес регистрлерге жазылып отырылады . Регистр деп , өңдеу  және  басқару ақпаратын уақытша сақтайтын процессордың ішкі жадына сақтау құрылысы .

Registers  типі регистрлердің  күйін  анықтау үшін  қолданылады . Турбо  Паскальда  регистрлерді  тікелей пайдаланылатын екі процедура бар. Олар – Intr және MSDos .  Жүйелік программалауда  сегмент ұғымында маңызды роль  атқарады . Сегмент деп , көлемі 64 Кбайттан аспайтын , тұрағы 16-ға еселі кез-келген  жады  аймағын  айтады . Программа жадына  бөлінген  аймақта  негізгі  сегменттің үшеуі  орналасқан :

  1. Код сегменті орындалатын  машиналық  командаларды  сақтайды.
  2. Мәліметтер сегменті  программаға  қажет мәліметтер  мен  жұмыс  аймақтарын  сақтайды .
  3. Стек сегменті  операциялық жүйеге  және  программалардан бас  программаға  қайтіп   келу тұрақтарын сақтайды .

Программалауда  жиі  қолданылатын DOS модулінің процедуралары  мен  функциялары :

Procedure  Intr (Int  No : byte ; Var R: Register )  процедурасы көрсетілген программалық үзілісті  орындайды .

Procedure MS DOS (var R: Register ) процедурасы операциялық жүйесінің функциясын орындайды .

Funtion DiskFree (Disk:word ): longint  функциясы  көрсетілген  дискідегі  бос орынды берді .

Funktion FExpand (Name :PathStr) : PathStr функциясы көрсетілген  Name файлының  атын  береді .

Function FSearch (Name : PathStr; DirList:string ): PathStr  функциясы каталогынан ізделіп табылған файлының толық атын береді .

Procedure FindFirst (Path : string; Attr : byte ; var Search : Search  Rec) процедурасы файлды атымен атрибуты бойынша іздеп ,тапса ол туралы толық мәлімет береді .

Procedure FindNext (var Search : Search Rec) процедурасы FindFirst процедурасы көмегімен табылған  файлдан  кейінгі келесі файлды іздеп , тапса ол туралы толық мәлімет береді .

Procedure FSplit ( Path:PathStr; var Dir: DirStr ; var Name :Name Str ; var Ext: Ext :  ExtStr) процедурасы көрсетілген  Path файлының құрамды бөліктерін анықтайды .

Function DiskSise (Disk: word) : longint   функциясы көрсетілген дискінің толық көлемін береді .

Параметр мәні

 

0

 

1

 

2

 

3

Диск Ағымдағы диск

 

А:

 

В:

 

С:

CRT  модулі .

CRT модуліне  монитор  экранына  мәтін  шығаруды , пернетақтадан  оқуды , дыбыс  генераторын  басқаруды  қамтамасыз  ететін  ішкі  программалар  мен  енгізілген . Сонымен , қатар  онда  көптеген  тұрақтылар  мен  айнымалылар  да  бар .

PRINTER модулі .

PRINTER  модулі  кез-келген  мәтінді  матрицалық  принтер  көмегімен  қағазға  басып  шығаруға  мүмкіндік  береді .

GRAPH  модулі .

GRAPH  модулінде   монитор  экранының  графикалық  режимін  басқаратын  57 процедура , 22 функция  жинақталған . Сонымен қатар , оған 132 тұрақты , 1 қосымша  тип  және  2  айнымалы  да  енгізілген . Турбо Паскаль  графикалық  драйверлер  деп  аталатын  арнайы  программалардың басқаруымен  CGA , MCGA , EGA , VGA , Hercules , AT&T 400 , 3270 PC , IBM – 8514   видеоадаптерлерінің қалыпты  жұмыстарын  қамтамасыз  етеді . Көптеген видеоадаптерлердің монитордың  көрсету  мүмкіндіктерін  өзгерете  алатын бірнеше  графикалық  режимде  жұмыс  жасай  алады . GRAPH  модулінің көмегімен  алуан  түрлі графикалық  кескіндер  жасақтауға және  стандартты  не  жасанды  шрифтардың  көмегімен  экранға  мәтін жазуға  да  болады .

Graph модулі IBM – типтес дербес  компьютерлердің графикалық  адаптерлерімен  жұмыс  істеуіне  есептелінген  , графикалық  процедуралар  мен  функциялардың  , тұрақтылардың  , айнымалылар   мен типтердің  қуатты  кітапханасы  болып  табылады . Турбо  Паскалбда 7.0  ортасын  қолданатын  Паскаль  тілінде программалауда модулінің 132 тұрақтысы ,7 қосымша  типі , 2 айнымасы  , 57 процедурасы  және 22 функциясы  пайдаланылады .

