Мұхаммед (с.ғ.с.)пайғамбар қай үй жануарын жақсы көрген?

0
19807

Қара мысық алдыңнан өтсе жолың болмайды» деген ырымның бүгінде маңыздылығы жоғалып, оған сенушілердің қатары да тым сиреп кетті десек қателеспеспіз. Осынау үй жануарын Мұхаммед.) Пайғамбарымыз да ерекше жақсы көрген. Тіпті, мысықты денеңе қойып ұйықтатсаң жүйке ауруларынан арылуға болады деген сенім де бар. Ендеше, мысық несімен ерекше? Ғалымдар жуырда олардың бойындағы қасиеттерді зерттеп көрді, нәтижесін оқи отырыңыздар.

Ең алдымен үйінде мысық асыраған адамдардың денсаулығы өзгелердікімен салыстырғанда жақсырақ болады. Ал, егер үй жануарларына аллергияңыз болса мысық асыраудың қажеттілігі шамалы, ол сіздің денсаулығыңызды одан сайын ауырлата түседі дейді ғалымдар.

Жүрек талмасына шалдыққан науқас мысықты бірнеше минут сипаса, оның қан қысымы қалпына келеді. Сондай-ақ, мысық шаршағанды басып, күйзелістен арылуға көмектеседі.

Мысық үйдегі жағымсыз энергиямен күресіп, үйдің атмосферасын тазартады екен. Қара түсті мысық өзге мысықтарға қарағанда адам бойындағы жағымсыз энергияны өзіне көбірек сіңіріп алады. Ал, ақ түсті мысық адамның жүйке жүйесіне оң әсерін тигізеді. Мысықтың мауығу кезінде шығаратын дыбысы науқасты ультрадыбыспен емдеумен бірдей. Мысықтың дыбысы жараның жазылып, сүйектің өсіп-жетілуіне де әсер етеді дейді ғалымдар.

Жалғыз тұратын жандар үшін мысық — таптырмас ермек, әрі серік. Мысық қожайынына қажет екенін сезсе, оған адал дос бола алады. Ал, сүйкімді мысықтың суретіне қарап отыру жүйкеге тыныштық сыйлайды.

Егер мысық сіздің қай жеріңізге шығып жайғасса, сол жеріңіздің сыр бергені. Егер беліңізді айналсоқтаса, бүйрегіңіз ауырады. Мысық басыңызға жатса, ол гипертония немесе бас ауруының белгісі. Егер мысық сол жақ жауырынға немесе иыққа жатса, онда жүрегіңіздің жұмысы ауытқи бастаған деген сөз.

Тағы да айта кетейік, мысық адамның өзіне деген махаббатын, мейірімін сезсе ғана, емдеу ісіне кіріседі. Оны жақсы көріп сипасаңыз, біраз аурудан арыласыз. Мысықты емдеуге күштеп көндіру мүмкін емес. Өмір бойы үйінде мысық ұстаған адамдар мысық асырамайтын адамдарға қарағанда 10 жыл ұзақ өмір сүретіні ғылымда дәлелденген.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