Турбо Паскальда  графикалық  дравейлер  деп  аталатын  арнайы  программалар  видеоадаптерлерінің  қалыпты  жұмысын  басқарады :

            драйверлер           видеоадаптерлер
     CGA.BGI                     CGA,MCGA
     EGAVGA.BGI                     EGA,VGA
     HERC.BGI                     Hercules
     ATT.BGI                     AT&T 6300
     PC3270.BGI                     3270PC
     IBM8514.BGH                     IBM-8514

 

Көптеген  видеоадаптерлердің монитордың көрсету  мүмкіндіктерін өзгерте  алатын  бірнеше  графикалық  режимде  жұмыс  жасай  алады . Мәтіндік  режимде  экранда 40х25 символ  бейнелеуге болатын  болса б графикалық  режимде  онда  бейнеленетін  ең  кіші  обьект – графикалық  нүкте – пиксел деп  аталынады . Мысалы : көп  қолданылатын  адаптерінің  қалыпты  режимінде  экранда 640х480 пиксел  көрінеді және

Олардың 16  түсін  айыруға  болады  .

Uses Graph  операторын программа  басына  орналастырғанда  ғана Graph модулінің  қызметін  толық  пайдалануға мүмкіндік береді .

InitGraph (Gd , ‘c/TP7’) процедурасы  дербес компьютерге  қойылған  видеоадаптерді автоматты  түрде тауып , сәйкес  графикалық драйверді  іске  қосады  және  оны  графикалық  режимге  қосылады .

Мұнда   ‘c/TP7 ‘ – драйвер  файлына  апаратын  жол . Графикалық  драйверлерді анықтау (Gd) және олардың жұмыс режимдерін  қою(Gm) тұрақтылары төмендегі  кестеде  берілген:

           Gd                              Gm
Detect =0 EGALo =0 {640×200; 16түс,4 бет}
CGA =1 EGAHi =1  {640×350;16 2
MCGA =2 EGA64Lo =0  {640×200;16 1}
EGA =3 EGA64Hi =1 {640×350; 4 1}
EGA64 =4 EGAMonoHi =3 {640×350; 64K :1;256K:2
EGAMono =5 VGALo =0  {640×200; 16;4}
IBM8514 =6 VGAMed =1 {640×350; 16: 2}
HercMono =7 VGAHi =2 {640×480;16;1}
ATT =8 PC3270Hi =0 {720×350;1}
VGA =9 IBM8514Lo =0 {640×480;256}
PC3270 =10 IBM851Hi =1 {1024×768;256

 

GraphResult  функциясының  нолден  өзге  мәні режимге  көшу  қателігін  көрсетеді .

CloseGraph процедурасы  графикалық драйверді  жадтан шығарып , видеоадаптердің  мәтіндік  режимін қалпына  келтіреді .

OVERLAY модулі .

MS-DOS операциялық  жүйесі  орындалатын  программаға  негізгі  жадтың  580  Кбайт  бөлігін  ғана  береді . Қомақты  күрделі  программалар  жасақтау  үшін  бұның  жеткіліксіз  болатындығы  белгілі. Сол  жағдайда  модулінің  көмегімен жабынды  модулдерді  пайдалана  отырып , жедел жадты үнемдеу  арқылы  мақсатқа  әбден  жетуге болады .

TURBO3 , GRAPH3 модулдері .

Турбо Паскаль 7.0  нұсқасымен  үйлестіру үшін қажет .

CRT модулін  программада  пайдалану .

System модулі  мен  процедураларының  кейбір  кемшіліктері  (типсіз мәліметті  енгізуге  болмайтыны , арнайы  түймелерді  басу  фактісін анықтауға  мүмкіндіктің  жоқтығы , мәліметті экранға  позициялап  және  әр  түспен  шығара  алмайтындығы ) Турбо  Паскальда CRT модулін  енгізу  арқылы  жойылды .

       1.3   Экранға  мәтін  шығару процедуралары

1982   жылдан  бастап  IBM  фирмасы  CGA (Color Graphics Adapter)  түсті  графикалық  адаптерін пайдаланатын дербес  компьютерді  шығара  бастады . Бұл  адаптер монитор  экранына  16 түспен  мәтіндік  режимде 40х25  не 80х25  символ ,ал графикалық  режимде  320х200 не 640х200 пиксел  шығаруға  мүмкіндік  берді . CGA – ның  мәтіндік мүмкіндіктерін IBM  фирмасының  кейінгі  буын  адаптерлеріне (EGA , MCGA , VGA ,SVGA)  стандарт ретінде  сақталады . Модулі  осы  типті  адаптерге  қатысты  мүмкіндіктерді  қарастырылады .

TextMode  процедурасы  адаптердің  жұмыс  режимін  анықтайды . Процедура  тақырыбы :

Procedure TextMode (TM :Word );

Мұнда ТМ – мәтіндік  режимнің  коды .   CRT модулінде  оның  негізгі  4  тұрақты мәні бар :

Const

BW40=0; {40×25  ақ-қара  режим}

Co40=1; {40×25   түсті  режим }

BW80=2; {80×25  ақ-қара  режим}

Co80=3;{80×25  түсті режим  }

TextMode  процедурасымен  қойылған  соңғы  режимнің  коды жаһанды  айнымалысында  сақталады . Оны  экранның  бұрынғы  қалпын  қайтару үшін  пайдаланады . TextMode  процедурасын  орындалғанда  экран  тазаланып , оның  бұрынғы  түсі  жойылып және көрсеткіш  экранның  сол  жақ  жоғарғы  бұрышына  қойылады .

TextColor процедурасы  экранда  бейнеленетін  символдың  түсін  анықтайды . Процедура  тақырыбы :

Procedure TextColor  (Color:Byte);

TextBackground  процедурасы  экран  бетінің  түсін  анықтайды . Процедура  тақырыбы :

Procedure TextBackground (Color: Byte );

Мұнда Color –түс коды . CRT  модулінде  оның 17 тұрақты мәні бар .

Сonst

Black  = 0               { қара}

Blue    =  1              {көк}

Green  = 2               {жасыл}

Red     = 4                {қызыл}

Brown  = 6               {қоңыр}

White   = 15              {ақ}

ClrScr  процедурасы  экранды  тазалайды  және  оны TextBackground процедурасы  анықтаған  бет  түсімен  толтырады . Көрсеткіш  экранның  сол  жақ жоғарғы  бұрышына  қойылады .

Window процедурасы мәтіндік  терезені анықтайды . Мәтіндік  терезеде  экранның  барлық  қасиеттері  орындалады . Процедура орындалғанда  терезе  тазаланып , түспен  толтырылады , ал көрсеткіш терезенің сол жақ жоғарғы  бұрышына қойылады . Процедура  тақырыбы :

Procedure Window (x1,y1,x2,y2:Byte);

Мұнда  (х1,у1) – теренің сол жоғарғы , ал (х2,у2) – оң жақ төменгі бұрышының  экрандық координаталары .Процедура орындалғанда  экрандық  координаталары соңғы терезеге қатысты өзгереді . Яғни , терезенің сол жақ жоғарғы бұрышының координаталары  (1,1) , ал оң жақ төменгі бұрышының координаталары (х2-х1,у2-у1) болады . CRT модулінде ең соңғы ашылған терезенің(х1,у1)  координаталары WindMin ал (x2,y2)-WindMin  жаһанды айнымалыларда сақталады .

GotoXY  процедурасы  көрсеткішті  экранның  берілген позициясынна  қояды . Процедура  тақырыбы :

Procedure GotoXY (x,y:Byte);

Мұнда (х ,у) – көрсеткіштердің  жаңа  координаталары . Берілген  координаталар  экранның шекарасынан шығып кеткен жағдайда процедура  орындалмайды .

Where X және Where Y  функциялары  көрсеткіштің ағымдық х және у координаталарын береді .

ClrEOL  процедурасы  экранның  көрсеткіш тұрған  позициясынан бастап жолдың оң жақ бөлігін тазалайды , бірақ көрсеткіштің орны өзгермейді .

DelLine  процедурасы экранның көрсеткіш тұрған жолын тазалайды , төменгі жолдар бір позицияға жоғары көтеріледі .

                                Есеп.

  1. Берілгені:

Экранда  алдымен , ақ түспен «Алгебра»  сөзі  жазылған  жасыл  терезеге  кейін  сары  түспен «Экология»  сөзі жазылған  күлгін терезе шығару  керек .

 

Program Prost 1;

Uses CRT;

Var

ch: char;

begin

TextBackground (2); TextColor (15);

Window (15,5,45,13); ClrScr;

Goto XY(7,5);Write (‘Алгебра’);

Ch:=ReadKey ;

TextBackground(5);TextColor(14);

Window (30,11,62,19) ; ClrScr ;

GotoXY(7,5); Write(‘Экология’);

Ch :=ReadKey;

TextBackground(0); ClrScr ;

End.

Қорытынды

Стандартты Паскальда программаны компиляцияланған бөліктерден құрастыру мүмкіндігі жоқ болған . Сол себепті күрделі программаларды жасақтау мүмкін болмады . Турбо паскальда бұл проблеманы модульдік  принципті  енгізу арқылы оң шешімін тапты . Программалық  модульдер  туралы  және  оларды пайдалану  принциптерін , қысқаша стандартты  модульдердің  қызметін  баяндадым . Соның бірі Graph  модулі  мен  MS-Dos  тақырыптары .

Пайдаланған  әдебиеттер

  1. Нүриденова К.Н. , Омарова Н.Ы. «Паскаль тілінде программалау негіздері »
  2. Мадамбаев , М.Булатұлы «Паскаль тілі бойынша зертханалық практикум »
  3. Дәулетқұлов А.Б. «Паскаль тілінде программалау негіздері »
  4. Рустамов.Н.Т. «Алгоритмдеу негіздері»

ПІКІР ҚАЛДЫРУ